Төртінші – жан-жақты, толық, сервистің сапасын объективті және тоқтаусыз бақылау. Оған: - қонақтардың сапаны бақалау мен бақылауға қатысуыу; - сұраныс талаптарына сай болатын әдістер мен талаптарды жасау; - персоналдың өз-өзін басқару құрылымын құру; - сапа тобымен үздіксіз жұмыс; - жоспарланған қызметтің сапасын бақылайтын талаптар санын реттеу; -персоналдың сапа талаптарын жасауға тікелей қатысуы; - техникалық құралдарды сапа талаптарын бақылауға пайдалану; - бақылау қызметін құру,құрамына: дирекция, қаржы бөлімі, қауіпсіздік бөлімі, кадр қызметі, басшылар мен барлық қызметтердің мамандары кіруі керек.
Бақылау жүйесін құруда үзіліссіздік принципіне мән беру манызды. Бақылау жүйесі сервис сапасының барлық сатысында толықтай бақылауы тиіс.
16.Туристік іс әрекеттер. Туристік ресурстар. Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі түратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхат-тау туризмі — өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі — бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы
Туризм жергілікті туристік ресурстарды пайдалануға негізделген, онын орнына сол ел немесе аумақ пайда табуы керек. Сондықтан туристтің барып отырған мекенінен еңбек ақы алуға еш құқығы жоқ.
Туристік ресурс – туристерге көрсететін табиғи - климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтандыру объектілері және туристік рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға әсер ететін басқа да объектілер [3]. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде туристік ресурстардың ішінен тарихи және әлеуметтік-мәдени ресурстарға жете көңіл бөлінуде, өйткені жер бетінде көптеген ежелгі қалалар табылып, зерттелуде, сондықтанда туристердің жаңа туризм объектілерін немесе тарихи маңызы бар ежелгі қалалар мен қорғандарға саяхат жасауға, тарихымен танысып, зерделеуге және оларға қатысты аңыздарға көп мән беріп, қызығушылықтары артуда. Туризмнің тарихи-мәдени бағытын дамытуда мәдени мұраларды зерттеу, және олар туралы ақпараттық анықтамалықтар дайындап, тарату мәселесі үлкен орын алуда.