Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет23/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

3.Бюджеттің атқарылуы


Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, уәкілетті органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.
Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит жеткізгіштерде беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім жасасады.


4.Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары


Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған;
10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);
11) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді жұмсаумен;
12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;
13) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);
15) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
республикалық бюджеттің ҚБШ;
-облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
- аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ҚБШ;
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ҚБШ.
Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет