6.Туристік кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері. Туристік кәсіпорын және оның құрылымы. 2001 жылдың 13маусымынан « Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес « туристік қызмет жеке және заңды тұлғалардың турисік қызметті ұсынуы».
Туристік кәсіпорындардың негізгі міндеттері саяхаттарды, жорықтарды, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу, өткізілетін іс-шараларға максималды азаматтар санын қатысуға тарту, туристерге жоғары сапада қызмет көрсете отырып өткізілетін іс-шаралардың танымдық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарын қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық-қаржылық қызметтің және адамдардың қауіпсіздігін ұсынатын талаптарды сақтау.
Кәсіпорынның мақсаты оның тандаған туризм және көрсететін қызмет түріне байланысты анықталады.
Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастырумен, оларды дайындау және өткізумен байланысты; турагенттік қызмет туристік жолдамаларды сату және жолдық құжаттаманы дайындаумен айналысады; экскурсиондық қызмет экскурсияларды дайындайды және өткізеді.
Осы қызмет түрлерінің алдында тұратын негізгі мақсаттар:
-Қазақстан тұрғындарының рухани және интеллектуалдық деңгейін арттыру;
-халықтың кең тобын дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға шақыру;
-шетелдік мемлекеттермен мәдени достық қатнастарды дамыту және нығайту;
-жергілікті халықта патриоттық сезімді ояту, шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасына деген сыйластықты арттыру;
-туристер мен экскурсанттарды табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру;
-халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарын туризмге тарту.
Туристік кәсіпорынды құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: құраушыларды жинау, басшыны таңдау, құрушылық келісімшартты ресімдеу, әділет органдарында тіркелу, тіркелу картасын алу, статистика органдарында, салық инспекциясында, зейнетақы қорында есепке тұру және т.б.
Тәжірибеге сүйенетін болсақ турфирма құрылған кезде әдетте 3-4 адамнан тұрады, басшы, қаржылық қызметкер, 1-2 туризм бойынша мамандар.
Турфирманы құру құрылымының негізіне келесі қағидалар салынған: мақсаттылық, икемділік, қызмет және персоналдың минималды саны, жоғары біліктілік, өзараалмастырушылық, қойылған міндеттерді шешудегі экономикалық тәсіл. Әртүрлі қызмет түрлерін игерген туристік фирмалар қызмет санына сәйкес көлемдерін арттырады.
Егер туристік кәсіпорындар филиалдарын ашатын болса, өкілдіктер басқа қызмет түрлерімен айналысады, мысалы: агент ретінде билет сатумен, транспорттық тасымалдаулармен, туристік жабдықтар өндірумен, дүние-мүлік, бұйымдарды жалға берумен, қоғамдық тамақтандырумен, тұрмыстық қызметтер – ұйымдастыру құрылымы қосымша қызметтермен толықтырылады. Басқа жағдайларда жаңа лауазымдар пайда болуы мүмкін, мысалы, экономист, жоспарлаушы, психолог және т.б.
Туристік кәсіпорынның бүкіл қызметтік процессі басты басқару функцияларына сәйкес құрылуы керек: болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, шешім қабылдау, ақпаратты жеткізу, ынталандыру және бақылау. Туристік кәсіпорын қызметінің табысты болуы үшін барлық функциялар маңызды.