Туризмді басқару органдары. ҚР-да туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
Мемлекет туристік қызметті Қазақстан экономикасының басым салаларының бірі екенін мойындай отырып, келесі қағидаларға басшылық етеді:
1) туристік қызметке жәрдемдесе отырып, оның дамуына жағымды жағдайлар қалыптастырады;
2) туристік қызметтің басым бағыттарын анықтайды және қолдайды;
3) Қазақстан туралы туризм үшін жағымды мемлекет деген түсінік қалыптастырады;
4) қазақстандық туристерге, туроператорларға, турагенттерге және олардың бірлестіктеріне қолдау көрсетеді және қорғайды.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:
1) азаматтардың демалуға құқықтарын, саяхат жасау кезінде қозғалу еркіндігін және басқа да құқықтарды қамтамасыз ету;
2)қоршаған табиғат ортасын қорғау;
3)туристерді тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру мақсатындағы қызмет үшін жағдайлар жасау;
4) саяхат кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік индубетияны дамыту;
5) жаңа жұмыс орындарын құру;
6) мемлекеттің және азаматтардың табысын арттыру;
7) халықаралық байланыстарды дамыту;
8) туристік көрсету объектілерін сақтау, табиғи және мәдени мұраны рационалды қолдану.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттар ішкі, шығу, әлеуметтік және харекеттік туризмді қолдау және дамыту болып табылады.
Туристік қызметті мемлекеттік қолдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
-нормативтік-құқықтық актілер құру;
-ішкі және әлемдік туристік нарықтарда туристік өнімді жылжытуға жәрдемдесу;
-туристердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-туристік индубетияда лицензиялау, стандарттау, туристік өнімді сертификаттау;
-ҚР-на кіру, ҚР-нан шығу және ҚР-ның аумағында болу ережелерін анықтау;
-туризмді дамытудың республикандық бағыттық бағдарламаларын дайындау және іске асыруға тікелей бюджеттік қаржыландыру;
-туристік индубетияға инвестициялау үшін жағымды жағдайлар қалыптастыру;
-салықтық және кедендік реттеу;
-жеңілдік несиелер ұсыну;
-туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге көмектесу;
-туристік индубетия саласында ғылыми зерттеулерді дамыту;
-қазақстандық туристердің, туроператорлардың, турагенттардің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларда қатысуына көмектесу;
-картографиялық өніммен қамтамасыз ету;
-ҚР-ның заңнамасында көрсетілген басқа да тәсілдермен.
ҚР-да туристік қызметтің координациялығын туризм саласындағы атқарушы орган жүзеге асырады.
Мемлекет, ҚР-ның «Туристік қызметтің негіздері туралы» Заңында алғаш рет айтылғандай, туристік қызметті Қазақстан Республикасының экономикасында болашағы бар сала ретінде мойындап, туристік қызметтің дамуына жағымды жағдайлар жасауға көмектеседі; туристік қызметтің басым бағыттарын анықтайды және қолдайды; Қазақстан Республикасын туризмді дамыту үшін жақсы мемлекет ретінде қалыптастырады; қазақстандық туристерді, туроператорларды, турагенттерді және олардың бірлестіктерін қолдауды және қорғауды жүзеге асырады.
Туризмнің нормативті-құқықтық базасының негізгі құжаттарының тізімі: ҚР-ның Азаматтық кодексі, ҚР-ның «ҚР-да туристік қызметтің негіздері туралы» Заң, «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» , «Стандарттау туралы», «Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау туралы»; ҚР-ның Үкіметінің қаулысы «Халықаралық туристік қызметті лицензиялау туралы», «ҚР-да қонақүйлік қызметтерді ұсыну ережелері».