Туризм дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) оныншы бөлігін қамтамасыздандыра отырып, дүниежүзілік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Экономиканың бұл саласы жылдам қарқынмен дамуда және жақын жылдары оның ең маңызды секторына айналады.
90-шы жылдардың басында туризм үлесі тауарлар мен қызметтердің дүниежүзілік саудасының 10 % астамын құрады, сөйтіп оның мұнай мен автомлбиль экспортынан кейінгі үшінші орынды алуына мүмкіндік берді, ал 2006 жылға туризм бірінші орынға шығуы керек.
Туризм халықтың жұмыспен қамтылуына күшті әсерін тигізеді. Мамандардың бағалауы бойынша, қазіргі кезде 100 млн. адам индустрияда жұмыс істеуде, ал 2006 жылы дүниежүзіндегі әрбір сегізінші еңбекке қабілетті адам экономиканың осы секторында жұмыс істейтін болады. Туризм индустриясы – еңбек сыйымдылықты процесс, сондықтан онда негізінен біліксіз жұмыскерлер істейді. Дегенмен бұл туризм саласында білікті еңбек қолданбайды деген сөз емес. Бұл салада жаңа жұмыс орындары географиялық жоспарда экономиканың басқа дамушы секторларына қарағанда кеңірек таралады.
Қазақстанда әзірше туризм және сонымен байланысты экскурсиялық қызметтер өте төменгі деңгейде. Сондықтан туризмнің даму проблемасына бұл жерде үлкен көңіл бөлу керек, ол ең ақырында, экономиканың осы саласы үшін сипатты жоғары табыстармен қайтарылады.
Жұмыста жүргізілген, туризмнің пайда болу және даму себептерін жан – жақты талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
Туризмнің көлемі мен құрылымына ықпал ететін әртүрлі себептерді екі топқа бірлестіруге болады: объективті және субъективті. Объективті себептерге табыстың өсуі, әл-ауқат, төлемді демалыстарды енгізу, бос уақыттарды көбейту және т.б. сияқты әлеуметтік-экономикалық факторлар жатқызылады. Субъективті факторларға мемлекеттік органдардың және үкіметтің, халықаралық ұйымдардың мақсатты бағыттағы саясатын жатқызуға болады.
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде, туризм саласында түбірлі институционалдық және сапалық өзгерістер өтті. Нарықты экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындарды акционерлік, жеке және біріккен кәсіпорындарға түрлендіру, соның нәтижесінде Қазақстанның бәсекелесті туристік өнімін қалыптастыру.
Қазақстан аймақтарын рекреациондық аудандастыру туризмді сапарлар мақсаты бойынша қайта құрылымдауға мүмкіндік береді. Кіру туризмін дамыту үшін басымдықты болып, территориялар мен оның аттрактивтік құнын ескерумен, таулы, танымды және рекреациондық туризм табылады. Қазақстанның түрлерін көрсету құрылымында ары қарай кеңейту және қызмет істеуі үшін мүмкіндікті болатын: арнайыландырған аңшылық, шытырманды туризм, караванинг, этникалық, ностальгиялық, діни және жастар туризмі.
Шетелдер тәжірибесі көрсеткендей туризм аясындағы дұрыс есептелген мемлекеттік саясат оның пайдалылығын қамтамасыз ете алады және әлеуметтік – экономикалық дамудың кейбір проблемаларын шешуге көмектеседі. Қымбат және арзан орналасу құралдарын ұштастырып шетелдік туризм үшін қамтамасыз етуді бағыттау және ынталандыру кезінде турөнімді жасау Қазақстан Республикасындағы кіру туризмін дамытуға мүмкіндік береді, демеуқаржылар, пайызсыз қарыздар мен несиелер беру қажет, оның ішінде валютамен, оны елдің мамандандырылуының негізгі түрлерінің біріне айналдыра отырып, халықаралық туризмнің сапалы дамуы үшін икемді салық саясатын енгізу.
Монополистердің туристік фирмаларының қызметінің тиімділігінің көрсеткіштері, шоп – турларға мамандандырылған шағын фирмалардікіне қарағанда төмен. Сонымен қатар ірі туристік фирмалар белгілі бір басымдыққа ие: майда фирмалармен салыстыру бойынша олардың тіршілік қабілеттіліктері жоғары, бәсекелестікке аз душар болады.
Экономикалық дағдарыс, орнықтырылған экономикалық және саудалық байланыстырдың бұзылуы, жұмыссыздықтың жоғарылауы жағдайларындада туристік өнімнен бас тарту болған жоқ және тур қызметтің көлемі төмендеген жоқ, бірақ туризмнің құрылымдық қайта құруы жоспарланды – қызметтің жалпы көлемінде шопинг үлесі артты, барынша үнемді турларға сұраным ұлғайды.
Туристік фирмалардың залалдықсыздығын талдау, қызметтің қосарланған және өзара байланысты аясындағы туристік қызметтің интеграциясы фирманың тәуекелдігін төмендетуге мүмкіндік береді, тиімділіктің көрсеткіштерін жақсартады.
Бар рекреациондық ресурстар мен олардың максимал жүктелуін есептеу негізінде, туризм бойынша “Национальной программой развития индустрии туризма” сәйкес болжалды көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Рекреациялық аймақтар мен ландшафтарды туристерді жоспарлау және болжалдау кезіндегі бұзылудан қорғау басымдылығы анықталды.
Туристік қызметтерді инвестициялау қажеттігі негізделді, оларды қолданудың барынша қолайлы жолдары анықталды, туризм үшін қолайлы мультипликациялық эффектінің есептелу әдістемесі көрсетілді.
Келтірілген қорытындылар негізінде туризм саласындағы жұмысқа бірқатар түрлендірілулер ұсынылды, олар туристік фирмалардың қызметін жақсартуға және туристік қызметтің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған:
Ірі туристік фирмалардың бірін шетелдік контраганттермен шарт жасасу кезінде орталық агент ретінде қолдану, трансакциялық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді және соған сәйкес фирмалар қызметін оптималдауға (үйлестіруге), туристік қызмет бағасын төмендетуге, пайда мен пайдалылықты жоғарылатыға мүмкіндік береді.
Залалсыз фирмаларды талдаудың есептеу әдістемесін қолданудың мәнділігі мен тиімділігі жоғарылайды, бұл микродеңгейде туристік ұйымдардың қызметінің қаржылық нәтижесіне қызмет өндірісі көлемінің ықпалын анықтайды. Әсіресе, айта кететін жай, өндірістің көлемінің өзгеруі жиынтық шығындарды, өткізімнен түскен ақша мен пайданы балама таңдауды береді.
Кіру туризмінің басымдылықты дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың қажеттігі негізделеді. Осы мақсатта, «А» категориялы лицензиялары бар шетелдік туристерді қабылдаумен айналысатын туристік фирмалар үшін жеңілдікті шарттарды қолдануға болады. Ол, туристердің негізгі ағымы жоспарланатын региондарда туризм инфра құрылымының құрылысымен айналысып жатқан берілген фирмалар мен ұйымдарды қаражаттандыру және жеңілдікті несиелер беру, бірінші жылдары қосынды пайдадан салық алмау түріндегі жеңілдіктер.
Туристік сапарларды сатып алуға ықпал ететін факторлар мен туристердің артықшылық беруін анықтауға мүмкіндік беретін, сапарлар уәжі бойынша туризм аясында тұтынушылардың саралануы жүргізілді.
Он екі әлеуметтік – тұтынушылық топтар қимасында қажетсінудің социологиялық зерттеулерге негізделген, туристік қызметтерге сұранымды зерттеудің жаңа әдісі ұсынылған. Бұл әдістеме туризм саласында оның даму тұжырымдамасын әзірлеу үшін, сонымен қатар туристік фирмалар үшін – стратегиялық бағыттарды анықтау мақсатында қолданыла алады.