Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі бет


Кесте 7 Қазақстан Республикасында туристердің кіру және шығу құрылымы



бет7/15
Дата15.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Дип.-«ЯССАУИ»-ТУРФИРМАСЫНЫҢ-МАРКЕТИНГТІК-ҚЫЗМЕТІ

Кесте 7

Қазақстан Республикасында туристердің кіру және шығу құрылымы





Елдер атауы

1998 жыл, кірушілердің жалпы санынан, %

1999 жыл, кірушілердің жалпы санынан, %

2003 жыл











Шығушылар
дың жалпы санынан, %

Кірушілердің жалпы санынан, %

Германия

23,9

11,12

18,1

43

Ресей

19,4

47,28

0,87

10,5

Түркия

12,6

3,79

25,6

5,5

АҚШ

11,6

9,88

0,15

4,5

Жапония




3,6




4,2

Қытай




2,56

21,2

2,9

Франция




2,25

0,56

2,3

БАЭ







18

0,2



Қазақстандағы туристердің негізгі ағыны Ресейден екені байқалады, бұл рекреациялық аспектілермен емес, «желқайық бизнесімен» байланысты. Үлкен меншікті салмақ Германиядан кіру туризміне келеді, бұл сапарлардың негізінен этникалық және істік сипаттарын болжайды. Қазақстандықтарда Түркияға, БАЭ, Қытайға шопинг-сапарларға бару басымдырақ. Қазақстандық туристердің ағымының жоғарылауы автомобилдік туризммен, жәнеде шетелдегі туыстарына қыдырып барумен байланысты.
“Яссауи” компаниясы рыногінің саралануының келесі критериясы өзіне келесі параметрлерді кіргізетін, әлеуметтік-демографиялық болып табылады.
Әлуеттік туристер массасының мінездемелері мен саяхаттауға қатынасы бойынша жеке қабаттарға бөлінуі рыноктың психологиялық факторлары негізінде саралануы болып табылады.
Психологиялық критериялардың негізгі параметрлері болып табылатындар: уәж, сапарлар, турист типі, мерзімдік, сапар пішіні, қолданылатын көлік құралдары, пайдаланылатын орналасу құралдары, сапардың ұзақтығы, сапарды қаржыландыру көздері.
Туристік бизнесте турөнімді өткізудің каналдар жүйесі үлкен роль атқарады. Өткізілім желісі көтерме фирмаларға (туроператорлар) және бөлшекті фирмаларға (тураганттер) бөлінеді.
Динамикадағы өткізімнің каналдар құрылымы статикалық болмайды, өзгерістер белгілі бір факторлар ықпалымен жүреді. “Яссауи” компаниясында монополияның пайда болуына әкелетін, капиталдардың шоғырлану процесі байқалады. Мысалы, Қазақстан Республикасында кейбір майда туристік фирмалар бәсекелестікке шыдай алмайды, және бұл кезде ірі туроператорлар соңғы бес жылда өз қызметтерінің көлемі мен масштабын жоғарылатты.
Кесте 8
Қазақстан рыногінде өткізілген, әртүрлі типті сапарлар саны және сатудың жалпы көлеміндегі туроператорлар үлесі

Туроператорлар

2002ж., сапарлар саны

Үлес, %

2003ж., сапарлар саны

Үлес, %

Яссауи

14776

2,1

16547

2.6

Гиацинт

8270

1.2

25534

3.8

Жаңа-Арқа

15397

2.2

32388

5,7

Квадротур

20394

2.9

26340

4.3

Спутник Казахстана

10395

1.5

16254

2.5

Туроператорлар бойынша барлығы

64232

9.9

117063

18.0

Қазақстан бойынша барлығы

700500

100

650218:

100

Шоғырлану дәрежесінің соншалықты жоғары болмағанына қарамастан, ірі туроператорлармен сату көлемінің жоғарылау беталысы байқалады, тек қана соңғы екі жылда, 2003 жылы Қазақстанмен барлық сатылған турлардың 18 % құрап, екі есеге дерлік артты.


Бұл беталыстың ары қарай дамуы, өткізу жүйесінің одан үлкен мамандануына және туристік өнімдерді ұйымдастыру мен сатудағы ірі туроператорлардың үлесінің артуына әкеледі.
Фирмалардың мамандануға беталысы күшеюде, ұсынылатын турлар спектрі кеңеюде және өткізімнің ары қарай интегралдануы өтуде. Ұлттық рыноктарда беріктенген, туроператорлар стратегиясы басқа елдерде өзінің филиалдарын ашуға бағытталуы керек.
Маркетингтегі өзекті кезеңдердің бірі жарнама болып табылады. Туристік салады жарнама белгілі бір өздік ерекшелікте болады. Бәрінен бұрын жарнама кешенді болуы керек және екі элементтен тұруы керек: бірінші элемент турөнімнің туристік рынокқа жылжытылуына бағытталады, жарнаманың екінші элементі мүдделердің қалыптасуына және елге деген қолайлы қатынасты жасауға (халықаралық туризм объектілері) бағытталуды болжайды.
Шетелдегі ұлттық туристік ұйымдар туристік жарнамаларға шетелдік туризм табысының жалпы сомасының 0,02 %-тен 0,25 % дейінгі мөлшерін жұмсайды. Қазақстанда туризм аясындағы жарнамалық қызметті жандандыру қолға алынуда, ол елдің оң имиджін жасайды. Бұл шараларға республиканың Жібек жолы бойынша халықаралық форумдарға қатысуын жатқызуға болады: Сиан қаласында, Нара қаласында (Жапония), Бали аралында (Индонезия) өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәжілісіне қатысуы. Қазақстан дүниежүзіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі – Халықаралық туристік биржа- 1ТВ-97 қатысты. Жәрмеңке кезінде Қазақстан 200 ден аса, туризм аясындағы ынтымақтастық туралы, шарттарға қол қойды. Бұл акция мемлекеттер арасындағы туристік алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.
Саралаудың бірінші принципі – тапсырыскерлердің сапар мақсаты негізінде. Сапар мақсатына тәуелді сапарлардың келесі негізгі категорияларын бөлуге болады: істік, рекреациялық, релаксациялық, экскурсиялық, этникалық, діни, коммерциялық және басқалары.
“Яссауи” фирмасының талдауы бойынша, айына бір тұтынушыға келетін табысы бойынша тұтынушылар тобын, анықталған табыс деңгейі бар 4 категорияға бөлуге болады.
Компанияның сауалдамасының көрсетуі бойынша, туристердің басым көпшілігінің табысы 15 -тен 45 мың тенгеге дейін. Бұл категория, соншалықты қымбат емес, Қазақстан шеңберіндегі және Ыстық көлге сапарларға шыға алады. Құны бойынша орташа және қымбат тұратын сапарларға тұтынушылардың 3,6 % ғана шыға алады.
Әлуеттік туристер массасының мінездемелері мен саяхаттауға қатынасы бойынша жеке қабаттарға бөлінуі рыноктың психологиялық факторлары негізінде саралануы болып табылады. Көңіл аударуға тәуелді, мысалы, белсенді демалыс немесе керісінше немқұрайлы демалысқа, белгілі өмір стилі түзеледі. Сапарларды сатып алу уәждері әлуеттік тұтынушылардың өмір сүру стилі мен кескініне байланысты.
Сапарлар уәждемесіндегі ең үлкен меншікті салмақ саяхаттау немесе танымның объектісіне келеді, екінші орында демалыс пайдасына аргументтеу. Туристердің 18,2 % негізгі уәж ретінде саяхаттың пайдалылығын тартатыныда маңызды фактор болып табылады, яғни әлеуметтік-этикалық маркетингтің талаптары қойылады.
Идеал жағдайда әрбір тапсырыскер тек соған арналған қызметтер мен өнімдердің кешенін алуы керек. Осы идеалға жақындау үшін, туризмде экономиканың басқа салаларына қарағанда үлкен мүмкіндіктер бар, әрине егер тұтынушы сәйкес бағаны төлеуге дайын болса.
Маркетингілік талдау тұтынушылық беталысының ерекшеліктерін, экономикалық, демографиялық факторлардың туризм рыногіндегі ықпалын, туристік рыноктың саралану ерекшеліктерін көрсетті. Тауарлық маркетингтің диффузиялық моделінқолдану ұсынылды және туризмнің негізгі түрлері бойынша сауалдаманың эксперттік парақтары әзірленді. Туристік маркетинг қазіргі кезеңде ерекше маңыздылыққа ие болуда, бұл бәсекелестіктің өсуімен және туристік фирмалардың дамудың жаңа жолдарын іздеуімен байланысты.
Қазақстанда туристік рыноктың нашар дамуына байланысты, экономиканың бұл секторындағы негізгі бизнес, Қазақстанның туристік фирмаларының шетелдіктердің туристік мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Негізінен, қазақстандықтар теңізді елдердің турларын көбірек қажетсінеді – БАЭ, Түркия, Таиланд, сирегірек басқа елдер.
Сонымен қатар, Қазақстан бойынша турлар пайда болады, таяу шетелдердегі туризм қайта қалпына келтіріледі, ең алдымен Мәскеуге, Санкт-Петербургқа, Киевке.
Бәсекелестік жағдайлардың күшейген кезінде, Қазақстандағы туристік фирмалардың саны 100 бірліктен асқан кезде, туристік қызмет рыногіндегі фирмалар үлесін арттыру бойынша барлық бар мүмкіндіктерді қолдану қажет.
Әсіресе біздің фирма үшін маңызды мерзімдер аралығындағы кезеңге экономикалық тұрғыдан төтеп беру, қыс айларын, бұл кезде туристер ағыны көп төмендейді, жәнеде туристердің аз саны, ереже бойынша, “Гиацинт”, “Яссауи”, “Жаңа-Жол”, «Жібек Жолы”, “Гульнар-Тур” сияқты турфирмалармен қызмет көрсетіледі жәнеде туристерді тарту үшін, қосымша жеңілдіктер мен арзандатулар енгізуге жеткілікті қаражаты бар кейбір басқа туристік фирмалар.
Біз қарастырып отырған фирма, жүзіндіде орын алу үшін, біздің ойымызша, алғы шептегі туристік фирмалардың бірімен қарым-қатынаста болып және өзінің қызметін біріге жүргізуі керек. Яғни, сол фирмаға қосымша туристерді тартуға көмектесіп, соған алмастырылым ретінде біздің фирма үшін соңғы қосымша жеңілдіктерді алуы керек. Мысалы, турфирма “Гульнар-Тур” әуе билеттерін барлық бағыт бойынша сатуға құқығы бар және олардың турфирмаларына туристерді тартуға алмастыру ретінде, біздің фирма үшін әуе билеттеріне жеңілдіктер бере алады.
Одан өзге, тапсырыскерлерге қызмет көрсету сапасын күрт жақсарту қажет. Көп жағдайда келесідей көрініс орын алады: туристік фирма турға жолдаманы сатып, ақшасын алған соң, туристердің аттану проблемаларын, барған елде орналасуын, олардың көңіл көтеруі және т.б. шараларды өз бетіне жібереді, өзінің тапсырыскерлеріне сапалы қызмет көрсетілуін қадағаламайды. Көп жағдайда бұл, өзуақытында орналастырылмауы, жүйкелендіру мен басқа қателіктер саладарынан, турлардың элементарлық олқылығына, өте жаман қызмет көрсетуге, кейде тапсырыскерлердің демалыс күндерін жоғалтуына әкеледі. Осындай қателіктерден соң турист бұл фирмаға кезекті демалысында келе қоймайтын шығар.
Яғни, туристік фирма туризм рыногінде тұрақталып қалғысы келсе, оның қызмет көрсету сапасы жоғары болуы керек.
Халықаралық туристік маршруттарда бәсекелестік күшті болуына және ондағы пайда деңгейі соңғы жылдары 5-7 % дейін төмендеуіне байланысты, жаңа ресурстар, жаңа тауаша іздестіру қажет.
Келешектігі бар бағыттардың бірі жергілікті туристік маршруттардың ұйымдастырылуы болып табылады, мысалы форель шаруашылығы, түйеқұс фермалары, тау өткелдері, оның ішінде Ыстық көлге де, тау шаңғылары және басқа орындар, Қазақстанда осындай бірегей орындарға бай.
Қазақстанның ең әдемі қаласы Алматы бойынша экскурсия ұмытылып барады.
Қазақстандағы экскурсияның жаңа бағыты – бұл өндірістік экскурсиялар жүргізу – “Бахус” АҚ, “Кока-Кола-ботлерс” ЖАҚ және басқаларға. Туристік маршруттар мен экскурсиялардың түрлерінің алуандығы көп болған сайын, туристік фирманың қызметінің қосынды көлемін жинау ғана жеңілдемейді, сонымен қатар оның көлемінде арттырады және соның арқасында Қазақстанның туристік фирмаларының арасында алдыңғы шепке шығады.
Туристік қызмет көрсетудің, маршруттардың және экскурсиялардың әр алуан болуымен байланысты, «Яссауи» компаниясында жақын арада жаңа, Қазақстан бойынша ішкі маршруттар, әсіресе Алматы обласы бойынша, әзірленді, осы дипломдық жұмыста біз соны ұсынуға тырыстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет