Қуыршақтарға қонаққа


Ілмек сөздер: балабақша, Зат қандай пішіннен құралған



бет16/21
Дата12.05.2023
өлшемі348,88 Kb.
#92180
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Қимыл-қозғалыс ойындар жиынтығы

Ілмек сөздер: балабақшаЗат қандай пішіннен құралған

Тобы: 1-ші сәбилер Қуыршақтарға қонаққа. Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды. Қоңырау қайдан естіледі? Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады. Жолмен (жалғыз аяқ жолмен). Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді. Кішкене өзен арқылы. Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді. Поезд. Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады. Жел көбік. Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады. Көпіре гөр көбік-шар, Көпіре гөр кеңіп шар. Осы күйі қал тұрып, Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады. Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту). Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.) Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі. Күн мен жаңбыр. Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады. Допты қуып жет. Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын. АЙДАПСАЛ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады. АРЫНДЫ АРҚАН - ОЙЫНЫ Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады. АРҚАН ТАРТЫС - ОЙЫНЫ Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді. АТҚАУМА - ОЙЫНЫ Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды. АҚШАМШЫҚ - ОЙЫНЫ Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды АҢШЫЛАР - ОЙЫНЫ Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді. АҢШЫЛАР МЕН ҚОЯНДАР - ОЙЫНЫ Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерде бір-бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды. БІЗ ДЕ - ОЙЫНЫ Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді. Ойын бастаушы: мен көлге барамын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: күшігім жейді. Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады. ДАУЫСТА, АТЫҢДЫ АЙТАМ - ОЙЫНЫ Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады. КӨРШІ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу. Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді. МОНДАНАҚ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады. ОРДАҒЫ ҚАСҚЫР ЖӘНЕ ОРАМАЛ ТАСТАУ - ОЙЫНЫ Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады. СОҚЫРТЕКЕ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн. СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН - ОЙЫНЫ Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар. ТАПШЫ, КІМНІҢ ДАУСЫ? - ОЙЫНЫ Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны: «Секір секір» деген кім, білгіш болсаң таба ғой. Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді. «Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді. ТАСЫМАҚ - ОЙЫНЫ Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады. ТАЯҚ ЖҮГІРТУ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады. ТЫМПИ ТЫМПИ - ОЙЫНЫ «Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді. ТҰТҚЫН АЛУ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды. ШАЛМА - ОЙЫНЫ Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді. ШЕРТПЕК - ОЙЫНЫ Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты. ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді. ҚАРАГИЕ - ОЙЫНЫ «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды. Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады. ҚАРАМЫРЗА - ОЙЫНЫ Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады. ҚАССЫҢ БА, ДОССЫҢ БА? - ОЙЫНЫ «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы: Көршіңмен қассың ба, доссың ба? деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе: ҚЫНДЫҚ САНДЫҚ - ОЙЫНЫ Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады. ҰШТЫ ҰШТЫ - ОЙЫНЫ Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді. АЙГӨЛЕК - ОЙЫНЫ Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады: ТЕҢГЕ АЛУ - ОЙЫНЫ Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ - ОЙЫНЫ Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады.... ОҚТАУ ТАРТЫС - ОЙЫНЫ Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді. АТТАМАҚ - ОЙЫНЫ Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек. "ЕГІЗ СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді. "ЖАНУАРЛАР КЕҢЕСІ" - ОЙЫНЫ Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық. КРИПТОГРАММАЛАР - "ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ" - ОЙЫНЫ Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі. "КІМ ЖЫЛДАМ?" - ОЙЫНЫ Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады. "ҚҰРЫЛЫСШЫ" - ОЙЫНЫ Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады. "АЯҚТАЛМАҒАН СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады. Жүктеу батырмасы 39 секундта ашылады!!! Қалай жүктеймін? Санат: Қазақша портал Играй БЕСПЛАТНО или зарабатывай! Уложит обидчика на лопатки на раз-два! Продается без разрешения. Тренажер 5 минут шейпер для всех групп мышц. Подарок браслет Power Balance! Құрметті қолданушы, Сіз ЖАРАР сайтына тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңіз. Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді ұсынамыз. 512345 3 Пікір: кіріңіз Жаңа RSS Жазылу бөлісу Никто ещё не оставил комментариев, станьте первым. . Қыз жасауын жинау + суреттер 2 Балабақша | Математикадан дидактикалық ойындар Қарағанды қаласы, № 42 "Тілек" балабақшасының тәрбиешісі Сакенова Калкен... 1 Қазақша сценарий: Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңы ... Сценарий аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий Мақсаты:... 28 Балабақша ойындары Арқан тарту Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр... 512 Қазақша сценарий: Балабақша | 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Жыл басы - Наурыз ... Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз! Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы... 217 Қазақша сценарий: Балабақша | Құтты болсын Жаңа жыл Балалардың кіруі. Тәрбиешінің сөзі: Тақпақтар. Шыршаның артынан Сауысқан... 1517 Қазақша фильм: Бекзат (трейлер) "Бекзат" деп аталатын картина марқұм боксшының өмірі туралы баяндайды. Ол 1999... Қазақша өмірбаян: Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) 22417 ЖАҢА ДҮНИЕЛЕР Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады? Болашақ жарды қалай таңдау керек? Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы Қарақат Әбілдина болашақ жарды қалай таңдау керектігін айтты Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды . ЖАРНАМА МЕРЕКЕЛЕР Жаңа жыл Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) Наурыз мейрамы (22 наурыз) Ғарыш күні (12 сәуір) Махаббат күні (15 сәуір) Бірлік күні (1 мамыр) Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) Жеңіс күні (9 мамыр) Соңғы қоңырау (25 мамыр) Балалар күні (1 маусым) Рәміздер күні (4 маусым) Астана күні (6 шілде) Конституция күні (30 тамыз) Білім күні (1 қыркүйек) Отбасы күні (қыркүйек) Тіл мерекесі (қыркүйек) Қарттар күні (1 қазан) Ұстаздар күні (5 қазан) Рухани келісім күні (18 қазан) Республика күні (25 қазан) Қаржыгерлер күні (15 караша) Тұңғыш президент күні (1 желтоқсан) Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) Рамазан, Ораза айт Құрбан айт . ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ Абай Құнанбаев Абай аудармасы [Крылов] Абай аудармасы [Лермонтов] Абай аудармасы [Полонский] Ахмет Байтұрсынов Әбіш Кекілбайұлы Біржан сал Қожағұлұлы Жамбыл Жабаев Жүсіпбек Аймауытов Қалқаман Сарин Махамбет Өтемісұлы Мағжан Жұмабаев Мұқағали Мақатаев Міржақып Дулатұлы Мұхтар Шаханов Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сүйінбай Аронұлы Танакөз Толқынқызы Төлеген Айбергенов Шәкәрім Құдайбердіұлы Фариза Оңғарсынова Ыбырай Алтынсарин Ілияс Жансүгіров . ЖАҢА ӘНДЕР ПЕН КЛИПТЕР Қазақша ән: Айдарбек Рысбек - Бәрі есімде (2015) [мәтін / текст] Қазақша Бейне Клип: Айдарбек Рысбек - Бәрі есімде (2015) Қазақша ән: Қайрат Нұртас - Мүмкін емес (2015) Қазақша ән: Қайрат Нұртас - Сен де мен де (2014) [мәтін / текст] Қазақша Бейне Клип: Kaliyаa - Атам әжем (2015) . Санақ: Наверх . . ZHARAR VKontakte Facebook Mail.ru Избранного Еще... Cізге ұсынамыз! Қазақша шығарма: Менің туған жерім - егеменді Қазақстан www.zharar.comAddThis Ads By PortalMore× PortalMore AdsPortalMore AdsPortalMore Ads Trust Rating Not Yet Rated zharar.com 

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/4416-kimyldyk.html?Like
© www.ZHARAR.com Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту




Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады.
2-3 жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. 2-3 жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады.
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.
Екі жасында - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.
Тілді түсіну біртіндеп болатын процес. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.
Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.
2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі - қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына жауап бере алады. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді.
Балалардың тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет