80
-
бірізділік қағидасы: - физика пәні бойынша белгілі бір мәселені шешудің
бірізділігін қамтамассыз ету.
-
көрнекілік қағидасы: - физика пәнінде зерттелінетін объектілерді,
қолданылатын медициналық аппараттарды қолдану, студенттің біліктілігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістері: жобалау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,
гипотеза құру.
Ғылыми жұмыста физика пәнін оқытудағы әдістерді қолдануда келесідей
талаптарды ескерілді:
- физика пәнін оқыту үрдісінде бірнеше әдістерді ұштастыра қолдану;
- қолданылған оқыту әдістері студенттердің ойлау қабілетін, танымдық іс-
әрекетін, білімін, өзіндік жұмыс істеу қабілетін болашақ мамандығында
қолдана алуын ескеру;
- физика пәнінде меңгерілетін білімдерді медициналық техникаларда
қолдану қабілетінің қалыптасуын ескеру.
Медициналық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби даярлығын
ұйымдастыруда, олардың оқуға, жаңа білімді ізденуге деген оң көзқарасын
қалыптастыратын шарттарды (игерген білімдерінің теориялық және
практикалық маңыздылығы, оқу мақсатына қол жеткізу, материалдың
жаңашылдығы, проблемалық жағдайларды шешу және т.б.) қамтамассыз ету
маңызды орынға ие болады [154].
Қорыта келгенде, оқытудың формаларының бірі студенттердің жобалау
жұмыстарын, проблемалық оқыту технологиясы мен гипотеза құруды
ұйымдастыру болып табылады. Физика пәнін оқу барысында аталған
технологиялар процесі студенттердің практикалық тәжірибе алуын,
шығармашылық белсенділіктерін қамтамассыз етуге мүмкіндік береді. Себебі
әрбір студент, жоғары оқу орнында оқу барысында тек іргелі және кәсіби
білімді алып қана қоймай, сонымен қатар, өз білімін өздігінен жетілдіріп,
практика жүзінде қолдана алуы керек. Дәлірек айтсақ, кәсіби бағытта оқыту
үшін жобалау технологиясы, диагноз қоюда бірлескен іс-әрекет, медициналық
аппараттан алынған ақпаратты бір күйден екіншісіне ауыстыру үшін
проблемалық оқыту технологиясы, мәселені шешу тәсілі ретінде гипотеза
қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: