Тутаева айгерим айтбаевна



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Тутаева Диссертация

Зерттеудің мақсаты 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды аурухана 
жағдайында кешенді тексеру арқылы емдеудің нәтижесіне әсер ететін 
неврологиялық және соматикалық ерекшеліктерді анықтау. 
Зерттеудің негізгі міндеттері 
1. Аурухана жағдайында туа пайда болған даму ақаулары бар шала 
туылған балалардың кездесу жиілігін анықтау және жатырішілік даму кезінде 
орын алған қолайсыз жағдайларды көрсету. 
2. Емдеу барысында туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 
балаларда аурудың жағдайына, соңғы нәтижесі мен болжамына әсер ететін 
мәліметі мол қауіпті әсерлерді анықтау.
3. Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды емдеу 
кезінде қолайсыз нәтижеге алып келетін негізгі неврологиялық және 
соматикалық патологияларды көрсету.
4. Шала туылған балаларда неврологиялық жүйені зерттеуде нерв 
жүйесінің перинатальді зақымдануын ерте анықтау үшін жаңа шартсыз 
рефлексті ұсыну. 
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары
- Көлемді және дәлелді клиникалық материалдар негізінде туа пайда 
болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың клиникалық ағымының 
ерекшеліктерінің, неврологиялық және соматикалық асқынулардың ауру ағымы 
мен болжам нәтижесіне әсері анықталды. 
- Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың ауру 
барысының жедел кезеңіндегі неврологиялық және соматикалық асқынулар: 
естің болмауы, полиағзалы жетіспеушілік, некротикалық энтероколит
бронхөкпелік дисплазия, сепсис, қарыншаішілік қанқұйылу және туа пайда 
болған даму ақауының ауырлығы сияқты патологиялық жағдайлармен 
анықталды. 
- Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды тексеру 
кезінде қолданатын тиімді әдіс ұсынылды. Ауқымды рефлексогенді аймақты 
тітіркендіруге 
байланысты 
шақырылатын, 
қалыпты 
жағдайда 
және 
перинатальді патологиялары бар нәрестелерде тұрақты түрде анықталатын 
бүгілу рефлексі анықталды (Қазақстан Республикасының өнертабыс патенті
01.16.2017 жылғы № 32174). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет