17.Туризмдегі мемлекеттік реттеу жолдары. Туристік саясат. Туризм саясаты – туризмнiң дамуына, сонымен қатар, оның қалыптасуына ықпал етушi осы саланың ерекшелiктерiне арнайы оң әсер ету шаралары;
туристік саясат – туризмнің экономикалық тиімділігін артуына, туристік ресурстарды тиімді пайдалануды, туристік индустрияның дамуы үшін жағдай жасау міндеттері.
Туристік саясат мемелекеттің жалпы саясатына тән барлық белгіге ие. Алайда ол қалыптасатын бірқатар өзгеше факторлар да бар:
- Елдің табиғи жағдайы (рельеф, климат, географиялық жағдай, флора, фауна және т.б.);
- Туристік қызығушылық обьектілеріне жетуді анықтайтын транспорттық жағдай;
- Туризмді дамытудың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайы.
Туристік саясаттың мақсаты ел дамуының нақты экономикалық және тарихи жағдайлармен байланысты. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттық туристік өнім жасау және нарыққа шығару болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру сәйкес маркетингтік шараларды іске асыруды қажет етеді.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
18.Туризмді басқару органдары. Туризмдегі лицензиялау. Лицензиялауға жататын қызмет түрлері:туроператорлық;турагенттік;туризм инструкторының қызметі
Лицензиялауга қажетті құжаттар
Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:
бекітілген формасындағы өтініш;
лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және статистикалық картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;
офиске қажетті жеке иелігіндегі немесе жалға алынған кеңістікті анықтайтын құжат;
туристердің, туристік жабдық-тұрмандар мен көлікті орналастыратын материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;
жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;
туристік қызмет келісім-шарты бойынша азаматты-құқтық жауапкершілікті сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;
психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;
жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;
туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:
бекітілген үлгідегі өтініш;
лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);
офиске қажетті жалға алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты анықтайтын құжат;
өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны анықтайтын, немесе туристерді, көліктерді орналастыруға қажетті материалдық-техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;
білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар тізімі;
туристік қызмет көрсету келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық жэауапкершілікты сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;
тасымалдаушымен келісім-шарт;
туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;
жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;
туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Л беру мерзімі. Өтінішті барлық қажетті құжаттармен алғаннан бастап:1 ай;шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 күн
Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:
туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;
лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;
лицензиялық жинақ төленбесе;
өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.
19.Туризмдегі сертификаттау. Жалпы жағдайлар.
Туризм қызмет көрсетуге сертификатты сертификаттау органдары береді. Сертификаттау органының өзі Қазақстан Республикасы аккредитациясынан және ҚР МС 3.5 талаптарынан өтуі міндетті. Сертификат заңды актілерін және нормативтік документтердің талаптарына сай актіледі, яғни бұлар адам өмірінің қауіпсіздігі, туристердің денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, туристік және заттарының қауіпсіздігі, функционалды қызмет көрсетудің орындалуы, тура немесе уақытты орындалуы. Егерде көрсетіліп жаатқан қызмет, НҚ сай болмаса, шағымданушы құжаттарды жинап ҚР заңды тұлғаларына жібереді.
Туристік қызмет көрсетудің сертификациясында қызмет көрсетудің мінездемесі, қызмет көрсетудің шарттары және баға беру әдістері болу керек. Рұқсат етіледі: *Идентификациялық қызмет өткізу. Соның ішінде КПВЭД классификациялық группаға тиісті екенін анықтау. Яғни техникалық құжаттармен функционалдық белгіленуі;
*НҚ бекітілген қауіпсіздік қызметінің сәйкестік талаптарын толығымен растау. Туристік қызметке сертификацияны жүргізу үшін;
*Сертификаттауға тапсырыс беру;
*Тапсырысты толығымен қарау және тапсырыс бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдап алу;
*Сертификаттауға тапсырыс берушімен сертификаттау органының арасындағы келісім –шартты бекіту;
*Қарастырылған схема бойынша сертификаттау жұмысын жүргізу;
*Алынған жұмыстарының нәтижелері мен анализі және сәйкестік сертификатын беру келісімі қабылданады (одан кейін сертификат);
*Сертификат ҚР мемлекеттік реестрінде тіркеледі және тапсырушыға беріледі.
Арыз беруші сер–лық жұмысты жүргізу үшін сұранысын сертификациялық органға жібереді. Яғни бұл органның ҚР ГСС аккредитациясынан өткен болуға шарт. Сәйкестік сертификациясы жүргізілу кезінде тапсырысты НҚ жинағы толығымен болуы шарт. Сертификатттау органы ҚР СТ 3.5 белгіленген талаптар бойынша тапсырысты безендіреді. Тапсырыстың шегінің қабылдау уақыты – тапсырыс түскеннен кейін 2 жұмадан аспау, ал кіші кәсіпкерлік өкілдікке – аптада кем емес. Егер тапсырыс бойынша кері екенін қабылданса, сертификаттау органы тапсырыс берушіге сертификаттау жүргізу мүмкін еместігін хабарлануы келісім арқылы тапсырыс беруші шарт бойынша бір данасын сертификаттау органына жібереді. Осыдан кейін сертификаттау органы өз жұмысына кіріседі. Сол сәтте тапсырыстың болмай қалған кезінде стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті мемлекет органға тапсырыс берілген сертификаттау түрі жіберіледі. Сертификаттау қызметі кезінде сертификаттау органдары қауіпсіздік және сапалы қызмет көрсету міндеттемелерінің сақталуы сарапшы бағалау арқылы жүргізіледі. Баға беру эксперттердің шешімі бойынша орындалады.