Тутаева айгерим айтбаевна



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
1.2
 
 Жүкті ана организмі мен дамып келе жатқан ұрыққа әсер 
ететін қауіпті факторлар 
Қазіргі таңда экологиялық тепе-теңдік бұзылуының салдарынан әртүрлі 
эмбрио – және фетопатиялар, қосарланған даму ақаулары айтарлықтай көбейіп 
отыр [21, c.145]. Дәрігер жүкті әйел мен дамып келе жатқан ұрықтың жағдайын 
бағалап, әрбір жағдайда ана мен балаға қауіп төндіретін әсерлерді анықтауға 
тырысады. Дамып келе жатқан эмбрион мен ұрыққа әртүрлі зиянды факторлар 
әсер етеді. Бұл жүктілікке зақымдаушы агенттің әсер ету мерзімі мен 
қарқындылығына байланысы білінеді. Мұндай жүктілік өздігінен түсік тастау, 
ұрықтың жатыр ішінде өлуі, өлі туылу, перинатальді жоғалтулар, даму 
ақаулары сияқты жағдайлармен аяқталуы мүмкін [16, c.; 100]. 
Ағзаның дамып жетілуі өте күрделі үрдіс. Ұрық даму кезінде экзогенді 
және эндогенді әсерлерге сезімтал даму кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерге: 
имплантация (ұрықтың жатырға бекуі), плацентация және органогенез жатады. 
Сонымен қатар жеке ағзаларда өздерінің дамуының критикалық кезеңдері 
болады, яғни уақытқа байланысты кезеңдер. Осы кезеңде түзіліп жатқан жүйе 
өте әлсіз болады. Мысалы дамып келе жатқан миға гестацияның 23-28 күндері 
(дорсальді индукция) нерв түтігіне әсер ету уақыты болып саналады және осы 
этапта әсер еткен барлық зиянды әсерлер даму ақауларына алып келеді 
(анэнцефалия, энцефалоцеле, миеломенингоцеле және т.б.). Гестацияның 30 – 
42 аптасындағы зиянды әсерлер ми жарты шарларының, базальді ганглийлердің 
(голопрозэнцефалопатия) даму ақауларының себебі болуы мүмкін. Сондықтан 
жатырішілік дамудың 4-8 апталары жүктіліктің әлсіз кезеңінің шыңы болып 
есептеледі [101-103]. 
Шала туылған нәрестелердегі ақаудың дамуына сыртқы ортаның әр түрлі 
тератогенді әсерлері, хромосомды ақаулары, көптеген гендердің белсенділігінің 
бұзылысы, цитостатикалық дәрілерді қолдану, витамин жетіспеушілігі, 
радиологиялық, цитоплазматикалық әсерлер немесе жүкті әйелдердегі 
метаболизм (семіздік) бұзылыстары себепші болады. Нерв түтігінің даму 
ақауына алып келетін сыртқы әсерлерге: радиация, химиялық өңдеуден 
алынған токсикалық заттар (мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, пестицидтер және 
т.б.) жатады. Жүктілікке дейін және жүктіліктің алғашқы айларында құрысуға 
қарсы дәрілерді қолдану, жүктіліктің алғашқы айларында ыстық ванна 
қолданудан болған дененің жоғары температурасы, қант диабеті және семіздік, 
құнарсыз тамақтану, витаминдердің әсіресе фолий қышқылының жетіспеуі туа 
пайда болатын ақауларға алып келуі мүмкін [86]. 
Әйелдерде жүктіліктің алғашқы жартысында болған токсикоздар мен 
вирусты инфекциялық аурулар ақаудың дамуына алып келеді [104]. 
В.С. Полунин авт. бірге (2006) туа пайда болған даму ақаулары бар 
балаларда ақаудың түзілуіне әсер ететін себептерді 2 топқа бөлді: осы 
жүктілікке дейін ата–анасында анықталған әсерлер (ата–анасының денсаулық 
жағдайы, 
алдыңғы 
жүктіліктерінің 
ағымы, 
босанушының 
кәсіби 
зияндылықтары, ата–анасының алкогольді қолдануы) және жатырішілік даму 
кезеңінде анықталған зиянды жағдайлар. Даму ақаулары бар балалардың ата- 


17 
аналарының денсаулық жағдайын тексергенде, оларда жалпы және созылмалы 
аурулардың деңгейі мен даму ақауларының таралуы жоғары болды [105]. 
В. И. Кулаковтың (2004 ж) мәліметтері бойынша жоғары қауіп–қатер 
әсерлерін әлеуметтік – экономикалық, демографиялық, аналық, акушерлік 
(ұрық–аналық, плацентарлы, босану) және неонатальді деп ажыратуға болады. 
Тератогенді әсерге ие қауіп–қатерлер бөлек анықталады. Автор әлеуметтік-
экономикалық қауіп–қатер тобына мына көрсеткіштердің жататынын атап өтті: 
әкесі төмен әлеуметтік – экономикалық мамандық иесі және отбасын қаржымен 
толық қамтамасыз ете алмауы; отбасының толық болмауы және осыған 
байланысты психологиялық және қаржы қиындықтары: заңсыз, тіркелмеген 
неке және жүкті әйелдің өтпелі кезеңі; отбасының тұрмыс жағдайының 
төмендігі; ауыр әлеуметтік жағдайлар (құлаған үй, ата–ана арасындағы 
мәселелер; мүгедектік және т.б.); балалық шақта, жасөспірім кезеңінде, 
жүктілікке дейін және жүктілік кезінде жеткіліксіз тамақтану. Демографиялық 
қауіп-қатер тобына анасының 16 жастан төмен немесе 35 жастан жоғары болуы; 
бойының қысқалығы (152 см төмен); дене салмағының жасына сәйкес нормадан 
20% төмендігі; темекі тартумен әуестенуі; тұқым қуалаушылығы бар, ауыр 
отбасылық патологияның болуы жатады. Зерттеуші ғалым аналық қауіп–қатер 
әсерлеріне ерекше тоқталып өтті. Оларға әйелдің денсаулық жағдайы және 
алдыңғы жүктіліктің нашар аяқталуы: акушерлік анамнездегі аборт, 
эктопиялық жүктілік, жүктілікті көтере алмау, ұрықты жоғалту, өлі туылу, 
шала туылу, даму ақауларымен және неврологиялық бұзылыстармен туылған 
балалардың көп ұзамай қайтыс болуы, балаларының церебральді сал ауруы 
және анасының созылмалы аурулары; артериальді гипертензия, бүйрек және 
зәр шығару жүйесінің аурулары, қант диабеті, жүрек қантамыр жүйесінің 
аурулары, өкпе және бүйрек, эндокринді, гематологиялық және инфекциялық 
аурулар, қатерлі жаңа түзілімдер жататындығын атап өтті [106]. 
Адам тератогенезіне алып келетін қауіп-қатерді бірнеше топқа бөлуге 
болады. Олар жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге берілетін медикаментозды 
препараттар, жүкті әйелдерде кездесетін метаболикалық дисфункциялар; жүкті 
әйелдердегі инфекциялар (сифилис, қызылша, цитомегаловирус, токсоплазмоз, 
ЖИТС және т.б.); қоршаған ортаның физикалық әсерлері (иррадиация, 
химиялық және т.б. заттар) [107]. 
Қазіргі таңда, тератогендер адам денсаулығына айрықша зиян келтіруде, 
400 тірі туылған сәбилердің ішінде біреуі тератогенді заттардың әсерінен ауыр 
ақаумен туылады. Сонымен қатар, олар барлық даму ақауларының 10% себебі 
болуы мүмкін. Туылғаннан дамитын бұзылыстарды зерттеу кезінде зақымдалу 
орны мен уақытына, зақымдаушы әсердің сипатына үлкен мән беріледі [98, 
c.81]. 
Алкоголизм ата–анасының генеративті жасушаларына және ұрықтың 
жатырішілік дамуына кері әсерін тигізеді. Отбасылық алкоголизмде өлі туылу, 
мезгілсіз түсік тастау, шала туылу, жатырішілік және постнатальді дамудың 
бұзылыстары жиі кездеседі. Темекі тартатын әйелдерде қан кету мен плацента 
салмағының төмендеуі екі есе жиі кездеседі. Темекіге әуесқойларда, 


18 
тартпайтындарға қарағанда өлі балалар туылуы екі есе жоғары. Дене салмағы 
қалыптыдан төмен болуы балалардың 7-8% кездеседі [108; 109]. 
Т.Г. Демьянова авторлармен бірге (2006 ж) сәбилер өліміне алып келетін 
қауіпті әсерлерге, жоспарланбаған жүктіліктен болған, гестациялық мерзімі 28 
аптаға дейінгі, морфо – функциональді толық дамып жетілмеген, 1000 г дейінгі 
салмақты шала туылған балалар, әлеуметтік – экономикалық қолайсыз 
отбасыдан шыққан жалғыз басты, 17 жасқа дейінгі немесе 35 жастан жоғары 
жұмыссыз әйелдер, білімі мен санитарлық – гигиеналық мәдениеті төмен, 
зиянды әдеттері бар, әйелдер кеңес үйінде тіркелмеген немесе бақыланбайтын 
жүкті әйелдер, гинекологиялық және соматикалық ауруларының өршуі бар, 
сифилис, ЖИТС, вирусты гепатит ауруларымен ауыратындар жатады [73, c.87]. 
Нәрестелер өліміне ықпалы мол әсерлерге – анасының жасы, оның 
денсаулық жағдайы, босану түрі, кәсіби зияндылықтар, зиянды әдеттер жатады. 
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, қысқа аралықта (2 жылға дейін) жиі босану 
ана мен ұрыққа қауіпті әсер болып табылады. Қысқа аралықта туылған балалар, 
интервалы 2 жыл және одан ұзақ уақытта туылған балаларға қарағанда 2 есе 
жиі қайтыс болады (1 жасқа дейін) [110;111]. 
О.Р. 
Беккердің 
(1991ж.) 
зерттеу 
нәтижесі 
бойынша 
қысқа 
интергенетикалық интервалдар және босанудың жоғары қауіптілігі, анада 
анемияның болуы жатырішілік дамудың кідіруімен жүретін нәрестелердің шала 
туылуына алып келеді. Автор ең аз нәрестелердің өлімі 20-30 жас аралығында 
босанған аналар арасында болатындығын атап көрсетті. Нәрестелер өлімі 
алғашқы жүктілікте және 6-7 бала босанудан кейін жиілейтіндігін мәлімдеді. 
Алты және одан жоғары босанулар болса, нәрестелер өлімінің саны 
жоғарылайды [110, c.17]. 
Көптеген ғалымдардың пікірінше, жүкті әйелдер арасында темекі тарту 
мен арақ–шарапқа әуестенбеу нәрестелер өлімін төмендетеді [108, c.6]. 
Қорытындылай келе, туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 
балаларда өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы, дұрыс нәтижеге алып 
келмейтін анте – интранатальді кезеңдердегі қауіпті әсерлерді ескере отырып, 
көмек көрсетудің жаңа жолдарын ұйымдастыруды және жетілдіруді талап етеді 
[112]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет