Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туристік маршруттың технологиялық картасы мен оны толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет22/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

35.Туристік маршруттың технологиялық картасы мен оны толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Туристік маршруттың технологиялық картасы - транспорттық маршруттың негізгі құжаты. Ол туристік қызметті ұйымдастыратын субъектпен құрастырылады, жоспарлық-қаржылық бөлімнің басшылығымен мақұлданады, мөрмен басылып, бекітіледі. Технологиялық картаның басында маршрутқа қызмет көрсететін туристік ұйымның атауы көрсетіледі.

Технологиялық маршрут бөлімдері[өңдеу]


  • "Маршрут атауы" бөлімі. Маршруттың атынан оның болашақ танымалдылығы байланысты болады. Сондықтан ол жарқын, қайталанбас және маршруттың мінездік ерекшеліктерін көрсетуі керек.

  • "Маршрут түрі" бөлімі. Траспорттың түріне байланысты мұнда жазылады: теміржолдық, автобустық, авиациялық, теплоходтік және т.б. Автобусты қолданған кезде, онда оның жеке не жалға алынғандығы туралы жазылады.

  • "Қиындық деңгейі" бөлімі. Маршруттың қиындығына байланысты: жай жаяу экскурсиялықтан мамандандырылған альпинистік түріне дейін 1 мен 4 аралығындағы сан қойылады.

  • "Маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршруттың жалпы километражі көрсетіледі.

  • "Тәуліктегі маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршрут бойынша, демалыстарда туристерге қызмет көрсету бағдарламасында көрсетілген күндер санына сәйкес келуі керек.

  • "Туристік топтар саны" бөлімі. Туристерге қызмет көрсететін арнайы мекемемен отырған келісімшартта көрсетілген топтар санына сәйкес келуі керек.

  • "Топтағы туристер саны" бөлімінде топтағы адамдар саны көрсетіледі. Бұл санға туристік топ басшысы, гид және автобус жүргізушілері кірмейді.

  • "Маршрут бойынша туристер саны" бөліміндегі жалпы маршрут бойынша туристер саны көрсетіледі. Бұл сан туристік топтар санын топтағы туристер санына көбейту арқылы білуге болады.

  • "Бар жоғы мынша адам-күн" бөлімінде берілген маршрут бойынша жалпы адам-күн саны көрсетіледі. Ол жалпы барлық туристер санын тур бойынша болатын календарлық күндер санына көбейткенге тең.

  • "Маршрут бойынша 1-ші топқа қызмет көрсету" бөлімінде 1-ші туристік топтың тур бойынша кіру уақыты жазылады.

  • "Жолдама бағасы" бөлімінде барлық туристік қызметтің бағасы көрсетіледі.

  • "Демалыс басталатын туристік мекеменің мекенжайы" бөлімінде туристік ұйымның мекенжайы көрсетіледі.

  • "Қорытынды" бөлімінде жалпы маршрут бойынша қорытынды жұмыстар жазылады.

Жалпы технологиялық карта туристке көрсетілетін туристік қызмет туралы, оның сапасы, көлемі туралы мағлұмат, турдың жалпы бағасын есептеу жайлы ақпарат беретін құжат болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет