Уалиханова баян сапарбековна



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#16828
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
Ұлан диссертация

Рефлексия. Рефлексия жазбаша күйде жүргізіледі. Оқытушы студенттерге 
рефлексия  картасын  толтыруды  ұсынады,  өзіндік  талдау  процесіне  енетін, 
когнитивті,  зерттеушілік,  жоба-ұйымдастырушылық  және  басқа  да  сферада 
жүретін процеске студенттерді қосып алады.  
Оған қоса, рефлексияны іске асыру мен өзіндік талдауды жүргізу дамиды. 
(Төменде  –  рефлексивті  сұрақтардың  мысалды  тізімі  келтірілген,  оны  қосуға 
немесе өзгертуге болады). 
1) Берілген курста жаңа неге үйрендіңіз? 
2) Жоба бойынша жұмыс жасау сізге қиын болмады ма? 
3) Ақпараттық, пратикалық жоба қалай орындалады? 
4) Ақпараты  іздеуде,  практикалық  жұмыста  және  жобаны  орындауда 
қандай қиындықтар туындады? 
5) Элективті  курс  бойынша  жұмыс  басында  мақсатыңыз  қандай  еді  және 
Сіз оған қол жеткіздіңіз бе?  
6) Сіз қандай жаңа біліктілікке ие болдыңыз? 
7) Қандай  жаңа  білімге  қол  жеткіздіңіз,  қандай  ақпарат  көздерін  ол  үшін 
қолдандыңыз? 
8) Өз әріптестеріңізді неге үйрете аласыз? 
9) Сіз үшін берілген курстың мағынасы қандай? 
Сіз жинақтаған тәжірибе қандай жағдайда қажет болуы мүмкін? 
Жоба қорытындысын, рефлексияны жүргізу. 
Қорытынды  тапсырма  дөңгелек  стол  формасында  жүргізіледі.  Әрбір 
студент өз пікірін ашық айтады, элективті курс барысында өзіне не ұнағанын, 
не  ұнамағанын  анықтайды,  оң  және  теріс  тұстарын  айқындайды.  Практикада 
меңгерген  білім  мен  біліктілікті  қолдану  мүмкіндігі  талқыланады.  Болашақ 
анықталады. 
Біздің  ойымызша,  медициналық  жоғары  оқу  орны  студентін-болашақ 
дәрігерді физиканы терең меңгеруге деген танымдық қызығушылықты тудыру 
үшін  физика  пәніндегі  әрбір  тақырыпты  талдауда  мынадай  педагогикалық 
әдісті  басты  назарда  ұстау  қажет.  Қазіргі  заманғы  медицинада  қолданылатын 
диагностикалық  және  терапиялық    медициналық  құралдар  физикалық 
құбылыстар  негізінде  жұмыс  істейді,  олай  болса,  физикадағы  әр  тақырыпты  
талдауда осы ойды негіз етіп алу қажет.  Бұл, өз кезегінде  студент-медиктердің 
кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Біздің  жағдайда  физика  пәнін  оқыту  кезінде  кәсіби  бағытталуды  дамыту 
бойынша,  гипотеза  –  диагноз  құрудың  мәселесін  шешу  тәсілі  ретінде 
қолданылады.  Болашақ  дәрігер  гипотезаны  құру  кезінде  диагностикалық 
приборлар негізінде алынған фактілерге сүйенеді. 
Гипотезаны  құруға  оқыту  процесінде  коммуникативті  біліктілік 
қалыптасып,  дамиды. Бірінші кезекте, білім алу бойынша бірлескен іс-әрекетті 


85 
қалыптастырады, топты ұйымдастыру біліктілігін дамытады, басқаны тыңдауға 
дағдыландырады, 
көптеген 
пікірлерден 
қорытынды, 
талқылауды 
қалыптастырады, жалпы көзқарасты ұсынады.  
Дәріс  кезінде  проблемалық  жағдайға  эксперименттік  жағдай  жасалынып, 
гипотезаны  ұсыну  мен  негіздеу  жүргізіледі.  Оқытушы  студенттермен  бірлесе 
құбылысты  талқылайды,  студенттерге  гипотезаны  ұсынуы  үшін  сұрақтар 
қояды, оны түсіндіру зерттелінген фактілер арқылы іске асады. 
Гипотезаны 
ұсынуды 
оқыту 
бойынша 
жұмыстың 
жалғасында, 
студенттерге  проблемалық  сұрақтарға  жауап  беру  ұсынылады.  Жұмыс  жасау 
үшін  студенттерге  тапсырмалар  мен  сұрақтар  картасы  тапсырылады,  оған 
жауап бере отырып, студенттер гипотеза ұсына алады.  
Гипотезаны ұсыну мен негіздеу үшін сұрақтар картасы: 
1) Тапсырманы мұқият оқыңыз (проблемалық сұраққалай қойылған?). 
2) Тақырып физиканың қай тарауына қатысты екенін анықтаңыз (сұрақ). 
3) Тапсырмада қандай құбылыс (процесс немесе түсінік) қозғалып жатыр? 
4) Берілген құбылыспен байланысты барлық заңдылықтарды еске түсіріңіз. 
5) Берілген  сұрақта  көрініс  тапқан  процесс  немесе  құбылысты  анықтап 
алыңыз. 
6) Берілген  құбылыс  пен  процесс  қандай  физкиалық  шамалармен 
сипатталатынын анықтаңыз. 
7) Зерттеу тапсырмасын шешу бойынша алғашқы гипотезаны айтыңыз. 
8) Оны топпен бірге талқылаңыз. 
9) Сәйкес  біліммен  негіздей  отырып,  гипотезаның  соңғы  ұсынысын 
құрастырыңыз. 
Студенттер гипотезаны негіздеу ақпарат көзі көмегімен жүзеге асырылады. 
Мұндай жұмыстар топта табысты жүзеге асырылады. 
Гипотезаны ұсыну үшін тапсырмалар: 
1)Адамның  дыбыс  шығару  және  есту  құралдары  жұмысын  физикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет