Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі бет



бет2/15
Дата15.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дип.-«ЯССАУИ»-ТУРФИРМАСЫНЫҢ-МАРКЕТИНГТІК-ҚЫЗМЕТІ

Дипломдық жұмыстың мақсаты арнайы әдебиеттерді талдау негізінде туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:

  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттелуінің маңызы мен өздік ерекшелігін ашу;

  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттеуді жетілдіру және оны қарастыру;

  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттеудің мазмұнды қамтамасыз етілуін қарастыру.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеуді жүргізу және оны жетілдіру болып табылады.
Зерттеу объектісі – осы тақырыпты маркетингілік зерттеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық тараудан «», тәжірибелік тараудан «», қорытындыдан, ... атаудан тұратын әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Компьютерде терілген текстің жалпы көлемі ... беттен тұрады.


1 ТАРАУ. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері



    1. Бәсекеге қабілетілік ұғымы, оның мәні және факторлары

Соңғы жылдары отандық кәсіпорындардың тәжірибелік жұмысында


«бәсекелік артықшылық» ұғымының мәні туралы жүйелі көзқарастың жоқтығының есебінен бәсекелік соғысты жүргізуге көбісі дайын еместігін көрсетеді. Экономиканың негізгі бөлімінің деңгейінде бәсекелік артықшылыққа ие болу мәселесі – осы уақытқа дейін түпкілікті ашмай келеді. Тауарлар мен қызметтің отандық нарықта бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету технологиясын оқып білуін қажет ететін өте күшті бәсеке қалыптасты.
Бәсеке артықшылығы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымымен тығыз байланысты.Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория.
А.Смит айтқан бәсеке - өте пайдалы сату мен сатып алу нарығында жеке сатушы мен сатып алушы бәсекелесу кезінде мінез-құлықтық категория. И.Шумпетер бәсекені экономикалық өсу көзқарасы бойынша, яғни ескі мен жаңаның арасындағы бақталастықты – жаңа тауарлар, жаңа технологиялар, жаңа ұйымдық түрлерін анықтайды.
«Бәсеке артықшылығы» және «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы теорияда да, тәжірибеде де ұқсас болып келеді. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық бәсеке - бұл бәсекелік артықшылықтың бар екенін шындайтын нәтиже.
Экономикалық әдебиетте фирмалардың бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу және талдауға қатысты көзқарас өте көп. Берілген мәселе бойынша аса маңызды зерттеу бизнес пен құқықтық Гарвардық мектебінің профессоры М. Портердің болып келеді. Мынадай факторларды, яғни жұмыс күшінің, ресурстардың, үкіметтің протекционистік саясаты, фирмаларды басқару тәжірибесінің бар болуын қарастыра отырып, ол мынадай қорытындыға келеді, яғни жеке алған бірде –біреуі нарықта фирманың сәтсіздікке немесе жетістігін толығымен нақты анықтауға мүмкіндік бермейді, және ол бәсекеге қабілеттіліктің өнімді және тиімді қолдану табылады.
Бәсекеге қабілетті фирмалар өз қатарына ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Дамыған мемлекеттердің бәсекеге қабілетті салаларын талдай отырып, мынаны ескеру қажет. Германияда – автомобильді және көптеген құрал-жабдықтарды өндіру дамыған, Швейцарияда – сауда, фармацевті өнеркәсіп, АҚШ-та – киномотография, бағдарламалық қамтамасыз ету, персоналды компьютерлерді өндіру бойынша көсбасшы, Жапония – фото және көшірмелі аппаратура роботтар, тұрмыстық электроника бойынша.
«Қазақстан – 2030» стратегиясына мемлекеттің негізгі артықшылғы ретінде табиғи және адамдық ресурстар белгіленеді. Қазақстанда ғылыми және шығармашылық потенциалдық жоғары деңгеймен оқыған халық өмір сүреді. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканы бәсеке қабілеттілікке төменгі реттік факторлар, яғни табиғи ресурстар мен арзан жұмысшы күшінің есебінен қол жеткізіп отыр. Әлемдік тәжірибеде бұл факторлардың есебінен жасалған бәсекелік артықшылық тез жоғалтатынын көрсетеді.
Жоғары реттіктің артықшылықтары жаңа технологияларға, қазіргі уақыттық инфрақұрылымға, бірегей тауалар мен қызметтерге, фирманың репутациясына, маркетингтік ноу-хау-ға негізделінеді және ұзақ уақыттық пен тұрақты бәсекелік қалыпқа ие болуға мүмкіндік береді. Олардың қолдауы мен дамытуы ресурсты үнемдейді және олардың әрдайым қаржыландыруы – отандық кәсіпорындар үшін ауыр мәселе болып табылады.
Қазір бәсекелік артықшылықтың негізгі бастауы болып білім табылады. Егер де ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттіліктің келешек потенциалын білім мен ғылымның ролін мемлекетпен дұрыс емес бағалаумен үзілсе, онда кәсіпорын деңгейінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Қазақстан экономиксында бәсекелік мүмкіндіктерді жоғарылату экспорттық салалардың салыстырмалы артықшылықтардың негізінде шешіледі.
Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты ғылыми ыңғайға берілген мәселелер бойынша ғалымдардың талдауы мен қорытындылары ықпал етеді. Сонымен қатар М. Портермен бірге бұл мәселеге үлес қосқан Ф.Котлер, Ж.Ж.Ламбен, П.Диксон, тағы ресей ғалымдары- Р.Багиев, Р. Фатхутдинова, Г. Азоев және т.б. еңбектері. Сонымен, М.Портер фирманың бәсекелік артықшылығы бәсекелестер мен олардың дифференцациясының тауарларымен салыстырғанда өте төмен бағамен бейнеленеді деп санайды. Соңғысы, яғни диффренцациясы бәсекелестердің шығындарымен тең кезде болжалмалы жоғары бағаны бекітумен ерекше тұтынушылық қасиетпен көп құнды жаңа тауарларды шығаруды бейнелейді.
Ф.Котлер бойынша бәсекелестік артықшылық аса төмен баға бойынша аса жоғары сапалы тұтынушыларға қызмет көрсетумен немесе жоғары бағаны ақтайтын көп пайда алып келу есебінен қол жеткізуге болады.
Берілген ақпараттар бойынша өз уақытында және дұрыс шешім қабылдай алу бәсекелестер алдында сөзсіз артықшылыққа ие болу. Бұл жағдайда – П.Диксон профессордың бәсекелестік ұтымдылық теориясының негізі, яғни бұл да фирманың бәсекелік артықшылығын арттыруға бағытталған. Біздің ойымызша, фирмалар ішінде бәсекелік артықшылыққа ие болу үшін отандық нарықтағы өспелі бәсекелес жағдайында маркетинг қызметіндегі тораптық тапсырма болу керек. Бірақ та, тәжірибе бұл мәселенің теориялық негізін оқып білуге бағытталмайды. Өзінің мақсатына жету үшін бәсекелік артықшылықтың бастамасын талдау мен табу керек.
Берілген тақырып бойынша материалды оқып білу мен жалпылау негізінде бізбен бәсекелік артықшылықты құру бастамасы қазіргі уақыттағы жағдайды жүйелеуді, олар біздің отандық фирмалардың тәжірибелік қызметінде талдау мен өткізу үшін қолданылуы мүмкін.
Бұл мақсатта бәсекелестердің стратегиясы, яғни саясаты ауданында, орналастыру каналдары, жарнамасын сонымен қатар қызмет көрсетуді жетілдіру жағдайында оқып білу керек.
Бүгінгі таңдағы жағдайда, яғни нарықтағы қатаң бәсекелесте, негізгі стратегиялық маркетингтің элементі болып бәсекелестердің қызметін оқып білу табылады. Зерттеу, яғни отандық фирмалар әрдайым өздерінің бәсекелестерінің қызметін талдамайтынын көрсетеді. Бәсекелес фирмалардың жеңіл және ауыр жақтарын бағалай отырып олардың қызметтері туралы ақпараттар жинауға, екіншілік ақпараттар пресса материалдары, өнімнің белгісі, тексерілмеген ақпараттар, сонымен қатар тұтынушыларға сауалнама жүргізу арқылы мәліметтер жинауға болады.
Бұлардың барлығы өзінің маркетингтік шешіміне бәсекелестердің мүмкін әрекеттерін алдын ала көру және болжамды іс-әрекеттерді анықтауға болады. Шетел фирмалардың тәжірибелері бойынша көптеген компаниялар күрес үшін әлсіз бәсекелестерді таңдайды, ол бірақ жоғары нәтижелік күшті бәселесті таңдаумен ие болуға болады.
Фирманың бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды ролді «жоғары гуманитарлы технологиялар» ойнайды, яғни бұнда гуманитарлы ғылымдар сферасындағы ноу-хауды білдіреді. Жоғары гуманитарлы технологиялар адамдық қызметті ұйымдастыру дамыған нысаны болып табылады, олардың негізгі мақсаты – материалды емес жағдайды құру.
Зерттеулі мәселенің шегінде маркетингтің технологиялары мен құрал-жабдықтарын, маркетингтік зерттеу өзіндік әдісін, қоғаммен байланыс, мемлекеттік органдар, қиын жүйелер мен адамдық ресурстарын басқаруын алуға болады. Бұл қызметтің жетілдіруін ұйымдастыру өлшемі бойынша олар бәсекелестік артықшылықтың аса маңызды бастамасына айналады. Қазіргі уақыттағы маркетингті зерттеу әдістемені қолдана отырып батыс компаниялары тұтынушылар, нарық, сұраныс және оның параметрлері бойынша білім түрінде маңызды бәсекелік артықшылыққа ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет