Учебных достижений обучающихся методическое пособие



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#5451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Англия  
Балалар тек білімді ғана емес, өзінің өмір сүретін қоғамының ережелерін 
де жылдам, әрі қызығушылықпен қабылдайды. Өркениетті әлемде қабылданған 
базалық  құндылықтарды  неғұрлым  ерте  меңгерсе,  оларға  ол  жерде  бейімделу 
ісі  соғырлым  жеңіл  тиеді.  Англиядағы  бастауыш  мектепте  білім  алып  жүрген 
уақытында балалар жаңа ортада өзінің адамы ретінде қабылдануы үшін, өзін-өзі 
қалай ұстап, қалай қатынасқа түсу керектігін түсінеді. Бағасы жетпес осындай 
дағдылар оларда өмір бойында сақталып қалады. Ұлыбританиядағы бастауыш 
білім  дәстүрлі  қазақстандық  үлгісінен  айтарлықтай  ерекшеленеді.  Барлығы 
баланың  шығармашылық  және  зерттеушілік  қабілеттерін  дамытуға 
бағытталған.  Балалар  командаларға  бірігіп,  бірлесіп  жобаларды  орындайды. 
Олар  эксперимент  жасайды,  сынауларды  өткізеді  өзінің  айқындамасын 
дәйектеп бекітеді және сындарлы диалог жүргізеді.  
Нәтижесінде  балалар  оқулықтардағы  тарауларды  жаттап  қана  қоймай, 
құбылыстар мен заңдардың мәнін түсінеді. Мысалы, олар өз бетінше Пифагор 
кестесін  түзеді.  Одан  басқа,  оқуға  деген  осындай  көзқарас  бейімделу  үрдісін 
жеңілдетеді:  балалар  үнемі  құрдастарымен  қатынаста  болады,  бұл  дегеніміз, 
балалардың  жылдам  өзіне  дос  тауып,  тілде  тұрақты  жаттығып  отыратынын 
білдіреді.  
Балалардың  жетістіктерін  бастауыш  мектептерде  бағалау  (Англия  мен 
Уэльс).  
Міндетті  мектеп  жасындағы  оқушыларды  бағалауда  заңмен  белгіленген 
ресімдер  Англия  мен  Уэльстің  ұлттық  білім  беру  бағдарламаларына  және 
Солтүстік Ирландияның білім беру бағдарламасына қатысты. Бағалау ресімдері 
мұғалімдерге және оқушыларға көмек көрсетуге арналған:  

 
Түзуші  элементтер  мұғалімдерге  оқушының  оқуы  қалай  ілгері  басу 
керектігі туралы шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Элементтер мұғалімдерге 
және  басқаларға  олардың  білімділік  дамуына  көмектесу  үшін  белгілі 
оқушыларды  келесіде  диагностикалық  бағалаудың  қажеттілігін  анықтауға 
көмек көрсетеді. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқу үшін бағалау» деп аталады.  

 
Қорытынды  элементтер  оқушылар  жетістіктеріне  және  олардың 
білімдеріне, материалды түсінуіне дәллдерді ұсынады. Бағалаудың бұл нұсқасы 
«оқуды бағалау» деген аталыммен белгілі.  

 
Бағалаушы  элементтер  оқушылардың  табыстары  туралы  ақпаратты 
ұлттық  көлемде  ұсынады,  олар  білім  беру  бағдарламасындағы  келешектегі 
талпыныстардағы,  ресурстардағы  немесе  өзгертулердегі  қажеттіліктерді 
анықтауда қолданыла алады.  

 
Ақпаратты  элементтер  мұғалімдерге  балалардың  табыстары  туралы 
олардың  ата-аналарына  және  мектептің  табыстары  туралы  мектептік  басқару 
органдарына, МОВ және қоғамға хабарлап отыруға көмектеседі (ДОН, 1989 г.).  
Бастауыш  мектепті  аяқтаған  соң  оқушыларға  ешқандай  сертификат 
берілмейді.  
Англия мен Уэльстегі бағалау шарттары Солтүстік Ирландиядағы бағалау 
шарттарынан ерекше. 
Англия мен Уэльс оқушыларын бағалау (1-кесте).  
19 

1-
кесте  –  Жинақтау  кестесі:  Англия  мен  Уэльсте  негізгі  бағалау  шарттары 
заңмен белгіленген  
Бағалау 
Англия 
Уэльс 



Мектепке 
түсуінде 
бағалау, 4/5 
жасар 
оқушылар. 
Заңмен 
белгіленген 
негізгі 
бағалау 
(
тілдік 
дағдылар, 
математикалық  дағдылар  мен 
жеке  және  қоғамдық  дағдылар) 
1998 
жылғы 1 қыркүйегінен 2002 
жылғы  31  тамызына  дейін 
міндетті  болған  және  қазір 
мұғалімнің  оқушыны  заңнмен 
белгіленген 
бақылауына 
алмастырылған  –  білімнің  негізгі 
сатысы. 
1999 
жылғы  қыркүйектен 
заңмен  белгіленген  тілдік 
дағдыларды,  математикалық 
дағдылар  мен  жеке  және 
қоғамдық  дағдыларды  негізгі 
бағалау.  Оқушы  мектепке 
қатыса  бастағанынан  кейін 
алғашқы 7 аптада өтеді. 
  
Бағалаудың 
белгіленген 
жоспарларына 
қарсы 
мұғалімдерді бағалау. 
Білімнің 
1- 
сатысында 
бағалау, 
осы 
саты  соңында 
балалар 
шамамен 

жасқа жетеді  
Ағылшын  тілін,  математиканы 
және 
ғылымды 
заңмен 
белгіленген  бағалау  құрамына 
енетіндері: 
  

 
Оқылымды  (ағылшын  тілі), 
айтылымды 
(ағылшын 
тілі) 
түсінуі  бойынша  ұсынылған 
жазбаша тесттер және математика 
бойынша  тесттер.  Бұл  тесттер 
ішкі  және  біршама  сыртқы 
түрлерге жатады. 

 
сыртқы 
түрлері 
оқылым 
(ағылшын  тілі),  емле  (ағылшын 
тілі) және математика (ағылшын) 
бойынша 
сыныптағы 
тапсырмаларды ұсынады. 

 
Мұғалімдердің  ағылшын  тілі, 
математика 
және 
ғылым 
бойынша  жеткен  мақсаттарын 
бағалау. 
Ағылшын 
тілін, 
математиканы және ғылымды 
заңмен  белгіленген  бағалау 
құрамына енетіндері: 
  

 
Мұғалімдер  қол  жеткізген 
мақсаттарды бағалау. 

 
Уэльстік 
сөйлеу 
мектептерінде 
немесе 
сыныптарында  оқушыларды 
мұғалімдер  ағылшын  тілі 
емес,  уэльстік  тіл  бойынша 
қол  жеткізген  мақсаттар 
бойынша бағалайды.  
Білімнің 
2- 
сатысын 
бағалау, 
осы 
саты  соңында 
оқушылар 
шамамен 
11 
жасқа жетеді. 
Ағылшын  тілін,  математиканы 
және 
ғылымды 
заңмен 
белгіленген  бағалау  құрамына 
енетіндері:  

 
ағылшын  тілінен  (барлығы  4 
оқылым,  емле  және  шығарма 
(қысқа  және  ұзын  шығарма), 
айтылым) математикадан  
Ағылшын 
тілін, 
математиканы және ғылымды 
заңмен  белгіленген  бағалау 
құрамына енетіндері:  

 
ағылшын тілінен (барлығы: 
оқылым, емле және шығарма, 
айтылым), 
математикадан 
(барлығы 3 калькуляторсыз,  
20 

1-
кестенің жалғасы  



 
(барлығы  3  калькуляторсыз, 
калькулятормен,  ойда  шығару 
тесті)  және  ғылыми  (2 тест) 
сырттан ұсынылған тесттер; 
мұғалімдердің 
білімнің 
2-
сатысында  ағылшын  тілінен, 
математикадан  және  ғылымнан 
қол 
жеткізген 
мақсаттарды 
бағалауы.  
калькулятормен, ойда шығару 
тесті)  және  ғылыми  (2 тест) 
сырттан ұсынылған тесттер; 

 
мұғалімнің 
ағылшын 
тілінен,  математикадан  және 
ғылымнан  қол  жеткізген 
мақсаттарын бағалауы 

 
уэльс  тілді  мектептерде 
және  сыныптарда  оқушылар 
тесттерді 
уэльс 
тілінде 
(жазбаша және ауызша) өтеді 
және олар уэльс тілі бойынша 
жеткен  мақсаттарға  сәйкес 
мұғаліммен бағаланады. 
 
 
1998 
жылғы  қыркүйектен  2002  жылғы  тамызға  дейінгі  аралықта  Англия 
мектептерінің  білім  алшуылары  бастауыш  мектептегі  оқу  үрдісінің 
басталғанындағы  алғашқы  7  аптасында  тілдерден,  математикалық,  тұлғалық 
және  қоғамдық  дағдыларын  бағалаудан  өтті.  Мектептер  білім  министрлігімен 
ұсынылған  критерийлерге  сәйкес  құрылып,  қабылданған  бағалаудың  негізгі 
жоспарын  қолданған.  Бағалау  бойынша  негізгі  жоспарлар  бастауыш  мектепке 
оқуға  қабылданған  кезінде  әр  білім  алушының  білімі,  ұғынуы,  жүріс-тұрысы 
мен  дағдыларының  деңгейлерін  зерделеуге  бағытталған  болатын.  Бұл 
қызметкерлерге балалардың қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыру үшін, 
алынған деректерге сәйкес мектеп бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік берді.  
Англиядағы ұлттық білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде негізгі 
сатыны  формалды  бекіткен  «Білім  туралы»  Заңы,  сонымен  қатар,  негізгі 
бағалауды  негізгі  сатының  бейіні  тұрғысында  белгілі  болып  отырған  ұлттық 
жоспарға алмастыруды ұсынды. Бұл өзгеріс өз күшіне 2002 жылғы қыркүйекте 
енді.  
Англиядағы  білімнің  негізгі  сатысы  бала  3 жасқа  жеткенінде  басталып, 
мүмкін  сыныптың  соңына  дейін,  оқушы  міндетті  бастауыш  білімнің  
1-
сыныбына ауыстырылғанына дейін жалғасады.  
Негізгі  сатының  деңгейі  білім  алушыларды  сыныпта  оқуының  тұтас 
кезеңінде  бақылауға  негізделіп,  әр  жылдың  соңында  толтырылады.  Бағалау 
негізгі  сатыда  білім  алудың  6  аясын  қамтып,  мұғалімнің  білім  алушыларды 
бақылауын жалғастыруына негізделеді.  
Қазіргі уақытта бағалау жүйесінің де реформасы жоспарланып отырғанына 
қарамастан, Уэльстегі бағалау жүйесі заңды түрде бекітілген. Алғаш рет негізгі 
бағалау  Уэльсте  1999  жылғы  қыркүйекте  «Білім  туралы»  Заңның  ереже 
баптарында (негізгі бағалау, Уэльс) ұсынылған. Мектептер негізгі бағалаудың 
тағайындалған  жоспарларын  ұсынылатын  жоспарлар  парағынан  іріктеп  алып, 
21 

оқушылар мектепті 4/5 жасында бастауының алғашқы 7 аптасында бағаланды 
(ВКОПО,  1998).  Мектептер  балаларды  бағалау  нәтижелерін  олардың  ата-
аналарымен  бағалау  жүргізіліп  отырған  семестр  бойында  өткізілетін 
кездесулерінде  тақылауы  керек  еді.  Оған  қосымша,  мектептер  бағалау 
нәтижелерін МОВ-ға жіберуі тиіс, олар бұл ақпаратты бірінші қатарда ВКОПО-
ға береді [11].  
Мектеп алды (бала-бақшаға ұқсас)  білімін 
аяқтаған 
соң, 
Ұлыбританияның  балалары  5 жасында  мектепке  барады.  Осы  сәттен  бастап 
міндетті білім басталады. Ол екі сатыдан құрылған: бастауыш (Primary немесе 
Preparatory Education
)  және  орта  білім  (Secondary Education).  Preparatory 
School 
балалары 11 жасына дейін оқиды. Бірінші жыл Reception (яғни, қабылдау 
дайындығы)  деп  аталады,  екіншісі  –  1  жыл  болып  саналады.  Қазақстандық 
білім  беру  жүйесінен  ерекше,  ағылшын  оқушыларының  алғашқы  жылы 
сынаққа  алынбайды,  оқу  жылдарының  есебі  6  жасынан  ба  сталып,  бастауыш 
мектептің деңгейі 6-жылмен аяқталады.  
Осы  уақыт  бойында  балалар  емтиханды  екі  рет  тапсырады:  екінші  және 
алтыншы  оқу  жылдарында,  сәйкесінше  бұл  түйінді  (Key Stage)  1  және  2 
кезеңдері.  Тестілеу  нәтижелері  білім  алушылар  үлгерімінің  бірыңғай  ұлттық 
базасына енгізіледі.  
4  жасында  бастауыш  мектепке  оқуға  түскенінде,  оқушылар  есеп 
жүргізумен, оқумен және жазумен тиянақты шұғылдана бастайды, бұл кезде үй 
тапсырмалары  аптасына  1 рет  беріледі.  Міндетті  түрде  дене  шынықтыру 
сабақтары  өткізіледі,  көптеген  мектептерде  аптасына  1  рет  балалар  бассейнге 
барады.  Білім  беруде  басты  назар  білімдерді  өз  бетінше  алу  икемдеріне  және 
оларды іс жүзінде қолдануға аударылады. Білім алушылар кітапханаларда және 
зертханаларда  жаттығып,  өз  тапсырмаларын  өздері  есінде  сақтауы  тиіс. 
Білімдерді  тексеру,  әдеттегідей,  жазбаша  үлгіде  –  эссе  мен  жобалар  түрінде 
өтеді.  Бұл  жағдайда  мұғалім  әдетте  тек  әлдебір  мәселенің  сұлбасын  ғана 
белгілеп  қояды,  ал  білім  алушылар  оның  тақырыбын  өздері  тұжырымдап, 
материалды таңдайды.  
Бастауыш  мектептегі  сабақтар  ықыластық,  ойын  түрінде,  барлығын  бір 
жалпы  деңгейге  «тықпалаусыз»  өтеді.  Әр  бала  жеке,  өзінің  мүмкіндіктерінің 
деңгейіне сәйкес дамиды.  
Бағалау  жүйесі  Ұлыбританияның  мемлекеттік  оқу  жоспарының  құрамдас 
бөлігі болып табылып, түбегейлі сатыларымен тікелей байланыста.  
 
Оқушылармен алынған білімдері мен дағдылары верификациясының үш 
межесі бар:  
• 
оқуға  түскенінде  (баланың  5 жасында  арнайы  білімділік  қажеттіліктерін 
анықтау үшін алғашқы деңгейін айқындау),  
• 1-
сатының соңында ( 6-7 жасында) және  
• 2-
сатының  соңында,  бастауыш  және  орта  білімнің  1,  2,  3  түйінді 
сатыларының соңына.  
Бастауыш  мектепте  математикадан,  ағылшын  тілінен,  жаратылыстану 
ғылымдарынан,  ал  білім  беру  валлий  тілінде  жүретін  мектептерде  –  валлий 
тілінен тесттер ұсынылады.  
22 

1-
сатыда  ағылшын  тілі  тесттерінде  тестілеуге  түскен  білім  алушыдан 
ауызша  сөзді  қабылдау,  оқылым  мен  айтылымды  ұғыну;  математикадан  – 
қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындау талап етіледі.  
2-
сатыдағы тілдік тест оқу, сауатты жазу, шығарма құрастыру қабілеттері; 
математикадан – ойда, калькулятормен есептеу дағдылары мен математикалық 
ой өрістету деңгейін тексеру көзделеді.  
Жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  тест  ғылыми  мәтінді  ұғыну 
қабілетін  қарастырады.  7  және  11  жасында  өткізілетін  мемлекеттік  тесттер, 
сонымен қатар, мұғалімді және оның мемлекеттік білім беру стандартына және 
мектептің  оқу  жоспарына  сәйкес  қол  жеткізген  мақсаттарын  бағалауды 
қарастырады.  Жетуі  міндетті  мақсаттар  мемлекеттік  білім  беру 
стандарттарында  және  оқу  бағдарламаларында  мұқият  сипатталып,  білім 
алушылардың  білімдер  мен  дағдылардың  белгіленген  деңгейіне  жетуін 
көздейді.  
Пәндерді зерделеуде ілгері басуы сегіз деңгейлік шкаламен өлшенеді, бұл 
жағдайда мемлекеттік білім беру жоспары бастауыш мектептің соңына екіден 
бастап беске дейінгі аралықтағы үлгерім деңгейіне жетуді көздейді.  
Әр  сатының  соңында  мемлекеттік  оқу  жоспарының  білімдер 
нормативтеріне  оқушының  барлығы  сай  келе  бермейді.  Статистика  бойынша, 
оқушылардың  шамамен  1/5  бастауыш  мектептің  соңында  арнаулы  білімділік 
бағдарламаларын  қажетсінеді,  олар жергілікті білім беруді басқару  органдары 
үшін қосымша шығынды білдіреді.  
4  түйінді  сатысындағы  қорытынды  емтиханның  бағалау  жүйесі 
алдыңғыларына ұқсас және ол әріптерден құрылған: А – өте жақсы, В және С – 
жақсы, D және Е – қанағаттанарлық. 4 түйінді кезеңі әдетте 16 жасқа жетуімен 
аяқталады,  сондықтан,  әдеттегідей,  GCSE  куәлігін  алу  міндетті  білімді 
аяқтағанын білдіреді. Осыдан кейін және екі жыл бойында екі-үш, кейде төрт 
(мысалы  заңгерлік  факультетке  оқуға  түсуде)  пәннен  емтихандарды  тапсыру 
және  GCSE  «жоғары  деңгейдегі»  (GCSEA-level)  куәлікті  алу  үшін  білімді 
жалғастыруға  болады.  Осы  күні  GCSE  орта  мектепті  аяқтау  кезінде  16  жасар 
мектеп оқушыларымен тапсырылатын негізгі емтихан болып табылады.  
Емтихан  әр  пән  бойынша  тапсырылып,  бірнеше  бөліктен  құрылған: 
курстық  жұмыс,  теориялық  және  практикалық  тапсырмалар.  Емтиханды 
тапсыру нәтижелерімен оқушы өз біліміне баға алады (А, В, С, D, Е, F және G). 
G (ең кіші балл) бағасына жетпеген оқушылар аттестатталмаған деп саналып, 
сертификат  алмайды.  GCSE  емтихандарының  екі  түрін  ажыратады:  GCSE 
(external examination) және IGCSE (International GCSE [12].  
Ағылшын  тәрбиесінің  басты  мақсаты  –  баланың  күш-жігерін,  кез-келген 
жағдайда  өзін  сабырлықпен  ұстау,  қиыншылықтарға  төзбеу,  кез-келген,  ең 
күрделі  деген  жағдайлардан  жол  табу  және  әрине,  ағылшын  қоғамында 
көптеген  ғасырлар  бойында  үйреншікті  болғандай,  барлық  жағдайда  нағыз 
мырзаның  (джентльменнің)  немесе  нағыз  ханымның  (ледидің)  мәнерлерін 
сақтау әдетін дамыту.  
Бастауыш  мектепті  11 жасында  аяқтаған  соң,  оушылар  орта  (Secondary
мектепке  немесе  жоғары  деп  аталатын  (High School)  мектепке  өтеді. 
23 

Мемлекеттік  мектептердің  басым  көпшілігінде  бастауыш  мектеп  11  жасында, 
ал  жеке  мектептерде  –  13  жасында  аяқталады,  бірақ  жеке  мектептер 
мемлекеттік мектептердегідей бағдарламамен жұмыс жасайды.  
Оқу  барысында  білім  алушылар,  сонымен  қатар,  3  және  4-кезеңдерде 
емтихан  тапсырады.  Дәтсүрлі  британдық  бағдарлама  бойынша  төртінші  кезең 
GCSE 
деп те аталады, параллельді бағдарламалар бойынша оны IGCSE, IBMYP 
немесе  американдық  High School Diploma  деп  атайды.  Бұл  кезең  мектеп 
бағдарламасында  қорытынды  болып  табылып,  оны  мектептер  16 жасында 
аяқтайды.  
Осылайша,  Ұлыбритания  білімінің  барлық  дегейлерінде  критерийлер 
бойынша бағалау тәжірибесі қолданыста, бұл білім алушылардың жетістіктерін 
объективті  бағалап  қана  қоймай,  білім  алушының  өзімен  де,  мұғаліммен  де 
оқуда  және  белгіленген  мақсаттарға  жетуде  көмек  көрсету  үшін  шешілуге 
жататын қиыншылықтарды көруге мүмкіндік береді [13].  
 
 
1.3 
«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДБҰҰ  мысалында  критериалды 
бағалау жүйесін енгізудің отандық тәжірибесі  
 
Әр  уақытта  білім  мен  білікті  тексерудің  әр  түрлі  жолдары  жүзеге 
асырылады.  Жылдан  жылға  бағаларды  қоюдың  тәсілдері,  түрлері,  бақылау-
өлшем іс –шаралардың мазмұны мен оны өткізу құрылымы, оқушыларға әсер 
ету шаралары, уәж ету элементтері және де басқа факторлар өзгеріп отырады.  
Көп  уақыт  аралығында  бағалау  оқушылардың  жетістіктерін  басқа 
оқушылармен салыстырудан тұрды және бұл тәсілдің келесі кемшіліктері бар:  

оқушыларға,  мұғалімдерге  және  ата-аналарға  түсінікті  оқыту 
жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ;  

мұғалімдер сыныптың орташа білімін ескеріп бағытталып бағаны қояды;  

қойылған бағалар оқушылардың пән бойынша оқу бағдарламаның әр бір 
бөлімдері  бойынша  алған  білім,  білік,  икем  мен  дағдыларын  айқындап 
көрсетпейді,  яғни  әрбір  оқушының  оқу  траекториясын  анықтауға  мүмкіндік 
бермейді;  

қорытынды  бағаны  қою  барысында  ағымдағы  бағалар  ескеріледі,  яғни 
оқытудың соңғы нәтижесін бағалау объективті боламайды;  

оқушылардың  оқуға  деген  уәждемесін  тудыратын  мұғаліммен  олардың 
арасында байланыс жоқ.  
Бұл  мәселелерді  шешу  үшін  «Назарбаев  зияткерлік  мектептер»  дербес 
білім  беру  ұйымы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  жаңа  жүйесін 
әзірлеп енгізіп отыр.  
«НЗМ»  ДББҰ-ның  іс  әрекетін  ұйымдастыру  2011  жылғы  29  қарашада 
Қамқорлық  кеңесінің  шешімімен  мақұлданған  «НЗМ»  ДБҰҰ  2020  жылға 
дейінгі даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.  
«НЗМ»  ДББҰ  іс  әрекеттерінің  стратегиялық  бағытының  бірі  ең  үздік 
отандық және халықарарық тәжірибе кіріктірілген білім берудің жаңа базмұнын 
әзірлеу болады.  
24 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  объективті  және  шын  бағалау  жүйесі 
білім мазмұнының бір ажырамас бөлігі болып табылады.  
«НЗМ»  ДББҰ  оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалаудың  тұтас 
жүйесін  құрды.  Ол  отандық  және  шетелдік  жоғары  оқу  орындарына  түсу 
кезінде  жоғары  бәсекеге  қабілеттілікті  қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  оқушыны 
конкурстық іріктеуден бастап мектепті бітіріп шыққанға дейін сүйемелдейді.  
Зияткерлік мектептерінде оқу жетістіктерін бағалау қалыптастырушы және 
ішкі жиынтық бағалау, жетістіктерді мониторингілеу жолдарымен критерийлік 
тәсіл негізінде жүзеге асырылады, ол оқушылар бастауыш, негізгі және жоғары 
мектептерді аяқтағаннан кейін жиынтық аттестаттау кезінде сырттай жиынтық 
бағалау  жолымен  оқу  үдерісін  бір  жыл  бойы  және  жылдар  бойы  қадағалауға 
мүмкіндік береді.  
Зияткерлік  мектептерде  оқыту  үдерісі  Кіріктірілген  оқыту  бағдарламасы 
және  Кембридж  Университетінің  сарапшыларымен  бірлесіп  жасалған  пәндер 
бойынша оқыту бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 
келесі  21  ғасырдың  дағдыларын  дамытуға  бағдарланған  жаңа  мазмұн:  алған 
білімді  қолдана  білу,  ақпаратты  іздестіру,  өңдеу,  талдау  және  бағалай  білу 
дағдылары, 
сын 
тұрғысынан 
ойлау, 
эксперименталдық, 
зерттеу, 
инфокоммуникациялық  дағдылар,  коммуникативтік  (тілдікті  қоса  алғанда) 
дағдылар, жеке және топта жұмыс істей білу [14].  
«НЗМ»  ДББҰде  қолданылатын  критериалды  бағалау  оқу  жыл  бойында 
оқушылардың  оқудағы  прогресі  және  үлгерімі  туралы  деректерді  жинау  үшін 
үш  түрін  жүзеге  асырылады.  Олар  қалыптастырушы  бағалау,  ішкі  жиынтық 
бағалау,  сыртқы  жиынтық  бағалау.  Қалыптастырушы  бағалау  мен  ішкі 
жиынтық  бағалау  мектептшілік  бағалауды  құрастырады  және  межелік  және 
жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.  
Қалыптастырушы  бағалау  тоқсан  бойы  күнделікті  сабақ  беруде  үнемі 
жүргізіледі  және  сабақтың  бөлінбейтін  бөлігі.  Қалыптастырушы  бағалау 
оқушылардың  білім  деңгейін  өлшеу  үшін  қолданылады  және  сабақты 
жоспарлауда көмек көрсетеді [15].  
Оқушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері  «жетті»  (оқыту 
мақсаттары)  немесе  «ұмтылуда»  айқындамалары  түрінде  тіркеледі.  Әрбір 
сабақта  баға  қоймау  нашар  баға  алудан  қорқатын  оқушылардың  беймаза  күй 
кешуін болдырмауға, оқудағы мақсаттарға қол жеткізуде деңгейінің өсуі үшін 
үнемі  жұмыс  жасауына,  ал  оқытушының  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін 
ескере отырып, сабақты жоспарлауды түзетуіне мүмкіндік береді.  
Ішкі  жиынтық  бағалау  –  тоқсан  ішіндегі  оқыту  ақпараты  блогын 
зерделеуді  аяқтаған  кезде  білімді,  икемділікті  және  дағдыларды  қолдану 
деңгейін  айқындау  және  тоқсандағы,  оқу  жылындағы  жиынтық  бағаны 
айқындау үшін қолданылады.  
Ішкі  жиынтық  бағалауды  ұйымдастыру  үшін  «НЗМ»  ДББҰ-ның 
Педагогикалық  өлшемдер  орталығының  мамандары  бағалау  құралдарын,  олар 
тапсырмалардың  тестілік  ерекшеліктері  мен  жиынтығын  әзірлейді.  Тестілік 
ерекшеліктер  мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығына  қызмет  көрсету  және 
оқушыларды  дайындау  үшін  мектептерге  алдын  ала  берілетін  пәндер  мен 
25 

сыныптар  бөлінісінде  жұмыстың  құрылымымен  тапсырмалар  үлгілерінің 
сипаттамасын  қамтиды.  Ішкі  жиынтық  бағалау  тапсырмалары  оны  өткізер 
алдында мектептерге жіберіледі.  
Оқушылардың нормативтік және ішкі жиынтық бағалау үдерісінде оқыту 
мақсаттарына қол жеткізу нәтижелері 30:70 пайыздық арақатынаста тоқсандағы 
және оқу жылындағы қорытынды бағаларды айқындау үшін пайдаланылады.  
Сыртқы  жиынтық  бағалау  оқыту  сатысындағы  оқу  ақпараты  блогын 
зерделеуді  аяқтау  кезінде  білімді,  икемділікті  және  дағдыларды  қолдану 
деңгейін айқындайды және оны бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерден 
кейін Тәуелсіз бағалау органы жүргізеді. Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері 
30%  (қалыптастырушы),  40%  (ішкі  жиынтық)  және  30%  (сыртқы  жиынтық 
бағалау)  пайыздық  арақатынаста  бір  жылдағы  қорытынды  бағаны  айқындау 
үшін  қолданылады.  Қорытынды  бағадағы  сыртқы  жиынтық  бағалау  үлесі 
ұлғайып  отырады  және  2012-13  оқу  жылы  Кіріктірілген  білім  беру 
бағдарламасы  бойынша  оқуды  бастаған  оқушылар  мектепті  бітірген  кезде  ол 
100%-
ға жетеді деп жоспарлап отыр.  
Бағалау  үшін  нені  болмасын  ұсынылатын  талаптарға  сәйкес  бағалау 
бойынша  шешімдер  қабылдау  негіздері,  қағидалар  секілді  критерийлер 
қолданылады.  Критерийлер  дескрипторлармен  сипатталады,  оларда  (әрбір 
нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай 
болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дескрипторға сәйкес бағалау 
– 
бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.  
Бағалау 4 критерий бойынша жүзеге асырылады.  
Тілдік емес пәндер бойынша:  

 
«
Білу және түсіну»;  

 
«
Білімді қолдану»;  

 
«Анализ, синтез, зерттеу»;  

 
«Коммуникация».  
Тілдік пәндер бойынша:  

 
 «
Оқылым»;  

 
«
Тыңдалым»;  

 
«
Айтылым»;  

 
«
Жазылым».  
Бір  пәннен  беретін  педагогтар  бір  тақырыпты  оқыту  кезінде  саны  мен 
сапасы  әртүрлі  дескрипторларды  қолданды,  бұл  сыныптар  мен  мектептер 
арасында қатарлас салыстыру жасауға мүмкіндік бермеді.  
Сондықтан  да,  Кембридж  университетінің  Халықаралық  емтихан 
Кеңесінің  сарапшыларымен  бірлесіп  қалыптастырушы  бағалау  кезінде  оқыту 
мақсатына  қол  жеткізетін  «табыс  критерийлері»  деп  аталатын  критерийлерді 
әзірлеу мен стандарттауды жүзеге асырылды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет