Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Қаржылық есептілік элементтері мен сапалық қағидатына сипаттама



бет27/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
4. Қаржылық есептілік элементтері мен сапалық қағидатына сипаттама.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай- ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу- хау”, гудвилл және т.б.); сондай- ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.) бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір- бірімен тұспа- тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім- шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай- ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, тартылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру- шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай- ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай- ақ тауарлы- материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет