Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Туристік қызметтерді көрсетуге арналған типтік келісімшарт



бет23/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
36. Туристік қызметтерді көрсетуге арналған типтік келісімшарт
Туристік келісімшарт – бұл екі жақтың да (турфирма мен турист) келісімге келуі, турдың жағдайы туралы мәліметі, сонымен қатар басқа да нақтыланған жағдайлар, оларға құқық, жауапкершілік пен екі жақтың міндеттілігі. Туристік келісім­шартта турфирманың клиент алдында нақты жауапкершілік болуы тиіс, сондықтан көп жағдайда турдағы жоспарланған өзгертулер турфирма қателігінен болмайды. Тур бірнеше өндірушілер қызметтерінен тұрады, олардың кейбіреуі басқа елде немесе басқа аймақта орналасады және бір-бірімен байланысы жоқ. Саяхат­таудың табысты болуы басқа да факторларға байланысты (ауа райы, саяси және елдегі экономикалық, халықаралық ұлттық жағдайларға). Әдетте турфирманың өз типтік келісім­шарты болады, турист оған келісуі немесе келіспеуі мүмкін. Тағы бір айта кететін жағдай, ол турфирма келісімшарты «Құқық, міндеттемелер мен екі жақтың жауапкершілігі» атты пунктіде өздеріне көбірек құқық қалдыруға тырысады, ал туристке барынша көбірек міндеттемелер жүктейді. Көбінесе осы пункт нақты жоспарланбаған және жалпылама болып келеді, сондықтан туристер шағымдарының негізгі көзі болып табылады. Басы­лымдарда, мамандандырылған басылымдарда турфирма мен клиент арасында нақты дұрыс келістірілген келісімшартқа отыру туралы көптеген әңгімелер қозғалған. Бірақ Қазақстан туристі турфирмамен отырған келісімшартқа қол қояр алдында дұрыс назар аудармайды. Шағымдар талдауының көрсетуі бойынша көптеген жағдайларда шағымдар осы жайттар бойынша негіз­деледі. Өзінің құқықтары мен міндеттерін толық білмеген турист келеңсіз жағдайларға душар болады.
37. Теңіз арқылы жолаушылар мен олардың жүгін тасымалдау туралы Афина конвенциясы.
Теңіз және су транспорты саласында 1974 жылдың 13-желтоқсанында «теңізден жүктер мен жолаушыларды тасымалдау туралы» Афина Конвенциясы, 1955 жылдың 26 – қыркүйегінде қабылданған Братислава келісімі, 1924 жылдың 25-тамызында қабылданған Брюссель Халықаралық коносаменттер туралы ережелер Конвенциясы, БҰҰ теңіз тасымалы туралы Конвенцисы, БҰҰ 1982 ж. 10-қазанындағы теңіз құқығы туралы Конвенцилары теңіз тасымалының құқықтық аспектілері болып табылады. Қазір кезде Каспийдегi порттарды пайдаланып теңiз көлiгiмен жүктердi тасымалдаудың негiзгi бағыттары: ирандық бағыт - Иранға және Парсы шығанағы елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен тiкелей су қатынасы; ресейлiк бағыт - Ресейдiң Каспий және Азов бассейндерiндегi порттарымен тiкелей су қатынасы; Қара теңiз - Жерорта теңiзi бағыты - Волга-Дон каналы арқылы тiкелей су қатынасы, Кавказ елдерiне және Қара теңiз - Жерорта теңiзi бассейнi елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен Баку - Батуми/Поти аралас темiр жол-паромдық қатынасы; солтүстiк бағыт - Волга-Балт каналы арқылы Балтық теңiзi бассейнi елдерiне экспорттық-импорттық және транзиттiк жүктермен тiкелей су қатынасы болып табылады. Осылайша, Халықаралық жүктерді тасымалдаудың порттар үшiн жүк базасын былайша жiктеуге болады: 1) экспортқа бағытталған жүк. Негiзгi экспорттық жүк ағыны: мұнай, металл өнiмi, астық, түстi металлдар, кoкc, асбест, мыш концентраты; 2) импорттық жүк. Жүк номенклатурасы мынадай: тағам өнiмдерi, құрылыс материалдары, химиялық өнiм, контейнерлер, шағын өлшемдi жабдық, доңғалақты техника, халық тұтынатын тауарлар; 3) транзиттiк жүк. Транзиттiң болжанған көлемдерi: контейнерлiк жүктер, халық тұтынатын тауарлар, металл өнiмi, ауыл шаруашылығы өнiмi, топырақ, көлемдерi сәйкес келмейтiн жүктер, жабдық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет