78. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.
79.Туристік бизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі Американың белгілі ғалымы Пол Самуэльсон – адамдар бірнеше мың доллар пайда таппаса да, күнделікті қажеттіліктері мен міндеттерін атқару үшін өздеріне ұнаған жұмыстарына жоспар құрып ұсақ кәсіпкерлік арқылы қандайда бір іс бастауға мүдделі екендігін атап көрсеткен.
Қазақстан жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану мемлекеттік заң актілері мен кәсіпкерлікті реттеуші әр түрлі құқықтық – үйымдастырушылық заңдар негізінде жүзеге ассады.
Өзінің жеке ісін бастайтын кәсіпкерге мынандай шарттар қойлады:
- алғашқы капитал қалыптасуы үшін мүліктің болуы;
кәсіпкер өз ісінің нәтижесін жүзеге асыру үшін нарықты алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізу;
кәсіпкерлік іс - әрекеттерді атқару үшін ғимараттың болуы;
орындалатын жұмыстың технологиясын жақсы білетін, кәсіби тамандалған әріптестердің, бухгалтерлік, қаржылық жұмыстарды жүргізуші мамандардың болуы.
Әдетте, кәсіпкер өз ісін жақсы меңгерген, бұрын тәжірибесі болған жағдайда және, өзі бастайтын ісіне аса ынталы болғанда ғана бизнес сәтті болып өркендейді.Кәсіпкер өзі тұрған жеріндегі кәсіпкерлікті қолдаушы мекемелерден кеңес алуына болады. Кәсіпкердің бастаған ісі нарық талабына сай болса, онда ісі табысты.
Болашақ кәсіпкер өз ісін жоспарлай отырып, нарықтың ең мааңыызды принциптерін меңгеруі және оны жетекшілікке алуы тииіс:
бірінші, кәсіпкерлік басқа адамдардың қажеттілігіне бағытталғандықтан, ең бірінші, қажетінен шығуы тиіс. Кәсіпкер өз үшін емес, басқалардың қаажеттілігін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алуы керек.
екінші, тауарды өндіруге жұмсалған шығындар барынша аз болуы тиіс, әйтпесе, кәсіпкер өткізілген тауардан жоспарланған пайданы алмауы мүмкін.
үшінші, кәсіпкер өндірілген тауардың бағасын белгілеу кезінде бәсекелестерді зерттеуі тиіс, сонымен бірге сатып алушылар көзқарасы мен нарық жағдайын да зертеп, талдау қажет.Көтерме сауда бағасын жоғарлатса, тауарды дер кезінде өткізе алмауы, ал төмендетсе, пайда түспеуі мүмкін.