Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


ТАҚЫРЫП 7. Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



бет28/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ТАҚЫРЫП 7. Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


ДӘРІС 13-14
1.Жалдаудың түрлері мен олардың жіктелуі.
Жалдау төмендегідей жіктеледі:
егер ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдіретін болса;
егер ол активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдірсе, операциялық жалдау.
Жалдауды қаржылық немесе операциялық ретінде жіктеу көп жағдайда операцияның мазмұнына, шарттың талаптарына байланысты болады және жалдаудың басталған күніне жүргізіледі.
Жалдау шартының басталуы – жалдау туралы шартты жасау немесе тараптардың негізгі жалдау шарттарына қатысты міндеттемелер қабылдауының неғұрлым ерте күні.
Жеке немесе жиынтықта әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге алып келетін жағдайларға мыналар жатқызылады:
жалдау шарты жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығын жалға алушыға беруді көздейді;
жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
жалдау мерзімі меншік құқығын беру болмаған кезде де, активтің экономикалық қызмет мерзімін елеулі бөлігіне қолданылады;
жалдау қарым-қатынастарының басталу күніне келтірілген ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құны жалдау мәні болып табылатын активтің әділ құнына іс жүзінде тең;
жалға берілген активтердің маманданған сипаты бар, оларды жалдаушы ғана елеулі өзгертусіз пайдалана алады.
Мемлекеттік мекеме мыналарды:
пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдауды;
кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдерді қоспағанда барлық жалдау түрлерін есепке алу үшін осы бөлімнің ережелерін қолданады.
Осы бөлімнің ережелері мыналарды:
жалға алушының иелігіндегі және инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде ескерілетін жылжымайтын мүлікті;
жалға берушінің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлкін;
жалға алушылардың қаржылық жалдау шарттарында қолда бар биологиялық активтерін;
жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді бағалау үшін негіз ретінде қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет