76. Туристік бизнесті талдау және бағалау. лек7такырып Еңбек қатынастары – бұл жұмысшылар мен жұмыс беруші келісіміне негізделген, еңбек заңымен қарыстырылған, жұмысшының белгілі мамандығы, қызмет орны бщйынша бекітілген еңбек ақыға өз міндеттерін орындауы. Бұл жағдайда жұмысшы ішкі ережелерді бұлжытпай орындауы, ал жұмыс беруші еңбек ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жағдай туғызуы қажет.
Жұмысқа қабылданатын адамда мынандай құжаттар болуы тиіс: жеке куәлігі, зейнетақы қорымен жасалған келісім шарт, сонымен бірге, кәсіпкер жұмысқа тұрушы адамның дипломын, еңбек кітапшасын , резюме (түйін) , өмір баянын, кадрлар бөлімінің есебі үшін жеке парағын , санитарлық кітапша, неке туралы куәлік, балаларының тууы туралы куәлігі, фотосурет т.б. талап етуге құқылы.
Жұмысқа алынғаны туралы жеке келісім шарт жасалып, жұмысқа алынған адам онымен танысып қолын қояды. Егер жұмысшы бағалы заттарды сақтау, сату, өңдеу жұмыстарымен шұғылданатын болса, онда материялдық жауапкершілік туралы жазбаша түрде келісім жасаулары тиіс.
Сондай жағдайда ған , егер зиян келген болса, толық материялдық жауапкершілік сақталады. Сонымен бірге жұмысшы мынандай жағдайларға жауап береді:
мүлік пен бағалы заттар сенім хат арқылы қабылданған болса;
егер есірткі, спирттік ішімдік пайдалану арқылы зиян келтірсе;
материялдарды, өнімдерді, инструменттер мен приборларды, жұмыс киімін әдейі бүлдіріп, зақым келтірсе;
коммерциялық құпияны ашу нәтижесінде зиян келтірсе;
Жұмысқа 16 жасқа толған, адамдар қабылданады. Ауыр жұмысқа, зиянды, қауіпті жұмыстарға 18 жасқа толмағандар қабылданбайды.
Кәсіпкер жұмысқа алынған адамға 3 айдан аспай мерзімін белгілеуге құқылы. Егер жұмысшы еңбек мүгедектігіне ұшырыса, жұмыс барысында денсаулығына зиян келсе, денсаулығы қалпына келгенше басқа жеңіл жұмысқа ауыстырып, бұрынғы еңбек ақысының айырмасын төлеу қажет.
Мынандай жағдайларда жұмыс беруші еңбек туралы келісімді бұзуға құқылы:
фирма жойылатын болса (1 ай бұрын жазбаша түрде ескертіп орташа айлық еңбек ақы мөлшерінде өтемақы төлеу тиіс).
штат қысқарғанда (1 ай бұрын жазбаша түрде ескертіп , орташа айлық еңбек ақы мөлшерінде өтемақы төленеді).
қызметкердің кәсіби мамандығының жетіспеуінемесе денсаулығының жарамсыз болуы;
уақытша жұмысқа жарамсыздық есебінен 2 ай бойы жұмысқа келмесе (Үкіметтің 07. 08. 2000 ж) № 11121 «Жұмыссыздыққа жарамсыздыққа уақыт беруге тиісті аурулар түрінің тізімі» деп аталатын қаулысын қараңыз.
фирмамаен бірге басқа жерге жерге ауысудан бас тартқан жағдайда;
жеңілірек жұмысқа ауысуға келіспеген жағдайда;
еңбек жағдайының өзгергеніне келіспесе;
егер тәртіптік жаза қолданылған жағдайда, тәртіп бұзушылық қайталанса;
еңбек міндеттерін орындауда бір рет үлкен қате жіберсе;
бір жұмыс күнінде 3 сағат кешіксе;
жұмысқы ішімдік ішіп немесе есірткі пайдалану әсерімен келсе;
еңбек ережесін немесе өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда.
Сот шешімімен жұмыста ұрлық жасаған болса;
Қаржы және бағалы мүліктермен жұмыс атқарушыларға жұмыс берушінің сенімі болмаған жағдайда ;тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің тәрбиелілікке жат әрекеттері болған жағдайда;
Сол фирманың коммерциялық құпиясын ашып қойған жағдайда;
Егер жұмысшы денсаулығына байланысты, зейнеткерлік жасы келгенде, басқа жерге ауысуына байланысты жұмыстан босату үшін өтініш берсе, онда жұмыс беруші келісім шартты бұзып , өтініште көрсетілген мерзіміне сай жұмыстан босатуы тиіс. Басқа жағдайларда жұмысберуші өтіншті бір ай ішінде қарауы тиіс.
Жұмысшыны жұмыстан босату кезінде пайдаланбаған еңбек демалыс үшін өтем ақы төленеді. Егер жұмысшы жұмысқа ішімдік, есірткі пайдаланып келсе немесе ереже бойынша емтихан тапсырмаса, қажет болса денсаулығы туралы тексеруден өтпесе, онда жұмыс берушінің жұмыстан босатуға құқы бар.
Жұмыс беруші өз еркіне байланысты жұмыс уақытын аптасына 5 күндік немесе 6 күндік мерзімге белгілеуіне құқылы. Бұл жағдайда бір аптадағы жұмыс күні 40 сағаттан аспауы керек. Асып кеткен жағдайда мөлшерден тыс деп есептеліп (1 күнде 2 сағаттан асса) бір жарым есе ақаы төленеді. Демалыс немесе мейрам күндері жұмыс істегендерге екі есе ақы төленеді немесе қосымша демалыс беріледі.
Әлеуметтік жәрдем ақы жұмысшы ауырып қалған жағдайда (жұмыс 18 күннен аспауы тиіс). Екі жыл бойы еңбек демалыс бермеуге болмайды (заң бойынша).
Жұмыс беруші жұмысшыға еңбек ақысыз демалыс беруге құқылы. Оқып жүргендер оқу демалысын алуға құқылы, ол мерзімге ақы төлеу – төленбеуіне кәсіпкер өзі шешеді. Қанша уақыт жұмыс істегеніне қарамастан әйел адамдаржүктілігі үшін және босанғаннан кейін 3 жыл жас баланыкүту үшін демалысалуға құқылы. Оның кейінгі 1,5 жылы өтініш жазғаннан кейін ғана заңды. Сонымен бірге бала туғанда бір рет фирма есебінен жәрдем ақы берілуі тиіс. Бұл ереже баланы әйелдер босанатын үйден асырып алған жағдайда да орындалуы тиіс.
Жұмыс беруші фирма қызметкерлеріне жұмыстағы табыстары үшін қандай сый ақы беретінін өз шешіміне қарай белгілейді. Кәсіби шеберлігін жоғарылату үшін, кадрларды тұрақтандыру жолында фирма есебінен оқыту мәселесін де жұмыс беруші өзі шешеді. Мұндай жағдайда жұмышы оқытқан мерзімі үшін жұмыс істеу арқылы өтеуі, егер жұмыстан шығуға мәжбүр болса, ақшадай өтем ақы төлеуі тиіс. Кәсіпкер тәртіптік жазалардыескерту сөгіс беру немесе жұмыстан босату түрінде қолдануға құқылы. Фирма қызметкерлері үшін еңбек туралы, зейнеткерлік әлеуметтік қамсыздандыру туралы ҚР. заңды нормалары толық күшінде сақталады.
77. Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.
Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;
І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;
ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;
ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;
ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.
Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:
несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі;
ақпаратпен толық қамтылмауы;
бизнес-жоспар жасаудың толықсыздығы;
елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, олардың бағдарламаларды ақпаратпен қамтамасыз етпеуі;
Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.