Сабақты жүргізудің әдістемелік нұсқаулығы
Жобалық пен зерттеушілік біліктілікті анықтау үшін, яғни мақсатын
құрастыру,
оны
нәтижесімен
салыстыру;
эксперимент
орындау;
диагностикалық приборлардан берілгендерді алу; рефлексияны жүзеге асыру,
оқытушы студенттерге анкетаға жауап беруді ұсынады.
Сонымен қатар жобалау іс-әрекетінің тиімділік деңгейін соңында анықтау
үшін, алғашқы жобалық біліктілігін де айқындап алу қажет.
Анкета.
- Жоба дегеніміз не?
- Жоба бойынша іс-әрекетіңізді жоспарлай аласыз ба? Егер ия болса, онда
жоба бойынша Сіздің іс-әрекетіңіз қандай кезеңдерден тұрады?
81
- Жобаңыз бойынша эксперимент орындай аласыз ба? Егер ия болса,
қандай жоспар бойынша?
- Жоба бойынша өз іс-әрекетіңізді қалай тексеретін боласыз? (Өз іс-
әрекетіңізді сипаттаңыз).
- Сіз қалай ойлайсыз, жобаңыздың нәтижесі практикалық тұрғыдан қалай
қолданылуы мүмкін?
- Гипотеза дегеніміз не? Шприцтің жұмыс жасау принципіне гипотеза
құрастырыңыз.
Іс-әрекетті жоспарлау.
Берілген кезеңде оқытушы кез келген іс-әрекетті жоспарлаудың
құраушылары туралы студенттерге түсіндіреді:
- іс-әрекеттің негізгі кезеңдерін бөліп алу;
- қандай тізбекте олар орындалатынын анықтау;
- жобада қандай тәсілдер мен іс-әрекеттер қолданылады;
- жұмысты орындау уақыты мен оның аяқталу мерзімі анықталады.
Оқытушы жоспарлау кезеңінің міндеттілігін, оның жақсы тұстарын
түсіндіреді, себебі, жоба жұмыс жоспарланбай басталуы мүмкін емес.
Жоспарлау бойынша жұмыстарды орындау нәтижесінде, студенттерде басты іс-
әрекетті таңдап алуға қабілетті, барлық материалды логикалық тұрғыдан
орналастыру, соған негіздеу қалыптасады.
Оқытушы студенттерге жұмыс дәптерін, өз іс-әрекетінің кезеңдерін тіркеп
отыруға кеңес береді. Жоба аяқталған соң, мұндай дәптерлер өз іс-әрекетін
талдауға және рефлексия орындауға мүмкіндік береді. Мұндай дәптерлердің
көмегімен, оқытушы студенттің іс-әрекетін, туындаған қиындықтарды және
олардың шешімін жеңіл қадағалай алады.
Диагностикалық аппараттың жұмыс істеу принципі негізін құраушы
құбылыстарды зерттеу.
Диагностикалық аппараттың жұмыс істеуіне негіз болатын физикалық
құбылыстарды зерттеу (төмендетілген қысымдағы газды разряд, магнит өрісі
және оның сипаттамасы, дыбыстық толқындар, электромагниттік толқындар,
практикалық жұмыстарды орындау негізінде жүзеге асады). Студенттің жұмыс
істеу бағыты оқытушымен бірлесе отырып жоспарлануы мүмкін. Бұл жұмыста
жұмыс соңында студенттің қорытындысына, берілгендерді талдай алу,
ақпаратты жалпылауына баса назар аударылады.
Әдебиеттермен жұмыс.
Берілген кезеңде студенттер, прибор іс-әрекетіне, организмді зерттеу үшін
оны іске қосқанда жүретін процестерге негіз болатын құбылыстарды зерттеу
бойынша, қажетті материалды қандай ақпарат көздерінен іздейтінін анықтап
алуы қажет. Мәселе туындағанда оқытушылар белгілі бір әдебиетті ұсына
отырып, көмегін береді.
Диагностиканың нәтижесін бақылау.
Бұл кезеңде алдымен оқытушы диагностикалаудың жалпы принциптерін
түсіндіреді. Студенттер өз бетінше алғашқы қадамдарын жасайды, яғни прибор
негізінде алынған ақпаратты зерттейді. Оқытушы кезегімен әр түрлі прибордан
алынған диагностикалық ақпараттардың түрлі көздерін ұсынады. Ол дегеніміз,
82
қандай да бір сау ағзаның графигі, сызбасы не суреті, сонымен қатар, ауру
белгілері бар ағзаның суреттері мен кескіндері. Студенттермен бірге, олардың
оқу алгоритмі даярланады. Студенттер бұл кезеңде, негізінде, ақпаратты түсіну
тәсілдерін жұмыс дәптерлеріне жазады және бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |