Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік



бет45/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

80. Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүм­кіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26% болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34 %-ке өсті (135 198 млн. т -км).
Теміржол көлігі ҚР өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекет экономика­сының тұрлаулылығы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың тұрмыстық жағдайы мен өмір деңгейі оның тұрақты және тиімді жұмысына байланысты.
Бүгінде Қазақстанның шойын жолдары – 14 мың километрден астам теміржол желілері. Еліміздің барлық жүк айналымының 70 пайызға жуығы және жолаушылар тасымалының 55 пайызынан астамы теміржолдың еншісінде. Теміржол саласында 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл дегеніміз Қазақстан халқының 1 пайызға жуығы.
Қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) 22 тәуелді акционерлік қоғам мен еншілес ұйымдар бар. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша персоналының жалпы саны 136,5 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 81 мыңнан астам адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та жұмыс істейді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басым міндеттерінің бірі ҚР транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту болып табылады.
82. шағымдар
Шағым дегеніміз – адамның өз құқықтарының бұзылған, бос­тандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауа­зымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы», деп жазылған. 
Жалпы туризмдегі шағымдар легін 4 категорияға бөліп қарастыруға болады:
1) шынайы емес жарнама; турдан кейін ұсынған кешен бір, ал тұтынушының нақты алғаны басқаша болып шығады;
2) қосымша ақша жинау; Ол турдың құрамының өзгергенін уақытылы хабарламауынан болады. Мысалы, кейбір отельдер өзгереді, немесе ұшу уақыты өзгереді;
3) қызметтің төмен деңгейі; Мысалы, 4* отельдің орнына 3-2* болып қалуы мүмкін;
4) қауіпсіз қызметке тұтынушы құқығының бұзылуы. Ол келісім-шартта барлық жағдайлар, нақты, ашық, айқын болып жазылмауынан болады.
Жалпы туристік ағымдардың көбеюіне орай, түсетін шағымдар мөлшері де көбеюде. Олардың себебі 2 факторға байланысты:

  1. Туристер өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біліп, өз қажеттіліктерін талап етеді.

  2. Сұраныстың көбеюіне байланысты нарыққа жаңа аз икем­делген турфирмалар, олармен бірге айлакерлер де енуде. Көптеген шағымдар жарнаманың жалғандығынан, ақпаратпен қамсыздандырылмағандықтан, құжаттардың дұрыс рәсімделмеуінен болады. Тұтынушы өзінің нақты нені сатып алғандығын білмейді, ал турфирма сомаға қандай қызмет кіретіндігін ашық айтпауынан болады.

Туристік фирмаға түсетін шағымдардың негізгі 4 себебі бар:

  1. Жарнаманың дұрыс болмауы. Туристік мекеменің менеджері туристік өнім туралы жалған ақпарат беру себебінен болады. Мысалы, егер қонақ үй жағажайға жақын орналасқан десе, ал ол шын мәнінде жағажайдан тым алыс болу себебі немесе баратын жері, елі туралы ескертулер айтылмаған жағдайда.

  2. Қосымша ақша төлеу. Яғни, туристік мекеме турөнімді жеңілдік бар кезде сатып алады. Бірақ оны турист сатып алмақшы болған кезде, ол жеңілдік жоғалып немесе оның уақыты өтіп кеткендіктен, турист қосымша ақша төлеуге міндетті болады. Осындай кезде клиент тарапынан шағым түсуі мүмкін.

  3. Қызмет сапасының төмен болуы. Клиент пен турфирма арасында келісімшарт жасағанда, ол: орналастыру орны және оның жұлдызы, тамақтандыру орны, трансфер, т.б. қарап қол қояды, және әр клиент сапалы қызмет түрін қалайды. Бірақ қызмет көрсету сапасы әр елде әрқалай. Менеджер осыны клиентке түсіндіріп, ескерту керек. Мысалы, БАӘ-дегі орна­лас­тыру орындарының ең жұлдызы үлкені 7*. Ол Еуропалық стандарттың 5* сәйкес келеді. Немесе Африка мемлекеттеріндегі орналастыру орындарында нақты белгіленген стандарт жоқ. Мысалы, 3* жұлдызды отельде фен, орамал болуы мүмкін, ал 4* жұлдызды отельде олар болмауы мүмкін. Осындай кездерде клиент тарапынан шағым түсуі мүмкін.

  4. Құқығының бұзылуы. Клиент құқығының бұзылуы салда­рынан болуы мүмкін. Мысалы, келісімшартта көрсетілген уақытта ұшып кетпесе немесе келісімшартта трансфер қызметі бар, бірақ аэропорттан ешкім күтіп алмаса және т.б. жағдайларда шағым түсуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет