Тутаева айгерим айтбаевна


Диссертацияның көлемі мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Диссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертация компьютерлі мәтінмен терілген 91 беттен тұрады. Келесі 
бөлімдерден құралған: кіріспе, әдебиетке шолу, IV тараудан тұратын негізгі 
бөлім, қорытынды, тұжырымдар, тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан. Диссертация 8 сурет және 26 кестемен 
көркемделген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 187, оның 85 алыс шет ел 
басылымдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11 
1 ШАЛА ТУЫЛУДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ТУА ПАЙДА 
БОЛҒАН ДАМУ АҚАУЛАРЫ БАР ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ 
КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТТАРЫ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ) 
 
1.1
 
 Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 
балалардың эпидемиологиясы 
Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы басымдылық бағытын жүзеге 
асырудағы негізгі міндет- өмір сүру деңгейі мен қоғамның дамуын сипаттайтын 
демографиялық көрсеткіштің бірі, перинатальді өлімді төмендету болып 
табылады. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет жаңа туылған 
сәбилер, жүкті және босану кезеңдердегі әйелдерге медициналық көмек 
көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылатып, шала туылған балаларды 
жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз етуі қажет 
[22, c.15; 4, p.90; 3, p.506]. 
Өлім көрсеткішінің негізгі себептері болатын классикалық триадаға: шала 
туылу, туа пайда болған даму ақаулары, гипоксиялық–жарақаттық 
энцефалопатиялар жатады [62; 63]. 
Шала туылған балалар аурушаңдық пен өлім көрсеткіштері бойынша 
жоғары қауіп-қатер тобын құрғандықтан, басты назарда болуы керек. Мерзімі 
жетіліп туылған балаларға қарағанда, шала туылған балаларда өлім–жітім қаупі 
бірнеше есе жоғары [23, с.15; 6, с. 304; 64]. Ресейде барлық жаңа туылған 
сәбилердің 3-16% шала туылған балалар құрайды және қазіргі таңда бұл 
көрсеткіш төмендемей отыр. Қазақстанда әрбір 10 – шы сәби шала туылады [7, 
c.33; 8, p.380; 9, c.20]. 
Гестациялық мерзімнің 37 аптаға дейін және антропометриялық 
мәліметтер бойынша туылған кездегі салмағы 2500 г, бойы 45 см төмен болуы 
сәбилердің шала туылғандығын анықтайтын белгілерге жатады [6, c.353; 65-
68]. 
Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін шала туылған 
балаларға дер кезінде және сапалы түрде емдеу, алдын алу шараларын жүзеге 
асыру қажет [12, p.862; 11, p. 1293]. 
Шала туылған балалардың өмір сүру сапасы көптеген әсерлерге 
байланысты, олардың негізгілеріне туылған кездегі гестация мерзімі мен даму 
дәрежесі, туылған кездегі дене салмағы, ішкі ағзалардағы айқын бұзылыстар, 
заманауи 
реанимациялық 
арсенал 
көмектерін 
барынша 
қолдану, 
реабилитациялық көмек пен қалпына келтіру шараларын дер кезінде көрсету 
жатады [69-71; 39, p.265]. Шала туылған балаларды қайта қалпына келтіруді 
жоспарлағанда, олардың қарқынды емдеу мен реанимацияны, оперативті 
араласуларды бастарынан өткізгендігін, даму ерекшеліктерін міндетті түрде 
ескеру қажет [72-75; 4, p.90; 71, p. 201]. 
Шала туылған балалар перинатальді және сәбилік өлім–жітім 
көрсеткіштерінің едәуір бөлігін құрайды және оларда неонатальді және 
постнеонатальді кезеңдердегі аурушаңдық пен асқынулардың даму қаупі 
жоғары болатындығы белгілі [76; 77; 31, c.19; 15, p.122; 8, p.382]. 


12 
Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туылудың 
критерийлеріне өтуіне байланысты, шала туылған балаларды емдеу мәселесі 
қазіргі таңда ерекше өзектілікке ие болып отыр. Шала туылған балалар өте жиі 
аурушаңдыққа шалдығады (мерзімі жетіліп туылғандармен салыстырғанда, 17-
20 есе жоғары) [2, c.302; 1, c.10; 78]. Оларда жатыр ішінде дамудың кідіруі 3 есе 
жиі кездеседі [79]. Шала туылған нәрестелер жедел респираторлы вирусты 
инфекциялармен, ішек инфекцияларымен 3 есе жиі ауырады. Шала туылған 
балаларда аллергиялық аурулар 2 есе жиі кездеседі, ал физикалық және 
психомоторлық дамудың кідіруі 10 есе жоғары болады [69, c.171; 24, c.35; 80; 
36, c.52]. Шала туылған балаларда мезгілсіз өлім синдромының даму қаупі 
жоғары [81-84]. 
Ю. В. Курносовтың (2013) мәліметі бойынша реанимация бөлімшесіндегі 
шала туылған балаларда мынадай көрсеткіштер анықталған: әр түрлі генездегі 
ОНЖ перинатальді зақымдануы - 100%, РДС - 40,3%, неонатальді пневмония - 
54,4%, жатыр ішілік инфекция - 18,3%, неонатальді сепсис - 6,9% , БӨД ауыр 
дәрежесі - 12,6%, гидроцефалия - 10,1%, ПВЛ - 22,7%, әр түрлі кезеңдегі 
ретинопатия - 4,4% [41, c.15]. 
Шала туылған нәрестелердегі туа пайда болған даму ақаулардың мәселесі 
соңғы 10 жылдықта үлкен медициналық – әлеуметтік маңызға ие болды. 
Мәселенің маңыздылығы және бұл бағыттың басымдылығы пренатальді 
анықтау әдістерінің тәжірибеге енуіне байланысты ұлғайып отыр. Бұл жағдай 
туа пайда болған даму ақауы бар шала туылған балалардың туылуын белсенді 
түрде алдын–алуға негіз болды [21, c.256; 85]. 
ДДҰ мәліметі бойынша даму ақауларының популяциядағы жиілігі 2,7 – 
16,3% аралығында, орташа 4-6% құрайды және қазіргі таңда бұл көрсеткіштер 
төмендемей отыр. Туа пайда болған даму ақаулары жөніндегі Ұлттық 
америкалық орталықтың мәліметтеріне сай әлемде жыл сайын 10-20 млн. 
балалар даму ақауларымен туылады. Ресей Федерациясында 2003 жылы 1млн. 
483 мың бала туылып, оның 43 мыңы немесе 2,9% даму ақаулары бар болды. [5, 
c.456]. 
Жыл сайын Украинада туа пайда болған даму ақаулары және тұқым 
қуалаушылық аурулары бар 12000-ға жуық балалар туылады. Мәліметтерге сай 
Қазақстан Республикасында жыл сайын 2500–3000 дейін даму ақаулары бар 
балалар дүниеге келеді. Даму ақаулары перинатальді өлім-жітім көрсеткіші 
бойынша 2-3 орында, ал экологиялық қолайсыз аймақтарда бірінші орынға 
шығып отыр [86; 87]. Балалар өлімінің негізгі себебі болып туа пайда болған 
даму ақауларының ішінде жүрек қантамыр жүйесі – 24,4%, ОНЖ - 20,6% және 
қосарланған даму ақаулары - 11,8% құрайды. 1 жасқа дейін туа пайда болған 
даму ақаулары бар балалардың 30% қайтыс болған, ал тірі қалған балаларда 
ақыл-ойдың немесе физикалық жағынан артта қалушылық жиі байқалған. 2015 
жылы Ресейде дені сау нәрестелердің саны шамамен 15-20% төмендеп, ал туа 
немесе жүре пайда болған даму ақаулары бар нәрестелердің көрсеткіштері 20-
25%-ға дейін жоғарылайды деп болжанды [60, c. 55; 61, c.59]. 


13 
Шала туылған балаларда мүгедек болу қаупі, ауыр соматикалық аурулар 
мен ОНЖ патологияларының даму мүмкіндіктері жоғары болады. Шала 
туылған балалардағы мүгедектікке алып келетін негізгі себептерге: жүйке 
жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары – 30%, психикалық бұзылыстар – 
12%, тыныс алу ағзаларының аурулары - 7% жатады. Ауыр неврологиялық 
ауытқулар (балалардың церебральді сал ауруы, соқырлық, кереңдік, сананың 
артта қалуы) – 12-32% құрайды [13, p. 1556; 14, p. 978]. 
Перинатальді медицинаның жетістіктері болуы шала туылған балаларға 
ұзақ уақыт дұрыс күтім жасауға, емдеу және сауықтыру шараларын тиімді 
өткізуге мүмкіндік береді. Туылу саны төмен заманда, шала туылған нәрестелер 
денсаулығының сапасы маңызды болып отыр. Неонатальді кезең – адам 
онтогенезінің ең маңызды қиын кезеңі. Бұл онтогенетикалық кезеңнің 
қиындығы шала туылған балаларда морфологиялық және функциональді қайта 
құрылу үрдістерінің туылғаннан кейінгі өмірге бейімделуіне байланысты. 
Неонатальді онтогенез ағымының қолайсыз ерекшеліктеріне: экологиялық
биологиялық және қоғамның теріс әсерлері қосарланып отыр. Туылу 
көрсеткіштерінің төмендеу салдарынан, өмір сүру ұзақтығының аз болуынан 
балалар мен жас өспірімдердің, сонымен қатар босану жасындағы әйелдердің 
денсаулық жағдайлары күрт нашарлап отыр [28, p. 639; 29, p.58]. 
Хирургиялық патологиямен туылған нәрестелердің саны үнемі артуда. 
Хирургиялық аурулардың көп бөлігін асқорыту жүйесінің, өкпенің, көкеттің, 
бүйректің, ОНЖ туа пайда болған даму ақаулары құрайды. Науқас баланың 
жағдайының ауырлығы қосарланған даму ақауларына байланысты. Туа пайда 
болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды кешенді емдеу сұрақтары 
әлі толық зерттелмеген. Перинатальді кезеңде нәрестелер арасында бұзылыстар 
көп анықталатын болғандықтан, өмірлерінің ерте кезеңдерінде жүргізілетін 
тәжірибелік және ғылыми іс әрекетке ерекше көңіл бөлу қажеттілігін ғалымдар 
дәлелдеген [16, c.19; 18, p.132]. 
Ерте жастағы балалардың өлімі мен мүгедектігінің негізгі себептерінің бірі 
шала туылу мен туылған кездегі дене салмағының төмен болуы [17, c.8]. Шала 
туылған балалар - ерте жастағы балалардың мүгедектігі мен психомоторлы 
даму бұзылыстарына ұшырайтын негізгі қауіп тобы және жиі анамнезінде 
перинатальді церебральді патология анықталады [88-90]. Шала туылған 
балалардың ерте даму кезеңінде ағзалар мен жүйелердің функциональді толық 
дамып жетілмеуіне, бронхөкпе жүйесі жағынан болатын өзгерістер, асқазан 
ішек жолдарының дисфункциясы, гемодинамиканың тұрақсыздығы, зат алмасу 
бұзылыстарына бейімділік (рахит, аллергия), ферментопатиялар, бактериальді – 
вирусты инфекцияларға жоғары сезімталдық, сенсорлы дамудың бұзылысы 
және кідіруі қосылады [ 38, p.898]. 
Егер шала туылған балалардағы даму ақаулары нәрестенің өліміне алып 
келмесе, онда ересек жаста жиі жағдайда балалардың қоғамдық өмірге 
бейімделігі төмендейді, жұмысқа деген қабілеті нашарлайды. Баланың даму 
ақауымен туылуы отбасының әрі қарайғы репродуктивті қызметіне, 


14 
психологиялық жағдайына, науқастың жеке тұлға болып қалыптасуына кері 
әсерін тигізеді [91-93]. 
Шала болып туылған көптеген балалар морфо – функциональді толық 
дамып жетілмегендіктен мүгедек болады. Дене салмағы төмен балалар жиі 
неонатальді кезеңде қайтыс болады, ал тірі қалған 40% нәрестелерде 
балалардың церебральді сал ауруы, гидроцефалия, ақылдың кідіруі, құрысу 
жағдайы, мінез құлықтың бұзылысы, есту мен көру ағзаларының зақымдануы 
жиі кездеседі [69, c.177; 45, p.12]. Бұл балаларда өскен сайын ОНЖ 
зақымданады және өкпенің, асқазан ішек жолдарының, бауырдың созылмалы 
аурулары дамиды. Шала туылған балалардың жартысында бойы мен 
физикалық дамуы артта қалады [94; 95]. 
Өкінішке орай, даму ақаулары бар нәрестелерді ерте анықтау мен 
хирургиялық емдеуге бағытталған жұмыстар, тек соңғы жылдары ғана жарық 
көре бастады, ал даму ақаулары бар шала туылған балаларға кешенді 
медициналық - әлеуметтік зерттеу жүргізу ғылымда сирек кездеседі. Біздің елде 
нәрестелердің хирургиялық орталықтары өте аз, осыған байланысты, 1 жасқа 
дейінгі туа ақауы бар балалар, оның ішінде шала туылған балалар, жалпы 
хирургиялық бөлімшелерде емделеді, ал бұл жағдай өлім көрсеткішінің 
жоғарылауына алып келеді [25, c.295; 96]. 
Шала туылған балаларға жүргізілетін емдеу іс шаралар бойынша қарама 
қайшылықтар бар. Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 
балаларға қажетті тексеру әдістері, аурухана жағдайында оперативті емді 
бастау мерзімі жөнінде біріңғай пікір жоқ [60, c.56; 61, c.60]. Шала туылған 
балаларға жасалған хирургиялық емнің нәтижелі болуы көптеген әсерлерге 
байланысты, олардың ішінде ерекше маңыздылары деп патологиялық процестің 
ағымын, бала ағзасының конституциональді ерекшелігін, интеркуррентті 
аурулардың кездесуін, хирургиялық емнің тиімділігін, операциядан кейінгі 
кезеңдегі асқынуды және сауықтыру ерекшеліктерін атауға болады. Қазіргі 
таңда, туа пайда болған даму ақауларымен қатар соматикалық және 
неврологиялық асқынулары бар шала туылған балаларды тексеру әдістерінің 
алгоритмін құрастыру мен емдеу сұрақтары жайлы мәліметтер әдебиеттерде аз 
қамтылған. 
Оперативті емдеу технологияларының соңғы жетістіктерінің нәтижесінде 
неонатальді хирургияда микрохирургиялық әдіс кең қолдануда, бірақ соңғы 10 
жылдықтың мәліметтері бойынша операциядан кейінгі ерте кезеңде, әсіресе 
шала туылған балаларда асқынулардың саны артып отырғандығы белгілі 
болды. Бұл жағдай, қайта операция жасау мәселесін тудырып толыққанды 
сауықтыру шараларын жүргізуге кедергі келтіреді және науқастың өмір сүру 
сапасын төмендетеді [21, c. 156; 97]. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларға күтім жасау, 
ерте оперативті араласулар және сауықтыру шараларын жүргізу соңғы 
жылдары ерекше өзекті мәселе болып отыр. Бұл жағдай ерте неонатальді өлім 
жітімді төмендетуге бағытталған жаңа медициналық технологиялардың 
белсенді түрде қолдануға байланысты [43, c.12; 15, p.123]. 


15 
Дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, даму мәселесі бар шала 
туылған балаларды емдеудің нәтижелілігін жоғарылатып, балалардың күтіміне 
жұмсалатын экономикалық шығынды төмендету үшін, нәрестелерді туылған 
жердегі неонатальді хирургия орталығында оперативті емдеу қажеттігі, 
операцияның нәтижесіне негативті әсер ететін салқындау, тасымалдауға 
уақытты жоғалту және нәрестенің бейімделуі мен инфицирлену қаупі сияқты 
қолайсыз әсерлерді –жоюға болады [ 25, c.296]. 
Соңғы жылдары Қазақстанда пренатальді анықтаудың заманауи 
әдістерінің дамуы мен енуіне байланысты, клиникалық тәжірибеде неонатальді 
хирургиялық көмекті дамытып, туа пайда болған даму ақаулары бар шала 
туылған балалардың емдеу тәсілдерін іске асыруда қолайлы өзгерістер болды 
[98]. Антенатальді кезеңде анықталған, ұрықтағы даму ақауының сипаты мен 
ерекшелігі жайлы толық және нақты мағлұматтың болуы, құрамында 
неонатальді хирургі бар дәрігерлердің консилиумының шешімі жүктілікті созу 
және жаңа туылған нәрестені емдеу әдістері жайлы ата– анасына түсіндіруге 
мүмкіндік береді. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 12.08.2011 жылғы №536 бұйрығына 
сәйкес «Қазақстан Республикасындағы неонатальді хирургияның дамуы», «Жол 
картасы» Шымкент қаласының Облыстық клиникалық балалар ауруханасының 
базасында үш аймаққа (Қызыл Орда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы) 
неонатальді хирургия орталығы ашылды. Бұл жерде даму ақаулары бар 
балаларға мамандандырылған көмек көрсетіледі. Шала туылған нәрестелердегі 
даму ақауын ерте анықтау арқасында, олардағы асқынулардың алғашқы 
көріністері пайда болмай жатып мамандандырылған хирургиялық ауруханаға 
жөнелтіп, ақауға ерте оперативті жолмен көмек жасауға мүмкіндік береді [22, 
c.10]. 
Даму ақаулары бар шала туылған балаларды емдеудің тиімділігі 
әлеуметтік көмек берумен өлшенеді. Бұл жағдай мемлекеттің медициналық – 
экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді. Бірақ әлі де пренатальді 
анықтаудың жақсаруы, медико–генетикалық қызметтің дамуы және 
хирургиялық көмектің көлемі жетілдірілгенмен, туа пайда болған даму 
ақауларымен туылатын нәрестелер саны азаймай отыр [5, c. 181]. 
Даму ақаулары бар шала туылған балаларды аурухана жағдайында сәтті 
емдеу үшін, оларды анықтау және емдеу әдістері бірыңғай болуы шарт. Бұл 
жағдай шала туылған баланың анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін, 
нервтік-психикалық заңдылықтарының дамуын, бұзылған қызметтердің 
айқындылық дәрежесі мен сипатына байланысты оперативті жолмен қалпына 
келтіру мерзіміне байланысты болады. 
Қорытындылай келе, пренатальді өлімді төмендету үшін туа пайда болған 
даму ақаулары бар шала туылған нәрестелерге жүргізілетін емдеу әдістерін 
жетілдіру қажет. Әртүрлі гестациялық мерзімдегі туа пайда болған даму 
ақаулары бар шала туылған балаларда неврологиялық және соматикалық 
патологиялардың даму сұрақтары өзекті мәселе болып саналады [99]. 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет