Учебных достижений обучающихся методическое пособие


  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#5451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.5  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін 
енгізудің оқу-әдістемелік негіздері  
 
2015 жылғы 25 сәуірде бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш 
білім  беру  стандартында  Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  «Тіл  және 
әдебиет»,  «Математика  және  информатика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және 
қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес 
оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып 
жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалатыны көрсетіледі.  
Аталмыш  құжатта  бастауыш  білімнің  мақсаты  бастауыш  білім  берудің 
мақсаты  мынадай  кең  ауқымды  дағдылар  негіздерін  меңгерген  білім  алушы 
тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін 
жасау болып табылады:  
1) 
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;  
2) сын тұрғысынан ойлау;  
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;  
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;  
5)  коммуникацияның  түрлі  тәсілдерін,  оның  ішінде  тілдік  дағдыларды 
меңгеру;  
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.  
Бастауыш  білім  берудің  базалық  мазмұны  мынадай  бағдарларды  ескере 
отырып айқындалады:  
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;  
2)  сын  тұрғысынан,  шығармашыл  және  позитивті  ойлауды  дамыту 
қажеттілігі;  
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;  
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету [20].  
Осыған  сәйкес,  құзыреттілік  тәсілдемеге  негізделген  бағалау 
технологиясын  таңдауға  келгенде,  оқушылардың  жеке  дара  қасиеттері  мен 
вариативті  білім  алу  кеңістігін  дамытуды  жүзеге  асыруды  ескерген  жөн. 
Вариативті  білім  беру  кеңістігі  қазіргі  технологиялар  мен  жеке  оқыту 
траекторияларын қамтиды. Вариативтілік бұл жерде білімнің жекеленуіне және 
қолжетімділігіне,  мақсатты  жүзеге  асырып  және  мазмұнды  (мемлекеттік 
стандарттар  аясында),  қызметтердің  тәсілдері  мен  әдістерін  таңдау  бойынша, 
оның  қатысушыларының  өзара  жұмыс  істеуіне  негізделген  оқыту  процесінің 
икемділігіне бағытталған [21].  
Қазіргі  мектепте  басым  мақсат:  қоршаған  ортамен  белсенді  қарым-
қатынасқа  түсуге,  өз  бетімен  білім  алып,  өзін  өзі  дамытуға  дайын  тұлғаны 
дамыту.  Өз  бетінше  оқуға  қол  жеткізу  үшін  баланың  өз  бетінше  бақылау-
бағалаушылық  қабілетінің  болуы  маңызды  [22].  Яғни  оның  өзінің  қызметін 
бақылауға  және  бағалауға  дайындығы  мен  қабілеті,  пайда  болған 
36 

қиындықтардың себебін анықтауы мен жоя алуы.  
Бүгінгі  бағалау  жүйесі  білім  берудің  оқыту  парадигмасының  аясында 
әзірленіп,  білім  беру  процесін  емес  білім  алу  процесінің  нәтижесін  көрсетеді. 
Бұл өз кезегінде қазіргі құзыреттілік тәсілдің талаптарына сай келмейді [23].  
Зияткерлік  мектептерде  оқыту  үдерісі  Кіріктірілген  оқыту  бағдарламасы 
және  Кембридж  университетінің  срапшыларымен  бірлесіп  жасалған  пәндер 
бойынша  оқыту  бағдарламасының  негізінде  ұйымдастырылған.  Білім  берудің 
жаңа  мазмұнын  тиімді  енгізу  шарттарының  бірі  деп  кезінде  педагогикалық 
қолдау  көрсету  үшін  әрбір  оқушының  оқудағы  жетістіктері  туралы  ақпарат 
беретін  оқушылардың  дағдыларны  дамыту  деңгейін  барабар  бағалай  алатын 
бағалау жүйесінің болуы болып табылады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ-ның  Білім  беру  сапасын  бағалау  департаменті  2010  жылдан 
оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  әзірлейді,  жетілдіреді  және  сын 
тұрғысынан  бағалайды.  Бағалау  үшін  нені  болмасын  ұсынылатын  талаптарға 
сәйкес  бағалау  бойынша  шешімдер  қабылдау  негіздері,  қағидалар  секілді 
критерийлер  қолданылады.  Критерийлер  дискрипторлармен  сипатталады, 
оларда  (әрбір  нақты  жұмыс  үшін)  оқу  тапсырмаларын  орындау  нәтижелері  іс 
жүзінде  қалай  болу  керектігі  туралы  нақты  түсінік  беріледі,  ал  дискрипторға 
сәйкес  бағалау  –  бұл  оқушының  осы  мақсатқа  жақындау  деңгейін 
айқындайды [24].  
Бағалау  4  өлшем  бойынша  жүзеге  асырылады.  Тілдік  емес  пәндер 
бойынша  «Білім  және  түсіну»,  «Білімді  қолдану»,  «Талдау,  синтез,  зерттеу», 
«Коммуникация»,  өлшемдері  қолданылады.  Тілдік  пәндер  бойынша  «Оқу», 
«Аудиттеу»,  «Сөйлеу»,  «Хат»  өлшемдері  қолданылады.  Кембридж 
университетінің  Халықаралық  емтихан  Кеңесінің  сарапшыларымен  бірлесе 
отырып  формативті  бағалау  кезінде  оқыту  мақсатына  қол  жеткізетін  «табыс 
критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттау басталды. 
Табыс критерийлері- бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол 
жеткізу  дәлелдерін  иеленулеріне  мүмкіндік  беретін  нұсқаулар.  Оқыту  мен 
бағалау  және  оқыту  мақсатына  қол  жеткізудегі  табыс  критерийлері  мен  оны 
бағалау  бойынша  мұғалім  үшін  ұсынылатын  қызметті  қоса  алғанда  сынаптар 
мен  пәндер  бөлінісінде  бағалау  жөніндегі  әдістемелік  ұсынымдар 
дайындалды [24].  
Сыртқы  жиытық  бағалау  үшін  емтихан  жұмыстары  да  бағалау 
критерийлерін  –  бағалау  саласын  қамтиды,  соған  сәйкес  оқушының  емтихан 
жұмысын  қаншалықты  жақсы  орындағанаы  талқыланады.  Емтихан 
жұмыстарындағы  бағалау  критерийлері  балл  шығару  дискрипторлары  мен 
схемасын  қамтиды.  Дискрипторларда  –  оқушыдан  белгілі  бір  нәтижеге  қол 
жеткізу  үшін  күтілетін  қызмет  түрін  қысқаша  сипаттау,  балл  қою  схемасы  – 
нүсқаулық,  әрбір  сұрақ  үшін  балл  саны  мен  балл  беруді  сипаттау  нақты 
көрсетілген.  Бағалау  критерийлерін  пайдалану  емтихан  жұмысының  қандай 
мектепте  орындалғанына  қарамастан  барлық  оқушылардың  жетістіктерін 
бағалаудың  тәсілдерін  стандарттауға  мүмкіндік  береді,  бұл  объективті  және 
ашықө бағалауға қол жеткізеді. Формативті және жиынтық бағалауды жүргізу 
кезінде  мектеп  мұғалімдері  модерация  үдерісін  жүргізеді  –  бұл  бірыңғай 
37 

стандартталған  тәсілді  жасау  мақсатында  бір  пән  және  сынып  бойынша 
оқушының  нәтижелерін  талқылау.  Модерация  курстық,  практикалық 
жұмыстарды  бағалау,  сыртқы  жиынтық  бағалауды  тілдік  пәндер  бойынша 
«сөйлеу»  дағдысын  бағалау  нәтижелері  кезінде  пайдаланылады  [24]. 
Осылайша,  критериалды  бағалауды  қолдану  оқыту  процесін  тиімді 
ұйымдастыруға,  оқушыларға  заманауи  қолдау  көрсетіп  және  оқытудағы  алға 
жылжуды қамтамасыз етеуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, оқыту 
нәтижелері бойынша ақпаратты қажетті тараптарға тапсыруға мүмкіндік береді. 
Мұндай бағалау жүйесі ең бірінші, балаларды тиімді оқуға уәждеу, оқытудағы 
кемшіліктерді  анықтауға  және  оның  өсуін  бақылауға  бағытталған.  Әзірленген 
крнитериалды  бағалау  моделі  өз  алдына  пәнді  оқытудың  мақсаттары  мен 
міңндеттерін,  олардың  жетістік  ьдепңгейлерінің  критерийлері  мен 
сипаттамасын, критериә бойынша қойлыған баллды 5 баллдық дәстүрлі бағаға 
аудару шәкілін қамтиды.  
Бастауыш  білім  стандартының  негізгі  қызметтерінің  бірі  бағалаудың 
шынайылығын  арттыру.  Бұл  қызметті  жүзеге  асыру  бағалауға  критериалды-
бағытталған тәсіл негізінде қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және 
бағалау  жүйесін  түбегейлі  өзгерту  мүмкіндігімен,  шынайы  өлшеу  жүйелерін 
және  оқытуды  ұйымдастыру  қызметінің  тиімді  жағын,  жалпы  білім  жүйесін 
тиімді қолданумен байланысты.  
Бағалауға  критериалды-бағытталған  тәсіл  қолдану  жаңа  стандарт 
талптарында  жетістікті  бағалаудың  шынайылығы  мен  анықтылығы  деңгейін 
жоғарылатады.  
Қазіргі  кезде  ел  мектептерінде  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
критериалды  бағалау  қолданысқа  ие,  себебі  бұл  тәсіл  барлық  процеске 
қатысушыларға  оқу  материалының  игерілу  деңгейін  түсініп,  кері  байланыс 
алуға  мүмкіндік  береді.  Кері  байланыс  қаншалықты  мазмұны  терең  болса, 
соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.  
Оқу  жылы  бойында  бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқудағы  прогресі 
және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі жүргізіледі: 
қалыптастырушы  бағалау  (ҚБ)  және  ішкі  жиынтық  бағалау  (ІЖБ). 
Қалыптастырушы  бағалау  мен  ішкі  жиынтық  бағалау  мектепішілік  бағалауды 
құрайды [25].  
Қалыптастырушы  бағалау  тоқсан  бойы  күнделікті  сабақ  беруде  үнемі 
жүргізіледі  және  сабақтың  бөлінбейтін  бөлігі.  Қалыптастырушы  бағалау 
оқушылардың  білім  деңгейін  өлшеу  үшін  қолданады  және  сабақты 
жоспарлауда көмек көрсетеді.  
Қалыптастырушы  бағалау  мен  ішкі  жиынтық  бағалау  барлық  пәндер 
бойынша  қолданылады,  бірақ  бағалау  жолдары  пәндер  және  мазмұнынға 
байланысты өзгеріп отырады.  
Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың 
дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады.  
Дағдыларды  нақты  бағалау  біліктілігі  критериалды  бағалаудың  маңызды 
аспектісі. Берілген 4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, қалыптастырушы 
және  ішкі  жиынтықтық  бағалауда  дағдылырдың  қалыптасқанын  немесе  даму 
38 

деңгейінің бағалауы көрсетілген [25].  
 
4-
кесте – Оқушылардың дағдысын қалыптастыру  
 
Дағдылар  
Сипаттамасы  


Білу 
Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру 
және оларды баяндау.  
Түсіну 
Ақпараттарды  түсіну  арқылы  дұрыс  жеткізу,  болжау 
немесе түсіндіре білу.  
Қолдану 
Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс 
емес жағдайларда, контексте қолдану.  
Сыни ойлау 
Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі 
туралы  шешім  қабылдау  немесе  әр  түрлі  көзқараста 
болу.  
Анализ 
Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін және/немесе ой 
қорытындысының  әр  түрлі  шешімдерін  ойлауда 
ақпараттарды  жинақтап  тұжырымдарды  бөлікке  бөлуі 
және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.  
Синтез 
Алған  білімдерін  әр  түрлі  жаңа  контексте  құрастыра 
білу.  
Коммуникация 
Басқа 
адамдардың 
қызығушылығын 
және 
көзқарастарын 
өз 
қызығушылығымен 
және 
көзқарасымен  сәйкестендіріп  және  негіздеп  қабылдау, 
адамдармен  қарым-қатынаста  болу  және  келісу 
қабілеттілігі.  
Тыңдалым арқылы 
коммуникация 
Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  тақырыпта 
ауызша  сөйлеудің  негізгі  мазмұнын  түсіну  және  одан 
өзекті  ақпаратты  бөлу;  сөйлеген  адамның  пікірін 
айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын 
анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі 
стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің 
мазмұнын  түсіну  және  қабылдау;  естігеннің  негізгі 
мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге, фразаларға 
және  естігені  арқылы  түсіну,  нақты/керекті  ақпаратты 
таңдау және түсіну;  
Оқылым арқылы 
коммуникация 
Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  ғылыми  және 
әдеби  мәтіндердің  негізгі  мазмұнын  түсіну  және 
олардағы өзекті  мәселелерді бөлу,  ақпарат іздеудің  әр 
түрлі  стратегиясын  қолдану,  контекст  бойынша 
сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен  
көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және сөз 
мағынасын  тексеру  үшін  әр  түрлі  сандық  және  қағаз 
түпнұсқасын қолдану.  
39 

4-
кестенің жалғасы  


Жазылым 
Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  мәтіндегі 
жазбаша  жұмыстарды  түзету  және  редакциялау,  жазу, 
жоспарлау;  нағыз  және  ойдан  шығарылған  оқиғалар 
туралы  жазу  біліктілігі;  орфографиялық  және 
грамматикалық  қателерсіз  жеткілікті  сауатты  жазу; 
қажетті  стильді  ұстау;  әр  түрлі  байланыстырушы 
сөздерді 
пайдаланып, 
сөйлемдерді 
абзацқа 
байланыстыру.  
Айтылым 
Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  мәтіндегі 
әңгімелеуде  ауызекі  және  ресми  стильді  пайдалану; 
қажетті  ақпаратты  алу  үшін  күрделі  сұрақтарды  қоя 
білу  біліктілігі;  күтпеген  сұрақтарға  жауап  қайтару; 
тапсырма  орындау  барысында  өз  құрбыларымен 
қарым-қатынаста  болу;  лексикалық  ерекшеліктерді 
сауатты  пайдалану;  оқиға  және  оның  жүйесін 
мазмұндау.  
Шығармашылық  Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, 
мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау.  
Зерттеу 
Зерттеу мақсатына сәйкес деректер және ақпараттарды 
жинау жолдарын дайындау.  
Техника және 
тәсілдер 
Өзара  жоспарлауды,  орындауды  және  бағалауды  қоса 
пән  бойынша  практикалық  біліктілікті,  оларға  сәйкес 
рәсімдерді мен технологияны көрсету.  
Әр  түрлі  іс-әрекетке  қатысу  үшін  негізгі  техникалық 
тәсілдер  мен  моторикалық  дағдыларды  көрсету;  топта 
және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы 
өз  ойын  көрсету;  рухани  дамуды  және  физикалық 
дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді 
қолдану.  
Рефлексия 
Іс-әрекет  жасауда  шешім  қабылдау  және  тұжырымды 
қалыптастыру,  пікірлер,  ойлар  және  оқиғалар  туралы 
ой пікір ұсыну.  
Сандық ойлаудың 
математикалық 
қабілеті 
Санды  қолдануды,  есепті  шығаруды,  график,  кесте 
және  кең  диапазондағы  математикалық  ұғымды, 
контексті және күнделікті жағдайда көрсетуді түсіну.  
 
Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі 
болып  табылады,  ол  жеке  қосымша  тапсырма  немесе  тест  ретінде 
қаралмайды [25].  
Критериалды бағалауда мақсаттарды анықтау технологиясы оқушылардың 
әрекетінде  көрінетін,  анықталатын  оқу  нәтижесі  арқылы  мақсаттарды  құруды 
талап етеді. Аталмыш тәсіл өзінің жоғары қолданыстылығымен ерекшеленеді.  
40 

Әрекеттегі оқу мақсатының нақтылығы оқушылардан күтілетін белгілі бір 
әрекеттерді санамалауды талап етеді. Сонымен мақсат: «Ауа райы картасында 
белгілерді  қолдана  алу»,  келесідей  түрде  нақтылануы  мүмкін:  а)  картада 
пайдаланылатын  белгілерді  ес  арқылы  жаңғырту;  б)  оларды  тану;  в)  олардың 
көмегі арқылы картаны оқу; г) карта арқылы ауа райын болжау.  
Былайша  мақсатты  нақтылау  оқыту  нәтижесі  туралы  жалпылама 
көріністен  нақты  өлшемдерге,  оқушылардың  табысқа  жету  критерийлеріне 
көшуге мүмкіндік туғызады.  
Пәннің  мақсатын  нақтылау  технологиясын  суреттеу  оқушылардың 
игеретін  білім,  білік,  дағды,  шығармашылық  қызмет  тәжірибесінің  дамуы 
деңгейлерінсіз толық емес болар еді.  
Игерудің үш деңгейін атап көрсетуге болады.  
1-
ші  деңгей  –  танысу,  ажырату.  Бұл  танымдық  қызметі.  Оқушы  бұрын 
алған  нысан,  процесс  немесе  оларға  қатысты  әрекеттерді  қайта  қабылдаған 
шақта ғана орындауы мүмкін.  
2-
ші  деңгей  –  алгоритмдік.  Бұрын  игерілген  репродуктивті,  алгаритмді 
әрекетті  қолдану.  Оқушылар  аталмыш  әрекетті  орындаудың  бағытталған 
негізінде  бұрын  қабылданған  ақпаратты  өз  бетінше  жаңғырту  және  қолдану 
арқылы орындайды.  
3-
ші  деңгей  –  шығармашылық.  Бұрын  қабылданған  білім  мен  білікті 
үлгілік  емес  тапсырмаларды  шешу  үшін  қолдану.  Бұл  орындау  процессінде 
оқушы  жаңа  ақпарат  табатын  продуктивті  әрекет.  Яғни  олар  эвристикалық 
әрекетті  жүзеге асыра отырып,  «ережесіз»  бірақ өзіне  белгілі  аяда  қызмет  ете 
отырып,  әрекеттің  өзге  ережелерін  жасайжы,  зерттеушілік  қызметпен 
айналысады.  
Мақсатты  нақтылау  қызметі  процессі  кезінде  педагог  аталмыш  сабақтың 
пәні  болатын  мазмұн  элементтерін  анықтайды;  стандарт  талаптарын,  уақыт 
мөлшерін,  оқушылардың  ерекшеліктерін  басшылыққа  ала  отырып  әр  элемент 
үшін оның игерілу деңгейі мен жалпылама мақсатын анықтайды; мақсаттарды 
құрады  және  сәйкесіншесол  мақсатқа  жетуге  қажетті  әрекеттер  әдәсә  мен 
түрлерін таңдайды.  
Оқытудың  нәтижелерін  тексеру  және  бағалау  оқыту  мақсаттарына 
бағытталған  болуы  тиіс.  Педагогикалық  практикада  тексеру  мен  бағалауда 
мақсатқа  барабарлық  жоқ  болатын  құбылыстар  белең  алған.  Мысалы, 
стандартқа  сәйкес  белгілі  бір  мазмұн  элементі  білім  мен  үлгілік  дағды 
деңгейінде игерілуі керек (алгаритмдік деңгей), ал тексеру мен бағалау тестінің 
көмегімен,  яғни  дұрыс  жауапты  таңдау  арқылы  тану  деңгейінде  жүзеге 
асырылады.  
Тестіні 
жалпы 
түрде 
құрылым 
ретінде 
ұсынса 
болады: 
Тест=Тапсырма+Өлшем,  яғни  кез  келген  тапсырманы,  егер  оның  өлшемі 
көрсетілген жағдайда, тест деп санауға болады. Өлшем – тапсырылған қызметті 
орындаудың толық дұрыс тәсілі.  
Оқушылардың жауабын өлшеммен қатар салыстырғанда тестінің орындалу 
сапасыны туралы қорытынды шығаруға болады. Оқытуда материалды игерудің 
үш деңгейіне сай келетін жетістіктің үш деңгейі бойынша тестілерді қолданады 
41 

(тану және жаңғырту, алгоритм бойынша әрекет ету, шығармашылық қызмет).  
1-
ші деңгейге:  
-
 
тану  –  көрсетіліп  отырған  объекті  немесе  құбылыс  осы  түрдің 
объектісіне немесе құбылысына сәйкес келетінін анықтау;  
-
 
айыру  («таңдау  тестісі»)  –  мүмкін  болатын  жауаптардың  ішінен  бір 
немесе  бірнешеуін  таңдау,  мүмкін  болатын  жауаптар  нұсқалары  тест 
мазмұнында болады;  
-
 
алмастыру тестілері – тастап кеткен сөзді, формуланы немесе басқа бір 
білім элементін қою сипатындағы тестілер тән.  
2-
ші  деңгей  үшін  сындарлылық  тестілері  таңдап  алынады:  оқушы  есінде 
бар  ақпарат  бойынша  сәйкес  жауап  беруі  тиіс.  Үлгілік  тапсырмалар  да 
қолданылуы мүмкін.  
3-
ші деңгейге жаңа жағдайда білімін пайдалануға арналған (әр тапсырмаға 
өлшем  әзірленеді) үлгілік  емес  тапсырмалар,  оқушыны  жауабын  табу  арқылы 
өзі  үшін  жаңалық  ашуға  итермелейтін  мәселелерді  (қажетті  және  мүмкін 
болатын тапсырмалар алдын ала әзірленеді) [26].  
Бағалау  критерийлерін  мұғалім  алдын ала  дайындайды,  ал  сауаттылықты 
қалыптастыру  мақсатында  оларды  оқушылармен  бірлесіп  әзірлеген  дұрыс. 
Мысалы  мұғалім  тексеру  жұмысын  жүргізбес  бұрын  оқушыға  бағаланатын 
жұмыстың  критерийі  бойынша  баға  беруін  өтінеді  (топпен  немесе  жұппен). 
Аталған критерийлердің ішінен оқушылармен бірлсесе отырып педагого басым 
критерийді таңдап алады. Оқушылардың критерийлерді түсінбей қалмасы үшін 
педагог  олармен  бағалау  критерийлерін  талқылап,  түсіндіруі  керек.  Критерий 
мазсұны  түсінікті  тілмен  жазылғаны  дұрыс.  Олар  оқушылардың  көз  алдында 
(тақтада, плакатта жазылған т.б.) тұруы тиіс.  
Критериалды бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағалау кезінде, 
сонымен  қатар  жетуі  тиіс  мақсаттарға  қойылатын  бағаларға  келгенде  өте 
қолайлы.  Оған  қоса,  ол  мұғалім,  оқушы  және  ата-аналарды  әрдайым  қарым-
қатынасқа  түсіріп  отыруды  қамтамасыз  ете  отырып,  оқытуда  пайда  болған 
мәселелерді диагностикалау әдісі болып табылады.  
Ішкі жиынтық бағалау жыл аяғы және тоқсан аяғында оқушының прогресі 
туралы  ақпаратты  мұғалімдер  мен  оқушыларға  беру  үшін  дайындалады.  Ішкі 
жиынтық  бағалау  тоқсан  бойында  өтетін  оқу  мақсаттарына  негізделген  және 
мұғалімдерге 
әр 
оқушының 
жетістіктерін 
қадағалауға 
мүмкіндік 
береді.Мұғалім  әдістемелік  нұсқаулықтарды  басшылыққа  ала  отырып 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  формативті  бағалау  процессі  кезінде 
бағалайды, балл қою схемасы бойынша ішкі жиынтық бағалауды жүргізеді.  
Қалыптастырушы  және  ішкі  жиынтық  бағалау  бойынша  тапсырмалар 
барлық  оқушыларға  бағалаудың  тең  мүмкіндіктерін  беруді  ескере  отырып 
дайындалады [25].  
Сыныптар бойынша оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқу 
жоспарындағы  ұсыныста  берілген.  Оқу  жоспарындағы  тапсырмаларды 
мұғалімдер  оқушылардың  барлық  оқу  мақсаттарына  жеткеніне  және  оқу 
бағдарламасының мазмұнын білетіндеріне көз жеткізу үшін қолдана алады.  
Оқыту  мақсаты  –  берілген  кезең  аяғында  оқушылардың  дағдылар  мен 
42 

түсініктерді,  білімді  меңгергендері  немесе  оларды  түсінетінін  көрсететін 
тұжырым. Олар пәндер бойынша сыныптан сыныпқа нақты құрылым прогресін 
көрсету  үшін  оқу  жоспарында  белгіленген.  Оқу  жоспары  ұзақ  мерзімді,  орта 
мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттарды жоспарлау үшін дайындалған.  
Ұзақ мерзімді жоспар:  
• ортақ тақырып бойынша оқу мақсаттарын бөлімдер бойынша топтайды;  
• алдыңғы жұмыспен, мақсатпен өзара байланыс орнатуға, және оқытудың 
одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;  
•  бөлімдер  бойынша  теңестірілген  және  басқарылатын  байланысты 
орнатуды қамтамасыз етеді.  
Орта мерзімді жоспар:  
• мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауда қажетті бөліктерді береді;  
•  сабақ  беруде  әр  түрлі  тәсілдерді  қолданудағы  мүмкіндік  жолдарын 
анықтайды;  
• оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі ресурстарын 
ұсынады;  
• бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;  
• тіл қабілетін жақсарту бойынша талаптарды анықтайды.  
Қысқа мерзімді жоспар:  
•  оқытуды  ұйымдастыру  үдерісін  анықтайды:  жаппай  оқыту,  топтық, 
жұптық жұмыс, жеке жұмыс;  
• оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;  
•  бағалауды  ұйымдастыруға  мүмкіндік  туғызады  және  оқушымен  оқу 
мақсатына жету туралы кері байланысты береді.  
Ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  жоспарлау  бір-бірімен 
тығыз  байланысты.  Жоспарлау  педагогикалық  процесс  барысында  мақсатқа 
жетудің әдістері мен тәсілдерін, ондағы субъектілердің әрекеттерінің реттілігін 
құруды  сипаттайды.  Жоспарлау  барлық  қатысушылардың  қызығушылығын 
тудырып, назарын сабаққа аудыртуы тиіс.  
Ұзақ мерзімді жоспарлау білім жүйесіндегі саясатты құратын тұлғалар мен 
мектеп  әкімшілігі  арқылы  әзірленеді.  Ұзақ  мерзімді  жоспарлауды  әзірлеу 
барысында  білім  беруді  дамытудың  жалпы  қағидаттары  (дамуының 
тұжырымдамасы);  дамудың  басты  бағыттары  мен  бағдарламалары;  қойылған 
оқу  мақсаттарына  жетуді  қамтамасыз  ететін  маңызды  шараларды  іске 
асырудлың мазмұны мен реттілігін анықтайды.  
Ұзақ мерзімді жоспарлауда бір оқу жылына арналған оқыту тақырыптары 
беріледі.  Ал  әр  тақырыпқа  неше  сағат  арнайтынын  мұғалім  өзі  шеше  алады 
[27]. 
Мұғалім әр сыныпта сабақ беру процессінде оқу бағдарламасының барлық 
мақсаттарын қамтуы тиіс. Бағалау процессінің қолайлы әрі тиімді болуы үшін 
әр  тоқсанға  формативті  бағалау  үшін  10  мақсаттан  таңдап  алынады.  Таңдап 
алынған  мақсаттар  мұғалім  мен  оқушыларға  пәнге  қатысты  түсінік  пен 
дағдыларының ілгерілеуін анықтап отыруға мүмкіндік береді.  
Әр  тоқсан  басында  мұғалім  тоқсан  соңында  формативті  бағалау  жүргізуі 
үшін қөажетті мақсаттардың бәрі оқу жоспарында қамтылғандығын анықтауы 
тиіс.  Бұл  оған  алдын  ала  формативті  бағалау  жүргізуі  үшін  әрекеттірн 
43 

жоспарлауға  мүмкіндік  береді.  Енді  ұзақ  мерзімді  жоспарлау  бойынша  мысал 
келтірсек (5-кесте).  
 
5-
кесте – «Сауат ашу» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспар үлгісі, 1-сынып  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет