Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 6. Мемлекеттік кірістер департаментінде оперативтік-бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



бет24/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Тақырып 6. Мемлекеттік кірістер департаментінде оперативтік-бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.Алғашқы құжаттар және олардың мазмұны.
Операция мен оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген алғашқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады.
Алғашқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау кезінде жасалуы тиіс, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс.
Алғашқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі.
Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы тиіс:
құжаттың атауы (нысандар);
жасау күні;
ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні;
операция немесе оқиға мазмұны;
операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);
операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН).
Алғашқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген алғашқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілеуі тиіс.
Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлiк есептiлiк тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындауы тиiс.
Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі мүмкін:
құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.
Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болуы тиіс.
Алғашқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық мәліметтерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.
Алғашқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу «Түзетілді» деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс.
Кассалық және банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Есепке алу тіркелімдерінде жазбалар үшін негіз болып қызмет ететін құжаттар бас бухгалтер белгілеген және мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен мерзімде бухгалтерлік қызметке беріледі.
Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес құжаттарды беруді тізілімге алу кезінде (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуында ұсынылған алғашқы құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы өткізілгеннен кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші дана бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.
Ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен Нысандар альбомының 321-нысаны бойынша толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2013 № 481 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да (алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет