Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Бағалау міндеттемелерін, шарты міндеттемелерді және шартты активтерді анықтау



бет31/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
5.Бағалау міндеттемелерін, шарты міндеттемелерді және шартты активтерді анықтау.
Активтердің амортизациясы, құнсыздануы және күмәнді қарыздар бағалау міндеттемелеріне жатпайды, бұл баптар активтердің баланстық құнының түзетілімі болып саналады және бұл бөлімде қарастырылмайды.
Мемлекеттік мекеменің бағалау мiндеттемелерін есепке алуға арналған шоттар:
3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;
3320 «Қысқа мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері»;
4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;
4220 «Ұзақ мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері».


6.Бағалау міндеттемелері: танылуы және бағалануы.
Бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда танылады:
мемлекеттік мекеменің қандай да бір өткен оқиға бойынша туған міндеттемесі бар (заңды немесе тәжірибеден туындайтын);
міндеттемені реттеу үшін экономикалық тиімділігі бар қорларды шығару қажет деп тану ықтималдығы бар; және міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалауын келтіруге болады.
Егер бұл шарттар орындалмаса, онда бағалау мiндеттемелері танылмауы тиіс.
Заңды мiндеттеме әдетте шарт немесе заңнама әсерiнiң нәтижесiнде пайда болады.
Бухгалтерлік есепте бағалау міндеттемесін таныған кезде мынадай тізбек беріледі: 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері», 4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» шотының кредиті.
Бағалау міндеттемесі ретінде танылған сома есепті күнге ағымдық міндеттемені өтеуге қажет шығындардың ең жоғары есептік бағасы ретінде болуы тиіс.
Ағымдағы міндеттемені өтеуге қажет шығындардың ең жоғары есептік бағасы – бұл субъекті есепті күнге міндеттемені өтеу үшін төлеуі немесе үшінші тарапқа аударуы мүмкін сома.
Бағалау міндеттемесін өтеуге қажет кейбір немесе барлық шығындарды басқа тараптың өтеуі күтілген жағдайда өтем субъект міндеттемені өтегенде, өтемнің алынуы анық болған жағдайда ғана танылуы тиіс. Өтем жеке актив ретінде есептелуі тиіс. Өтемге байланысты танылған сома бағалау міндеттемесінің сомасынан аспауы тиіс.
Қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есепте бағалау міндеттемесіне жатқызылған шығысты өтеуге қатысты танылған соманы шегере отырып ұсынуға болады.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Бағалау міндеттемелері жыл соңында қайта қаралуы және ағымдағы ең жоғары есеп бағасын көрсету үшін түзеліп отыруы тиіс. Егер мiндеттеменi өтеу үшін экономикалық пайдаларды немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығуын талап ету ықтималдығы жоқ болса, онда бағалау мiндеттемелері жойылуы тиіс.
Бағалау міндеттемесі бойынша есептелген резервті жойған кезде мынадай тізбек беріледі: 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Бағалау мiндеттемесіне қарсы бастапқыда оларға қатысты құрылған шығындар ғана есептеледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
. Әйтеуір бір өтелетін шығындар бойынша бағалау міндеттемелері танылмайды, өйткені қаржылық есептілік болашақтағы мүмкін жағдайды емес, есеп кезеңінің соңындағы жағдайды көрсетеді.
Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау міндеттемелерінің туындауы бойынша түрлі ахуалдардың үлгілері берілген.
Мемлекеттік мекеме шартты міндеттемені мойындамайды, экономикалық пайдасы бар ресурстардың шығып қалуы алыс болып табылған жағдайлардан басқа жағдайларда, қаржылық есептіліктің түсініктеме жазбасындағы шартты міндеттемені ашады.
Шартты активтер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені бұл мүмкін ешқашан алынбайтын кірісті тануға әкелуі мүмкін. Мемлекеттік мекеме шартты активтер туралы ақпаратты қаржылық есептіліктің түсініктеме жазбасында ұсынады.
Егер мемлекеттік мекемеге экономикалық пайдалар түседі деген ықтималдық болса, шартты активті ашылуы тиіс. Егер кірісті сату шынымен анықталса, онда тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны тану қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың қағидаттарына сәйкес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет