Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туроператор мен турагент арасындағы келісімшарттық қарым қатынастар



бет18/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
28. Туроператор мен турагент арасындағы келісімшарттық қарым қатынастар.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер, туристік бағдардың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат болуға тиіс.
Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары командировкаға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.
Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
29. Рецептивті және инициативті туроператорлар арасындағы келісімшарттық қатынастар.
Туроператорлар саудалары туристтiк қызметтер тәжрибесінде бағдарлаушы (инициативті-шетел турларын ұйымдастырушылар) және қабылдаушы(рецептивті) деп бөлінеді. Рецептивті және инициативті туроператорлар арасындағы келісім туроператорлар мен турагенттер арақатынасына ұқсас болып келеді. Инициативті туроператор мен шетелдік қабылдаушы серіктесі яғни рецептивті туроператорлар арасындағы келісімдерді қарастырайық. Инициативті және рецептивті туроператорлар клісмінде келесі жағдайлар көрсетілуі керек:
Маршрутты инклюзив-тур ұйымдастырғанда:
· туристтарға саяхат уақытында турдың маршруты, қызметтердiң бағдарламасы және пакетi берілуі керек;
· Келу уақыты және жолға шығу уақыты;
· қалаларға барудың тiзбек бойынша тiзiмі;
· көлiктiң түрi;
· әрбiр қалада болатын күндерiнiң сан;
· экскурсиялардың тiзiмi.
Жеке тапсырылған турларды ұйымдастырғанда:
· Келу күні және туристтардың жолға шығу күні;
· қызметтердiң тiзiмi және олардың санаттары
Туристерді демалалатын жерлеріне жеткізген соң міндетті түрде олардың саяхат ұзақтығын күн саны мен түн саны бойынша белгілеу керек, мысалы: 10 күн/11 түн. Сонымен қатар есте сақтайтын бір нәрсе, әрбір қонақ үйде есептесу уақыты болады. Көбінесе бұл уақыт күндізгі сағат 12(Италияда бұл уақыт таңғы сағат 10 болуы мүмкін). Сондықтан туристерге күндізгі сағат 12-ге дейін бөлмелерін босатуға тура келеді, бұл уақытқа дейін бөлмені босатпаған жағдайда олардан жарты күннің немесе бір күннін ақшасы сұралады. Кейде қабылдаушы фирмамен немесе қонақ үймен келісм бойынша туристік топқа бөлмелерін босатқан соң жүктерін қоюға тегін бөлме берілуі мүмкін. Кейбір қонақ үйлерде арнайы жүк сақтау орындары болады. Осындай жағдайдын барлығы қабылдаушы әріптесіне ескертіліп, келісімде көрсетілуі қажет.
Турстерді қонақ үйге орналастыруды талқылағанда қонақ үйдің санатын, типін, орналасу орнында фирмамен клісу қажет. Бұл параметрлердің барлығы туристердің әлеуметтік құрылымына және саяхаттау мақсатына байланысты болады.
Қажет болған жағдайда келісім-шартта ақысы үшін қосымша жайлылық шарттары(терезесі теңізге қараған т.б.) қарастырылуы керек. Сонымен қатар келісім-шартта туристердің мүмкін болатын тамақтану түрлері де қарастырылады. Осындай жағдайлармен қатар келісімде туристерді әуежайдан қарсы алып, қонақ үйге және керсәнше қонақ үйден әуежайға жеткізу болуы керек. Туристерді қонақ үйге жеткізу үшін қабылдаушы фирманың автобустары қолданылады. Трансфер құны міндетті түрде турпакеттің ішіне кіруін инициативті туроператор қадағалау керек.
Келісім-шартта жоспарлы және қосымша экскурсиялар айқын ескертілуі керек. Сонымен қатар экскурсияның жүргізілетін тілі және экскурсия барысында мұржайларға т.б. объектілерге кіру билетінін құны экскурсия құынына кіретінін не кірмейтіні де ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет