3.3. Жас гимнасттардың анатомиялық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары-ның жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.
Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
- Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
- Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
- Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажерлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. .[39]
1. 4-7 жылдың арасында ұзын сүйектердің қатаюы басталады, ол үрдіс біркелкі жүрмейді, сондықтан шамадан тыс жүктеме бұл үрдісті бұзуы мүмкін.
2. Осы жаста омыртқа жотасының иілген қалыбы қалыптасады және бел омыртқасы әлі әлсіз болады. Сондықтан қыздардың тұлғасы дұрыс болмауы мүмкін (олар іштерін алға жіьеріп жүреді). Классикалық экзерсис жаттығуларын дұрыс пайдалану тұлғаның түзелуіне көмеігін тигізеді.
3. 7-8 жастағы балаларда бұлшық ет әлі қалыптасаған, жекелеген бұлшық ет топтарының әркелкі дамуы байқалады. Бүгу бұлшық еттері күштілер, жазу бұлшық еттерінің дамуына көңіл бөлулері керек және керісінше болады.
4. Алмасу үрдісінің жоғары қарқындылығы, бұлшық ет күшін үнемдемеу, артық қуат шығыны тез шаршауға әкеліп соқтырады. Сондықтан жүктеме көлемі аз болуы керек және жиі дем алып отыруы қажет.
5. Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелері әлі жетілмеген. Тамыр соғу жиілігі, тыныштық күйдегі және қалыпты жүктеме жағдайында жоғары болады, артериялық қысым үлкен ауытқуларға түседі, тыныс алу жиілейді және үстіртін жеңіл болады. Бірақ табиғи даму мен тұрақты жаттығулардың әсерінен балалардың қызмет мүмкіндіктері артады. 7-8 жасында балалар айтарлықтай ауыр жүктемелерді атқара алады, бірақ орташа деңгейдегі жаттығуларға бейімделеді.
6. Баланың негізгі қозғалыс сапасы біркелкі емес және қызмет жүйесі мен тыныс алу тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан мамандар алғашқы сатыда әр түрлі құралдардың көмегімен жалпы дайындықты ұсынады.
7. Бес-алты жастағы балалардың назары қиындықпен тоқталады. Оның көлемі мен тұрақтылығы бірте-бірте және аздап ұлғаяды. Үйрену үрдісінде міндетті түрде жаңа, айқын және қысқа тітіркендіргіштер балалардың назарын тоқтату үшін пайдаланылуы керек. Орындау шеберлігіне 1-2 ғана ескерту жасауға болады.
8. Бес-алты жастағы балалар мәнсіз нәрсені негізгіден ажырата алмайды, оның назары екінші деңгейдегі нәрсеге тоқталуы мүмкін. Сондықтан бұл жаста оқытудың тұтастық әдісін, күрделі емес қарапайым жаттығуларды меңгеру қажет, қысқа да нұсқа түсініктер айтылады.
9. Бұл жаста оқытудың көрнекілік әдістерінің маңызы зор. Көрсету анық және дәл болуы керек, себебі балалар көбінесе педагогты қайталайды және қателігін де өзіне көшіріп алуы мүмкін. Бірақ 2-дабыл жүйесін дамыту үшін, терминологиялық қорды толықтыру үшін көрсетілім қысқа әрі түсінікті тілмен айтылуы керек.
10. Жеті-сегіз жастағы балалардың эмоционалды көрсетуі жетілмеген, ерік және адамгершілік сапалары шектеулі. Сондықтан балалардың осы сапаларын дамытумен жұмыс істеу қажет. Бұл жаста жазалау шараларынан гөрі мадақтау және көтермелеу неғұрлым әсерлі болады.
11. Жеті-сегіз жастағы балаларға музыкалық сүйемелдеу алғашқы кезеңде жай, түсінікті, жеткілікті болу керек. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептерінің жаңа Нұсқауында аккомпаниатор туралы қарастырылмаған, бұл жаттықтырушының жұмысын қиындатады.
Ырғақты гимнастика – негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұылданады.Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады.Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ тренажорлық аспан-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен- жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі- спорттық гимнастика. Спортық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары – керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және ерін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары- бөріне, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу. .[40]
Достарыңызбен бөлісу: |