3
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы
Тегза А.А., Кунтуган А.К.
ЖАНУАРЛАР
ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы
Қостанай, 2016
4
УДК 619(075.8)
ББК 48 Я73
Т38
Авторлары (Құрастырушылар)
В.ғ.д., профессор Тегза Александра Алексеевна
Оқытушы Кунтуған Айна Кунтуған қызы
Рецензиенттер:
Ветеринария ғылымының кандидаты,
философия ғылымдарының докторы (PhD), Аубакиров М.Ж.
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, Кульпеисова А.А.
Ветеринария ғылымдарының докторы Мустафин Б.М.
Тегза А.А.
Т38
Жануарлар патологиясының негізідері: 5В120100-Ветеринариялық медицина
және 5В120200 -Ветеринариялық санитария мамандықтарында оқитын
студенттерге арналғаноқу құралы./ А.А.Тегза, А.К.Кунтуған
- Қостанай, 2016,178 бет.
Оқу құралы жалпы, жеке патология және соттық ветеринария бөлімдерінен тұрады
Ветеринарлық медицина және ветеринарлық санитария мамандықтарының
студенттеріне және тәжірбиеленуші ветеринарлар мен ветеринарлық –
санитарлық дәрігерлер үшін арналған. Бұл оқу құралы әдістемесінде патогенез
ауруларының мәселелерін зерттеу бойынша ұсыныстары енгізілген. Қазіргі
уақытта құнды әдебиет көздері патология жайында кітапханаларда бір данада
әзірленген немесе ғылыми жарияланымдар сирек кездесетін арнайы
басылымдарда орналастырылған. Оқу құралының бір ерекшеліктері мазмұндау
көлемі үлкен материалды жануарлар патология мәселелері бойынша, бұрын
бөлшектенген көптеген әдеби көздерінің бір жиынтығы болып табылады.
О.Ә.К. Бекітілді ҚМУ А. Байтурсынов атын., протокол 27.04.2016 ж. № 2
УДК 619(075.8)
ББК 48 Я73
ISBN78-601-7481-48-3
© Тегза А., Кунтуған А. 2016
5
БЕЛГІЛЕР ҮШІН
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
____________________________________
6
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................
5
ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯ
ЖАНУАРЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
МАМАНДАР ҮШІН МАҢЫЗЫ.................................................................
6
ДИСТРОФИЯ....................................................................................................
11
ТОРШАСЫЗ ДИСТРОФИЯЛАР …………………………….……….....…. 13
АРАЛАС ДИСТРОФИЯЛАР........................................................................... 21
НЕКРОЗ.............................................................................................................. 29
ӨЛІМ ЖӘНЕ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР......................................... 32
ҚАБЫНУ............................................................................................................ 35
ІСІКТЕР.............................................................................................................. 46
ТЕҢГЕРУЛІК-БЕЙІМДЕУШІЛІК ҮРДІСТЕР...............................................
63
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ..........................
67
ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТМОРФОЛОГИЯСЫ.......................
72
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАН
АЙНАЛЫМ ПАТОЛОГИЯСЫ.......................................................................
76
ТЫНЫС АҒЗАЛАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТМОРФОЛОГИЯСЫ............ 83
АС ҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ
МОРФОЛОГИЯСЫ...........................................................................................
.
86
НЕСЕП ЖҮЙЕСІ АҒЗАЛАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТОМОРФОЛО-
ГИЯСЫ...............................................................................................................
97
ЖЕКЕ ПАТОЛОГИЯ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ПАМОРФОЛОГИЯСЫ........................
102
ӨТКІР БАКТЕРИАЛДЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР................................................
106
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МОРФОЛО-
ГИЯСЫ.............................................................................................................
118
ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ. Құтыру ,.Ауески ауруы..................................
129
ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ... Шошқа обасының классикалық формасы.
Сальмонеллезбен асқынған шошқа еуропалық обасы .
Пастереллезбен
асқынған шошқаның африкалық обасы.........................................................
133
ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ. Жылқылардың инфекциялық анемиясы. Ірі
қара малдардың қауіпті катаральді безгегі ..............................................
139
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР...................................................................................
143
МИКОЗДАР, МИКОТОКСИКОЗДАР............................................................
147
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРМЕН
ШАҚЫРЫЛАТЫН
АУРУЛАРДЫҢ
ПАТМОРФОЛОГИЯСЫ (ПРОТОЗООЗДАР)................................................
152
ГЕЛЬМИНТОЗДАРДЫҢ ПАТМОРФОЛОГИЯСЫ...................................... 158
СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ
СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САРАПТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
(Л.И.Дроздов бойынша)...................................................................................
163
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН МАТЕРИАЛ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ 166
7
АУЫСТЫРУ......................................................................................................
ЖАНУАРЛАРДЫ АЛЫП-САТУ КЕЗІНДЕГІ СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАР-
ЛЫҚ САРАПТАМА.....................................................................................
170
ЖАНУАРЛАРДЫҢ УЛАНУЫ КЕЗІНДЕГІ СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
САРАПТАМА ...................................................................................................
173
Әдебиеттер тізімі...................................................................…....
176
8
КІРІСПЕ
Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза – тоқымаларында
түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп,
анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі
тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген
мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп
арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен
толықтырылды.Қазіргі кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы
тәсілдермен жүргізіледі – гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және
люминисцентті микроскопия, т.б. Осыған орай патологиялық анатомиялық
өзгерістерді ультрақұрылымдық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге
мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ғылыми деректер бойынша патологиялық
процестерін даму барысыедағы тіршілік әрекеттерінің бұзылуы мен
морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте тығыз байланыстылығы нақтылы
дәлелденген.
Ветеринариялық ғылым мен практиканың өзекті проблемаларын ғылыми
тұрғыдан шешу потоморфологиялық зерттеусіз мүмкін емес, өйткені бұл ғылым
аурудың материалдық түбірін анықтайды- ағза тоқымалардағы дертке тән
патоморфологиялық өзгерістерін, аурудың даму барысында ( патогенез бен
морфогенезі ). Патологиялық анатомия оған қатысты бар бірталай пәндермен
тікелей байланысты.Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: патологияллық
физиология, анатомия, гистология. Бұлар организмнің морфологиялық
құрылымын
және
де
ондығы
тіршілік
әрекеттерінің
бұзылуын
қарастырады.Сонымен қатар бұл ғылым індеттану, клиникалық диагностика,
терапия,
паразитология,
хирургия,
акушерлік
сияқты
ветеринариялық
салаларымен тығыз байланыста бірге дамып келеді. Бұл ғылымдардың
жетістіктері патологиялық анатомияда жан- жақты пайдаланылады.
9
ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯ
ЖАНУАРЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
МАМАНДАР ҮШІН МАҢЫЗЫ
Жоспар
1.
Патология пәні
2.
Патологияның даму тарихы
3.
Патологияның маңызы, әдістері мен міндеттері
1.Патология пәні
Жануарлар патологиясы (патморфология) ғылымы әр түрлі аурулар
кезінде адам және жануар ұлпалары мен ағзаларындағы морфологиялық
өзгерістерді зерттейді, яғни – ауру заңдылықтары туралы оқытады.
Ауру ағзадағы функциональдық өзгерісін зерттейтін патологиялық
физиологиямен бірге, ол патология (грек.phatos – қайғыру, аурулық жағыдай logos
- ғылым) ғылымының бір бөлігі болып табылады.
Анатомия мен гистологиядан айырмашылығы, ол әр түрлі ауру үрдістері
кезінде ағзалар мен жеке жүйелерде, ағзада өтетін өзгерістерді қарастырады.
Олай болса патология
Жалпы патология
Жеке патология
Патология
Патологиялық физиология ауру
ағзадағы физиологиялық
өзгерістерді оқытады
Патологиялық анатомия ауру ағзадағы
морфологилық өзгерістердің дамуын
оқытады
Макроскопиялық
(патанатомия)
Микроскопиялық
(патгистология)
Ауру ағзадағы функцияның өзгерістері, ағзаның жеке жүйелерінің
құрылысының өзгерісіне әкеп соқтыратынын ғалымдар сөзсіз дәлелдеген. Осы
өзгерістер туралы мәліметтер ауру маңызын түсіну үшін қажетті фундамент
болып табылады және патологиялық физиологиямен және клиникалық
диагностикамен бірге
ауруларды
барлық
жағынан
талдайды. Бірақ,
10
морфологиялық өзгерістер байқалмайтын, функционалдық аурулар категориялар
бар – осындай ауруларға психикалық күйзеліс жатады.
Жануарлар патологиясы ет комбинаттарында жануарларды сойға кезде ,
ветеринарлық – санитариялық сараптама станцияларында ветеринарлық –
санитарлық сараптаманың маңызды базасы болып саналады. Ол ауруды
клиникалық балауды жетілдіруде, емдеудің әр түрлі тиімді әдістерін бағалағанда,
соттық – ветеринарлық сараптама жүргізгенде аса маңызды.
Азалар мен ұлпалардағы морфологиялық өзгерістерді зерттеу үшін
шарасыз өлтірілген немесе өлген жануарлардың мәйіттерін, сонымен қатар,
ғылыми және диагностикалық мақсатта өлтірілген жануарларды қолданады.
2. Патологияның даму тарихы
Патологияның дамуы адам және жануар мәйіттерін ашып – союмен тығыз
байланысты. Өліктерді алғашқы ашып – сою жануарлар мен адамдардың қалыпты
дене құрылысын зерттеу мақсатында жүргізілген. Біздің заманымызға дейінгі
бірнеше жүздеген жылдар бұрын Патоломей патша дарға асылып өлтірілгендерді
зерттеу үшін өліктерді дәрігерлерге тапсыруды бұйрық берген. Бірақ, орта
ғасырлардағы дініи ырымшылдық қысымымен бұл эксперименттерге тиым
салынған және оны кім істесе, сол адамды дарға асқан.
Тек VI ғасырда Батыс Еуропа дәрігерлері өздерінің білімдерін жетілдіру
мақсатында өліктерді ашып – союға қайтадан рұқсат алды.
18 ғасырлардың ортасында Италиялық дәрігер Морган «Анатом анытаған
аурулардың себептер мен таралуы туралы» алғашқы кітапты шығарды, онда әр
түрлі аурулар кезінде ағзадағы өзгерістер сипатталып жазылды. Алынған
тәжірибені ары қарай жүйелеген Р.Вирхов еді. 19 ғасырдың бірінші жартсында
қандағы өзгеріске байланысты ауруларға сәйкес бағытталған гуморальді бағытқа
ие болды. Р.Вирхов қалыпты анатомия мен гистологияны зерттеу нәтежиелерінің
негізінде бүтін ағзаның өміршеңділігі оның жеке бөліктері – торшалардан
тұратынын, ал түрлі аурулар кезіндегі патологиялық өзгерістер – бұл торшаның
аурулық жағыдайы екендігін анықтады. Ол әр аурудың жергілікті патологиялық
өзгерістермен анықталады деп есептеген, яғни ағзаның бүтіндігі және оның
қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасы туралы ой – пікірлерді теріске
шығарды.
Бұл
теория
метафизикалық
деп
қабылданды,
бірақ,
ол
патологоанатомиялық және гистологиялық зерттеу әдістерімен жануар және
адамдардың ауруларын терең ғылыми зерттеу мен осы бақылауларды клиникалық
және экспериментальді мәліметтермен салыстыру үшін стимул болып
қалыптасты. Нәтежиесінде көптеген аурулар зрттелді.
19-шы ғасырдың екінші жартсы мен 20-шы ғасырдың басында Германияда
белгілі патологоанатомдар Китт, Кост жұмыс істеген. Нәтежиесінде олар өз
11
зерттеулерін үй жануарларының патологиядық анатомиясы бойынша бірінші
басқармасына тапсырды. 20 жүз жылдықтың жиырмасыншы жылдарынан бастап
неміс патологанатомдары жылқылардың инфекциялық анемиясын (Шермер,
Добберштейн және басқалары), туберкулез (Ниберле, Палласке), аусыл
(Вальдмар, Нагель), лейкоз (Эллерман), шошқа обасы (Потель, Рере) ауруларын
зерттеген, Негрия (Франция), (Бабен) (Румыния ) құтырыуды, Иванов (Болгария)
қой шешегінің патологиясын зерттеу бойынша құнды жұмыстар жүргізді.
Бірінші Ресейлік ветеринар паталоганатомдар Петербургтың медико –
хирургиялық академиясының ветеринарлық бөлімінің профессорлары И.И.Равин
және А.А.Раевский болды. Профессор Равин И.И. ірі қара мал обасын зерттеген.
19-шы ғасырдың екінші жартсында К.Т.Блюмберг (1876) Қазан
ветеринарлық
институтында жалпы патология, паталогиядық анатомия және соттық
ветеринария пәндерінен сабақ берген. 19 ғасырдың аяғына қарай Қазан
университетінің қабырғасында ғалым, профессор К.Г.Боль «Ауылшаруашылық
жануарлары патологиялық анатомиясының негіздері» оқулығын шығарды.
Ленинград мектебінің негізін салушы патологанатом, профессор Н.Д.Балл және
оның шәкірті амилоидоз, маңқа, сүйек жүйесінің патологиясы, энцефаломиелит,
құтыру, инфекциялық анемия және ауылшаруашылық жануарларының басқада
аурулары бойынша жұмыстарын орындады. Профессор Н.Н.Мари актинамикоз
бен құтыру бойынша монографияны басып шығарды.
Биологияда қоршаған орта мен ағзаның, функция мен құрылысының
ажырамас байланысы, патология мен қалыптың қағидатты бірлігі, әр түрлі ішкі
және сыртқы әсерлерге ағзаның реакциясы туралы негізгі жеке жағыдайлары
дәлелденді. Павловтың зерттеулеріне сәйкес сол немесе басқада аурулармен
шақырылған ағзадағы барлық құбылыстарбірімен бірі тығыз байланысты және ол
осы үрдістерді бастаушы нейрогуморальдық регуляция деді.
Кеңес заманының ғалымдары жалпы патологияны зерттеуге және ғылыми
дәлелденген емдік алдын алу шараларын өңдеуге үлкен үлес қосты. Көптеген
жұмыстар инфекциялық, инвазиялық және саңырауқұлақтармен шақырылатын
ауруларды зерттеуге арналған: маңқа, оны паразитарлы, микотикалық және
басқада ұқсас түйінді зақымдалулардан морфологиялық ажырату (К.Т.Боль,
Н.Д.Балл, Б.К.Боль, Б.Г.Иванов және басқалары).
Көптеген жұмыстар ауылшаруашылық жануарларының туберкулезін,
патологиялық
морфологиясын,
зақымдалу
жолдарын,
таралуын
және
генерализация формаларын зерттеуге бағытталған (П.И.Кокуричев, Н.А.Налетов
және басқалары). Бруцеллез (Б.К.Боль, М.Б.Ариель,) аусыл (Б.Т.Иванов, А.В.
Акулов), құтыру (А.И. Савватаева, К.И.Вертинский) бойыншада көптеген
зерттеулер жарыққа шықты.
Қазіргі уақытта патологиялық анатомияның өңдеулері зерттеу әдістерінде
12
кең ауқымға ие: гистоцитохимиялық, химиялық, электрондық
және
люмиесценттің микроскопия және басқалары.
3.Патологияның маңызы, әдістері мен міндеттері
Патологиялық анатомияның ғылым ретіндегі міндеттері:
Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері
Ағза мен оның жеке бөліктерінің құрылысындағы бұзылыстарды
жануардан тікелей зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады, сондықтан,
патологиялық анатомия үшін зерттеу заты өлі ағза немесе операция кезінде
жануардан алынған дене бөліктері болып табылады.
Зерттеу әдістері
1.Аурудың маңыздылығы
жөнінде нақты мәлімет беру.
Барлық ағзаның морфологиялық
өзгерісін және әр түрлі аурулар
кезінде жеке ағза жүйелерін
зерттеу.
2. Аурудың патогенезін,
яғни дамуын
зерттеу.Оның пайда
болуын және ақырын
3.Ауру ағзада жалпы және жергілікті морфологиялық
және функциональдық өзгерістерін тексеру (ашып-
сою). Ағзадағы барлық өзгерістерді ағзаның қоршаған
ортамен өзара қатынасы және жүйке жүйесіндегі
рөлін ескере отырып қарастыру. Яғни, пәннің
міндеттеріне ауру патогенезін дұрыс түсіну үшін
қажеттілердің барлығы енеді.
Макроскопиялық
Микроскопиялық
13
Макроскопиялық зерттеу әдістері
(Зақымдалуларды құралсыз көзбен қарау)
1 Жануарларды ашып
союды диагностикалық
немесе ғылыми
мақсатта жүргізеді.
Аурудың әр түрлі
мерзімідерінде
жануарларды шарасыз
сою әр түрлі
сатыларда
патологиялық үрдісті
зерттеуге мүмкіндік
береді.
Оң: бір аурудан өлген
жануарлардан
материал ала
отырып,мәліметтерді
салыстыруға және
аурудың динамикасы
турады мәліметтер
алуға болады.
Кемшіліктер: аурудың
жалғасуының уақыты
нақты белгілі емес.
2. Эксперименттер –
экспериментер кезінде
ауруды елестету
патогенезі мен
морфогенезін анықтау
үшін маңызды болып
табылады, аурудың
модельі мен түбегейлі
зерттеу үшін мүмкіндік
береді (ғылыми –
зерттеу
жұмыстарында
қолданылады).
Оң: өте құнды
материал ауру
патогенезін шынайы
зерттеуге мүмкіндік
туғызады.
Кемшіліктер:
эксперимент жасауға
болатын ауруларға ғана
қолдануға болады
3. Хирургиялық
операциялар мен
биопсия, ағза
ұлпаларының
кесектерін тірі кезінде
алу.
Оң: жануарды сақтау
арқылы ауруды зерттеу
Кемшіліктері: аурудың
шектелген түрлері
(негізінен ісіктер,
қабынулар)
Достарыңызбен бөлісу: |