7.1. Теңдеулерге берілген тақырыптық тесттер
=0 берілген неге тең?
А) 22В) 28 С) 26 Д) 24 Е) 30
2. Теңдеуді шешіңіз:
=1-(1-(2-(3-(4-(5-6)))))
А) -4 В) -5 С) 2 Д) 4 Е) 8
3. 1 килограмы а тг-ден 4 кг пияздың, 1 килограмы в тг-ден 8кг сәбіз және 1 килограмы с тг-ден 2 кг картоптың құны неше теңге болса, 5 кг капуста құны сонша теңге. 1 килограмм капуста бағасының әріпті өрнек түрі.
А) 1,5а+2в+3с В) 0,4а+0,6в+0,8с С) 0,6а+0,8в+0,5с Д)0,8а+0,6в+0,4с Е) 0,8а+0,6в-0,4с
4. Кемеде 2 және 3 орынды орындықтар бар. Кемедегі 25 орындыққа 60 адам отырғанда бос орын қалмады. Кемеде неше үш орынды орындық бар екенін табыңыз.
А) 16 В) 12 С) 20 Д) 10 Е) 14
5. Егер d-k=4 және d2-k2=32 болса, онда d мен k мәндерін табыңдар.
А) d=2; k=4 В) d=6; k=4С) d=6; k=2 Д)d=8; k=4 Е) d=5; k=1
6. Массасы 150 г, концентрациясы 40% ас содасы дайындалған. Оған қанша су қосқанда концентрациясы 15% ас содасының ерітіндісі алынады?
А) 350 гВ) 250г С) 160 г Д) 200 г Е) 150
7. 120г шайдың құрамында сүттің концентрациясы 5%. Егер шайға тағы 30 г сүт қоссақ, шыққан шайдағы сүттің концентрациясы неше % болады?
А) 10% В) 12% С) 15% Д) 20% Е) 24%
8. Квадрат пен теңқабырғалы үшбұрыштың әрқайсысы бірдей n дөңгелектермен толтырылған (көршілес дөңгелектер өзара жанасқан). Егер үшбұрыштың ішінде 625 дөңгелек бар болса, онда квадраттың бір ғана қабырғасымен неше дөңгелек жанасып тұр?
A) 24 B) 25 C) 50 D) 23 E) 45
9. Жолдасымыз екеуіміз асық ойнай бастағанымызда асықтарымыздың саны бірдей болды. Бірінші ойында мен 20 асық ұттым. Екінші ойында қолымда бар асықтың үштен екі бөлігін ұтылдым. Сонда менде қалған асықтар саны жолдасымдікінен төрт есе кем болды. Ойынды мен қанша асықпен аяқтадым?
A) 60 B) 160 C) 100D) 40E) 120
10. Теннис турниріне 10 теннисші қатысты. Бірінші айналымда ойнау үшін оларды жұпқа бөлудің неше нұсқасы бар?
A) 36 B) 40 C) 90 D) 72 E) 45
11. Аңшы оқтарын бес қалтасына,әр қалтада бірден кем емес, бестен артық емес және кезкелген екі қалтадағы оқтар саны тең емес болатындай етіп салды. Аңшыда барлығы неше оқ болғанын тап.
A) 10 B) 30 C) 20 D) 12 E) 15
12. Атасы, баласы және немересі үшеуі балық аулауға шықты. Баласы немересінен 2 есе көп, атасы баласынан 3 есе көп балық аулады. Олар барлығы 27 балық ұстаған болса, немересі қанша балық ұстағанын табыңыз.
A) 3B) 4 C) 6 D) 8 E) 7
13. Алғашқыда бірінші қоймада 184 қап, екінші қоймада 208 қап ұн болды. Күн сайын бірінші қоймадан 8, ал екіншіден 11 қап ұн алып отырған болса, неше күннен кейін екі қоймада қалған ұнның мөлшері тең болады?
A) 5 B) 9 C) 6 D) 8E) 7
14. Бір бай жұмыскеріне 30 күндік еңбегіне 90000 теңге және шапан беруге уәде берді. Үш күннен кейін жұмыскер жұмыстан шығып кетіп еңбек жасаған уақытына шапан алды. Шапанның құнын анықтаңыз.
A) 30000 тг B) 10000 тгC) 45000 тг D) 15000 тг E) 1000 тг
15. Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 100000 теңге алу керек болатын. Бірақ ол жеті айдан кейін жұмысты істегісі келмей, жұмыстан кетеді. Өзімен бір жылқы және 20000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
A) 80000 тг B) 92000 тгC) 100000 тг D) 70000 тг E) 20000 тг
16. Нұржан, Қайрат, Ардақ және Бауыржан серуендеуге шықты. Нұржанда 2 тәтті нан, Қайратта 3 тәтті нан, Ардақта 3 тәтті нан бар. Бауыржанда 4 пошта маркасы болды. Балалар барлық тәтті нандарды тең бөліп жеді. Бауыржан достарынан алған нандарының санына қарай оларға маркаларын бөліп берді. Қайрат неше марка алды?
A) 1 B) 1,2 C) 1,5D) 2E) 2,5
17. Алмадан өрік төрт есе жеңіл, шабдалы 2 есе жеңіл. Алманың массасы өрік пен шабдалының массаларының қосындысынан 50 г ауыр. Алманың массасын табыңыз.
A) 150 г B) 180 г C) 200 D) 240 г E) 250 г
18. Таразының бір басында үш қалта қызанақ және әрқайсысы 2 кг болатын екі гир тасы бар, ал екінші басында осындай төрт қалта қызанақ және 1 кг болатын бір гир тасы жатыр. Егер таразы басы тең болып тұрған болса, онда бір қалта қызанақтың салмағын анықтаңыз.
A) 5 кгB) 3 кг C) 4 кг D) 1 кг E) 2 кг
19. Қойлар мен тауықтардың бастарының саны 17, ал аяқтарының саны 44. Қанша қой бар?
А) 5B) 2 C) 4 D) 3 E) 7
20. Бақта тауықтар және қояндар тұрады. Барлық жануарлардың бастарының саны 50-ге тең, ал аяқтар саны –160. Бақта қанша тауық бар?
А) 15 B) 20C) 21 D) 24 E) 30
Достарыңызбен бөлісу: |