31. Туризмдегі қауіпсіздік
Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.
31. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.
Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:
1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;
2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;
3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;
4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.
Табиғи қауіп-қатерлері:
жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;
ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.
32. Туристік кәсіпорындағы ақпараттық технологиялар
Туристік фирма жұмысын ұйымдастыру кезінде маркетинг ақпарат ең маңызды болып табылады. Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
бәсекеде басымдылықты алу;
шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;
ішкі және сыртқы ортаны бақылау;
стратегияны дұрыстау;
нарық жағдайын бағалау;
тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;
тиімділікті көбейту;
фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау.
Маркетинг шараларды орындауға керек ететін барлық ақпарат жиынтығынмаркетингтік ақпараттық жүйе деп атайды. Маркетингтік ақпарат жүйесі – туристік мекеменің ішкі және сыртқы жағдайын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелеу, бағалау және оларды қолдануды қамтамасыз етеді. Ол мынадай шағын жүйелерден тұрады:
ішкі ақпарат;
сыртқы ақпарат;
алғашқы ақпаратты жинау;
ақпаратты талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |