Тургунов Уразбай Куримбаевич


Математикалық сауаттылықтан түрлі тақырыптағы есептерге арналған тесттер



бет18/19
Дата22.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#26073
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
8.1. Математикалық сауаттылықтан түрлі тақырыптағы есептерге арналған тесттер

  1. Әкесі үш ұлына мұраға 2 үйді қалдырып, оны тең бөліп алуды тапсырады. 2 үйді үлкен ұлымен ортаншы ұлы алып, ең кіші ұлына олардың әрқайсысы 500динардан ақша береді. Үйдің бағасы неше динар тұрады?

А) 1500 В) 1200 С) 1000 Д) 500 Е) 300

2. Үш жұмыскер жерді 3 сағат ішінде 3 шұңқыр қазады, ал алты жұмыскер 5 сағат ішінде қанша шұңқыр қазады?

А) 12 В) 10 С) 8 Д) 6 Е) 5

3. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

А) 96 В) 100 С) 105 Д) 115 Е) 120

4. Үш балықшы бірнеше балық аулады. Бірінші балықшы барлық аулаған балықтардан біреуін лақтырып тастап қалғанының бөлігін алды. Екінші балықшы осыдан қалған балықтардың біреуін лақтырып тастап қалғанының бөлігін алды. Үшінші балықшыда дәл солай жасағанда шелекте 4 балық қалды. Бастапқыда барлығы неше балық аулаған?

А) 40В) 39 С) 46 Д) 37 Е) 8

5. Көктемгі демалыста 7 рет жаңбыр жауды. Егер жауын азанда жауса, күндіз күн ашық болды. Ал жаңбыр күндіз жауған күндері азанда күн ашық болды. Демалыста жалпы күн азанда-5, күндіз-6 рет ашық болса, демалыс қанша күнге созылған?

A) 7 B) 8 C) 9 D) 10 E) 11

6. 4921508 санында кейбір цифрларды өшіргенде ең кіші үш таңбалы сан шығуы тиіс. Өшіруге болатын төрт цифрды көрсетіңіз. (Берілген сандағы цифрлар реті өзгермейді)

A) 1, 5, 0, 8 B) 4, 9, 2, 5 C) 4, 2, 1, 0 D) 4, 9, 5 8 E) 4, 9, 2, 1

7. Санды 2-ге бөлгенде 1 қалдық, ал 3-ке бөлгенде 2 қалдық қалды. Осы санды 6-ға бөлгенде неше қалдық қалады?

A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5

8. 1-ден бастап 111 ге дейінгі барлық 9-ға бөлінетін сандардың қосындысын табыңыз?

A) 699 B) 700 C) 701 D) 702E) 704

9. Тақтада тізбектес 6 натурал сан жазылған. Олардың ішінен біреуін өшіріп, қалғандарын қоссақ, 133 саны шығады. Қай сан өшірілген?

A) 25 B) 26C) 27 D) 28 E) 29

10. Алматы станциясынан бір күнде шыққан үш пойыздың біреуі 4 күнде, екіншісі 6 күнде, үшіншісі 3 күнде қайтып оралады. Алматы станциясында неше күн сайын пойыздардың үшеуі де кездесіп отырады?

А) 35 күн В) 30 күн С) 15 күн D) 25 күн E) 12күн

11. Алматы станциясынан бір күнде шыққан үш пойыздың біреуі 3 күнде, екіншісі 6 күнде, үшіншісі 5 күнде қайтып оралады. Алматы станциясында неше күн сайын пойыздардың үшеуі де кездесіп отырады?

А) 35 үн В) 30 күн С) 15 күн D) 25 күн E) 12күн

12. Түзу бойымен қағылған телеграф бағандарының алғашқы арақашықтығы

60 м болды. Осы бағандар орнына арақашықтығы 50 м жаңа бағандар қағылды. Соңғы екі шеткі бағандар алғашқы бағандардың орындарына түсті. Екі шеткі бағандар орындарын қоса есептегенде, соңғы бағандар 41 рет алғашқы бағандар орнына түсті. Екі шеткі бағандардың арақашықтығы неше км?

А) 6 км В) 8 км С) 9 км D) 12км E) 15км

13. Оқушы үш таңбалы санды қосқанда мынандай қате жіберді: бірінші санның жүздігіндегі 9 цифрын 3 деп ойлап, екінші санның ондығындағы 3 цифрын 9 деп шатастырып, нәтижесінде 903 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәні қанша?

А) 1443 В) 309 С) 849 D) 363 E) 1497

14. Егер сағат тілі әр күн сайын 3 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?

A) 100 B) 120 C) 60D) 240 E) 360

15. Қандай да бір айда үш жексенбі жұп сандарға сәйкес келді. Осы айдың 20-сы аптаның қандай күні болады?

A) сейсенбі B) бейсенбіC) сәрсенбі D) дүйсенбі E) сенбі

16. Үш сейсенбі күні бір айдың тақ күндеріне сәйкес келсе, сол айдың 21-і аптаның қай күні болады?

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма E) Сенбі

17. Сәуір айында 5 сенбі және 5 жексенбі бар екені белгілі болса, 1 сәуір аптаның қай күніне сәйкес келеді?

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма E) Сенбі

18. Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52-ші күн болса, Мараттың туған күні аптаның қай күніне сәйкес келетінін анықтаңыз.

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Дүйсенбі E) Жұма

19. Қарауыл 3 күн істеп ,төртінші күні демалады . Ол жексенбі демалып , дүйсенбі де жұмысын бастайды . Оның демалысы қанша күнде бір жексенбіге сәйкес келеді ?

A) 21 B) 25C) 28D) 30 E)35

20. Уақыт 17:30-да сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш қаншаға тең?

A) 10° B)15° C) 25° D) 30° E) 40°





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет