2.Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(әтеш,петух, cock,кок)
3.Үшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(Қарға,Ворын,Crow,креу)
4.Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
(ауа, воздух, air,эар)
5.Қабат-қабат киінген,
Төбе шашы түйілген.
Шешіндірген кезенде,
Жас тұрады көзінде,
(Пияз,лук,onion)
6.Ұшады,
Қонады,
Гүлдердің қонағы.
Қысында көрінбей,
Жазыңда болады.
Түр-түсі сары ала,
Не нәрсе?-
(Бал ара,Пчела,Вее,би)
7.Жоқ тігетін жейдесі,
Жоқ үзілген туймесі.
Жібі де жоқ, алайда
Толып жатыр инесі.
(Кірпі,ежёк,Hedgehog,хэджхог) 8.Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(Ағаш,дерева,tree,три)
9.Шұбатылып қалыпты
Керемет- ау кернеуі –
Тасты кесіп жарыпты.
( өзен, река,River, риве). 10.Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.
(Бақа,Легушка,frog,фрог)
11.Жымыңдатып көздерін,
Түнде алыстан жанады.
Таң атқанда өздері,
Жасырынып қалады.
(Жұлдыздар, звезда, stars,старс)
12.Көкке қарап наздана
Қолын созар күнімен.
Күз,
Қыс,
Көктем,
Жазда да
Өзгермес бір түрінен.
(Шырша, елка, fir-tree,фри три)
13.Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды.
(мысық, кошка,cat,кэт)
14.Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(қоян, заяц, rabbit,ребит) .
15 Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай) 16. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
Жургізуші:
Өмірменен білімді,
Әркімнің өз жолы бар
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар
Батыр туса – ел ырысы, Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
(Жаңбыр жауса – жер ырысы) Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Жургізуші:
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына-дей келе 4 шы бөлім, бұл бөлім «Ойлы болсаң, озып көр»деп аталады,топ басшылары теріс қарап тұрады,ал қалған қатысушылар тақтаға шыққан суреттерді кезекпен кезек топ басшысына түсіндіреді. Суретті айтпайды басқа жағынан түсіндіреді.(1 бал)
Топ Мысық. Алма, арба, оқушы, бала, телефон, ата, мақта, балта,
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз.
Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.
Жүргізуші Мінеки, сайысымыздың аяқталуына да бірнеше секундтар қалды. Ендеше сөз кезегі әділқазыларда (Әділқазылар баға беріп, сыйлықтарын тапсырады). « ой мен ойын » сайысымызды жабық деп жарялаймын.Қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет!