11.Бизнес-жоспарлаудың негіздері. Туристік фирмалардағы бизнес-жоспарларды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Туристік фирманы құруда болашақта тиімді бизнес жоспардың болуы шарт. Бұл фирманың қаржылық менеджментін реттеудің бірден бір жолы және ол бірнеше этаптан рет ретімен өткізіледі. Басты мақсаты фирманың нарөыта өз орын қалыптастыру жне жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Жаңа фирманың бизнес-жоспарын әзірлеу сатылық әдіспен жүргізіледі, ал соңғы мақсат болып осы кәсіпорынды құру және оның инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру саналады.
Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құрамына жарғылық қызметтің негізгі түрін таңдау жатқызылады. Егер кәсіпкер туристік қызметті негізгі етіп алса, онда ол тағы 2 мәселені шешуі тиіс.
Республикалық немесе жергілікті деңгейде белгілі салықтық жеңілдіктерге ие, ұзақ мерзімге басым болатын қызметтің негізгі және қосымша түрлерін таңдау қажет, яғни бизнес-жоспарға алдымен тұрақтандырушы қаржылық факторларды және банкроттықтың алдын-алу факторларын кепілдендіру керек.
12.Автосаяхатты жобалау ерекшеліктері. Туристерге қымет көрсетуге бағытталған автоқызметтер тізбегі келесі бағыттарды қарастырады:
1) Автобустық саяхаттар ұйымы;
2) Туристің өзінің жеке меншік көлігінде саяхат жасау ұйымдары;
3) автокөліктерді жалға беру.
Автобуспен саяхаттар. Халықаралық автобустық туризм - туризмнің жаңадан дамып келе жатқан түрі. Ол ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап дами бастады. Осы уақытқа дейін әр түрлі мемлекеттерде автобустар негізінде экскурсиялар, трансферт және жергілікті саяхаттар үшін пайдаланылды.
Шенген келісімінен кейін автобус тасымалдарының дамуында жаңа өзгерістер болды. 90 жылдары автобус туризмінің орташа жылдық өсімі 1,5% құрады.
Көлік минибетлерінің Еуропадағы конференциясы (1984ж) автобустық туризмнің негізгі үш түрін көрсетті:
Автобуспен туризмнің экскурсиялық түрі ретінде халықтың қол жетімді көлігі ретінде үнемі тұрақты дамып отырады. Оның көлемінің өсуі қазірге дейін анық байқалады. Автобустық турларының танымал түрлерінің бірі Еуропа қалаларына экскурсия танымдық мақсаттара 2-3күндік сапарлар. Танымдылық бойынша 2-ші орында Еуропа қалаларына экскурсиялық танымдық мақсаттарда 1-2 аптаға жалғасатын маршруттық турлар.
Автобустық турларды ұйымдастыру барысында басқа тасымалдаушылар сияқты маусымдық өзгерістер маңызды рол атқармайды. Автобустық турлар бүкіл жыл бойына ұйымдастырыла береді. Тек қана қаңтар және ақпан айларында сұраныс аз болады.
Мамандардың пікірі бойынша автобустық турлар нарығында бәсеке маршруттың әр түрлілігіне және қызмет көрсету сапасынан көрінеді.
Автосаяхаттың дайындалу кезеңі келесілерден тұрады: