Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


АБЖ багдарламалық жасақтамасы



бет14/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
АБЖ багдарламалық жасақтамасы

АБЖ-да деректерді алу, жіберу, өңдеу және талдау жүйенің
бағдарламалық жасақтамасын құратын көптеген бағдарлама-
лық модульдер (бағдарламалар) арқылы басқарылады. Кез кел-
і ен автоматтандырылған жүйенің мүмкіндіктері көбінесе оның
бағдарламалық жасақтамасымен (БЖ) анықталады.
БЖ пайдалану мақсатына қарай бес негізгі типке бөлінеді:

  • жүйелік;

  • қолданбалы;

  • жасактау жүйелері;

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • сарапшылық жүйелер.

Соңғы екі түр осы уақытқа дейін қолданбалы бағдарламалық
жасақтамаға жатқан болатын, бірақ қазіргі заманғы компьютер-
лік және ақпаратгық дамуының процестері оларды бағдарлама-
лық жасақтаманың жеке түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Жүйелік багдарламалың жасақтама - ЭЕМ, оның құрамдас
бөліктерінің жұмысымен және желі аралық әрекеттестікпен қам-
тамасыз ету үшін қажетті бағдарламалар кешені. Әдетте жүйелік
бағдарламалық жасактамаға операциялық жүйелер жатқызылады.
Қолданбалы багдарламалық жасаңтама - ТКБАЖ ішкі
жүйелеріне арналған алгоритмдерді жүзеге асыратын бағ-
дарламалар кешені. Қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға
функционалдық тапсырмалар түрлеріне арналған қолданбалы
бағдарламалар пакеті және сол сияқты «тар мамандандырылған
тапсырмаларға» арнайы жазылған БЖ (пойыздарды қалыптас-
тыру жоспары бойынша АЖО инженер) жатады.
БЖ ңүру жүйелері - бағдарламалық жасақтаманы арнайы
бағдарламалау тілінде жасақтауға арналған бағдарламалық ке-
шендер (мысалы: C, Object Pascal, Java).
Деректер базасын басңару жүйелері - деректер базасын
(электрондық ақпарат сақтау орны) құру, толтыру, жаңарту және
жоюға арналған бағдарламалық құрал.
Жүйелік БЖ жоқ кез келген қазіргі заманғы компьютер - жо-
ғары технологиялық косалқы бөлшектердің жиынтығы. One-
рациялык жүйе (ОЖ)-ЭЕМ-ның жұмысымен, диагностикасы-
мен, байланысымен және оны бакылаумен қамтамасыз етуші
жүйелік БЖ.
Операциялык жүйелер серверлік және клиенттік болып бө-
лінеді.
Серверлік ОЖ жоғарыда аталған сипаттармен қатар есептеуіш
жүйенің жұмысымен, оның қауіпсіздігімен, деректерді жіберумен
және желілік жабдыққа қатынаспен қамтамасыз етеді. Серверлік
ОЖ мысалдары: Microsoft Windows Server 2003, Novell NetWare
6.5, Sun Solaris 9, S/390.
«КТЖ» ААҚ БЕО mainframe қызметінде және теміржолдар-
дағы АЕО-да жұмыс істейтін негізгі серверлік ОЖ IBM ком-
паниясының ОЖ - S/390 болып табылады. Төменде жүйенің
басқа серверлік ОЖ ішінде оң тұстарымен көрінуге мүмкіндік
беретін жүйенің негізгі сипаттамалары:

  • жалпы оперативтік жад негізінде 256 орталық процессорларға
    дейін бірлесу;

  • қуаттылықты параллелизм есебінен шектеусіз өсіруге мүм-
    кіндік беретін «п-процессорлық» архитектура;

  • желі клиенттерімен өзара әрекеттестік ету және периферия-
    лык құрылғылармен алмасу құралдары;

  • арналардың барынша жүктелуімен қамтамасыз ететін және
    жүйенің орталык бөлігінің аппаратурасы кінәратына байланысты
    абонентпен байланыстың жоғалуына толық дерлік жол бермейтін
    динамикалық реконфигурация құралдары;

  • ЭЕМ-ді ATM, Internet, TokenRing және FDDI желілеріне
    тікелей қолсу үшін S/390 архитектурасына арнайы аппараттық
    құралдарды ендіру;

  • тиімді ұйымдастыру және жадтың ішкі жүйесінің үлкен кө-
    лемі;

  • деректерді аппараттық бағдарлама құрамдастарынан тура-
    тын жалпы криптографиялық архитектураны құру есебінен рүқ-
    сатсыз кіруден корғау;

  • ақпаратты сақтау сенімділігі мен жұмыс тоқтауынан корғау;

диск жадына деген қажеттілікті 70%-ға деиін азайтатын,
байланыс арнасы берілетін ақпарат көлемін азайтатын, сығу
жылдамдығын бағдарламалық реализациямен салыстырғанда 5
ece асатын деректерді сығудың аппараттық құралы;

  • ДББЖ DB/2 параллель жұмысына бағытталған қолдау құ-
    ралдарының бар болуы;

- жергілікті желінің жұмыс бекеттері, бөлінетін файлдық
жүйесі, деректердің толықтығын сақтау және жүйелік сервис
иен протоколдар күралдарының жиыны бар кұралдар көме-
гімен таратылған өңдеудің тиімді ортаны құрушы VM/ESA/XC
машиналар архитектурасын колдау.
Операциялық жүйелер өздері жұмыс істейтін платформаға
тәуелді болып табылады. Мысалы, үлкен машиналарда (main-
frame) IBM және SUN фирмаларының ОЖ көшбасшы болып
табылады. Дербес ЭЕМ нарығында Microsoft (Windows 98, Win-
dows 2000, Windows XP т.б.) компаниясының ОЖ тобы басым
орынға ие. Соңғы кездері нарықтың басым бөлігін Linux тобы-
ның ОЖ-ры басып алды. Сондай-ақ, нарыктың азырақ бөлігін
IBM компаниясының OS/2 жүйесі мен Apple фирмасының
MacOS жүйесі өзара бөліседі.
Негізінен теміржолдағы АЖ пайдаланушылары клиенттік
операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін бекеттерге
ие. Ал желіаралық өзара әрекеттестік, ақпараттык қауіпсіздік
және ақпараттың орын ауыстыруы серверлік операциялық жү-
йелердің баскаруындағы мықты серверлермен жүргізіледі.
ОЖ тағы бір маңызды міндеті ЭЕМ аппараттық бөліктері
(мысалы, дыбыстық карта, қатты диск, CD-Rom) мен перифе-
риялық құрылғыларының (мысалы, принтер, сканер, web-ка-
мера) кызмет етуіне және олардың өзара әрекеттестігіне қолдау
көрсету болып табылады. Мұндай функционалдылық арнайы
бағдарламалық модульдер - драйверлер арқылы жүзеге асыры-
лады.
Соңғы жылдары әлемде бағдарламалық жасақтаманы әзір-
леу құралдарының елеулі ілгері жылжуы орын алды. Қазіргі
кезде машиналык кодтар, ассемблер және бағдарламалаудың
процедуралық тілдері қолданылмайды. Қазіргі технологиялар
бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің кешенді құрлдарын қол-
дануды кажет етеді. Бұл талаптар келесі процестермен түсін-
діріледі:

  • бағдарламалық модульдердің түрлі нұскаларын жасау қажет
    (орындалатын файлдар, динамикалык кітпаханалар, компонент-
    тер т.б.)і

  • Intemet және Intranet-технологиялардың қауырт дамуы;

  • БЖ-ны өзара территориялық жағынан қашықта орналасқан
    көптеген бағдарламашыларды қатыстыра отырып әзірлеу;

  • БЖ-ға койылатын жоғары талаптар (құжаттама, тексеру,
    көмектесу жүйесі).

БЖ-ны эзірлеудің кешенді құралдарына (одан әрі жасақтау
жүйелері) бірнеше бағдарламалау тілдері, бағдарламаны түзету-
шілер, интеграцияланған жасақтау ортасы, нұсқаларды басқару
жүйесі жатады.
Бағдарламалау тілі — бағдарламаларды жасақтауға арналған
жасанды тіл. Компилятор — бағдарламалау тіліндегі символдық
жазбаны машиналық командалар реттілігіне ауыстыруға арналған
арнайы бағдарлама. Түзетуші - бағдарламадағы қателер мен
оларды оңтайландыруға арналған арнайы бағдарлама.
Жасақтаудың интеграцияланған ортасы — бағдарлама коды pe-
дакторын, бағдарламаның интерфейсін визуалды жобалау орта-
сын, компиляторды, түзетушіні қамтитын арнайы бағдарлама.
7.0 нұсқалы Borland Delphi жүйесінде (бұдан әрі Delphi)
бағдарламалау екі үрдістің өзара тығыз байланысы негізінде
құрылады: бағдарламаның визуалды көрсетілуін құрастыру және
бағдарламаға қажетті функционадықты ұсынатын код жазу. Del-
phi бағдарламасы Object Pascal бағдарламалау тілінде кодталады.
Intemet пен оның Intranet бөлімінің дамуы web-қызметтері
мен қосымшалардың қауырт дамуы web-кызметтер мен қосым-
шаларды жасақтау жүйелерінің өсімін тудырды. Бұл жоғарыда
аталған өнімдерде және сол сияқты мамандандырылған өнім-
дерде жүзеге асырылған, мысалы, Microsoft Office FrontPage,
Sun ONE Studio 4, Macromedia Studio MX Plus. Бұл өнімдер
қосымшаларды жасақтап кана емес, оларды қашықтан басқару
мүмкіндігін береді.
Деректер базасы (ДБ) деп ақпараттың электрондық қойма-
ларын атайды. Оларға қатынасу бір немесе бірнеше компьютер
көмегімен іске асырылады.
Деректер базаларын басқару жүйелері (ДББЖ) - бұл дерек-
тер базаларын жасау, толтыру, жаңарту және жоюға арналған
бағдарламалық құралдар.
ДББЖ үш негізгі түрі бар: ендірістік әмбебап мақсаттағы, өн-
чірістік арнайы максаттағы және накты тапсырыс беруші үшін
жасалатын.
Арнайы ДББЖ нақты мақсаты бар ДБ басқару үшін жаса-
нады - бухгалтерлік, қойма және т.б. Әмбебап ДББЖ анық
иайдалану шеңбері жоқ, олар өмірдің барлық жағдайларына
арналған және осы себепті жеткілікті күрделі, пайдаланушыдан
арнайы білімді қажет етеді. Арнайы және әмбебап ДБЖ екеуі де
жеткілікті сенімді және бірден жұмысқа дайын, тапсырыс бой-
ынша жасалған ДББЖ дайындық пен түзету үшін көп уақытты
қажет етеді. Алайда, өндірістік ДББЖ ерекше тапсырыс бойынша
жасалған ДБЖ тапсырыс беруші жұмысының ерекшелігін ең көп
дәрежеде ескереді.
ДББЖ орналасуы түріне байланысты ДББЖ жергілікті және
гаратылған (оқшауланған) түрлеріне бөледі. Жергілікті ДББЖ
барлық бөліктері ДБ пайдаланушы компьютеріне орналаса-
ды. Eгер бір ДБ бірнеше пайдаланушы қолданатын болса, әрбір
пайдаланушы компьютерінде өз ДББЖ көшірмесі болуы тиіс.
Таратылған ДББЖ осыдан айырмашылығы оның бағдарламалық-
аппараттык құралдарының елеулі бөлігі орталыктандырылған
және бір қуатты компьютерде - серверде орналасады, ал пайда-
ланушылардың компьютерінде тек клиент деп аталатын, ДББЖ
шағын бөлігі ғана қамтылады.
Клиент-серверлік жүйелердің сөзсіз артықшылығы - Бұл ДБ
қолжетімділікті орталықтан баскару және есептеу ауыртпалы-
ғын серверге көшіру мүмкіндігі болып табылады. Мұндай жү-
йелерде деректер базасы белгілі бір деңгейде кездейсоқ, сондай-ақ
қасақана бұрмалаудан қорғалған және онда деректердің бүтіндігі
мен бір мағыналығын іске асыру оңай.
Деректердің реляциялык базасы кестелер жиынтығы түрін-
дегі деректерді білдіреді. Кесте жолдар мен бағандардың белгілі
бір жиынтығы. Жолдар, бағандар сипаттамасы мен олардың apa-
сындағы қатынас арқылы іздеу және жаңарту үшін арнайы тіл
SQL қолданылады.
SQL (Structured Query Language) тілі немесе басқа сөзбен
айтқанда күрылымдық сұраныстар тілі - бұл реляциялық дерек-
тер базасындағы деректерді сипаттау және манипуляциялауға ap-
налған стандартты тіл. SQL операторлары ДББЖ орындалады.
Деректер базасының негізгі элементтері:

  • деректер базасының нысандары,

  • деректер бүтіндігі,

  • қатынастар,

-жүйелік кестелер,
-сақтау нысандары,
-конфигурациялық файлдар,
-қалпына келтіру нысандары.
Қазіргі танда Oracle, Informix, InterBase, Sybase SQL Server,
IBM DB2, Microsoft SQL Server сияқты, көптеген ДББЖ бар. Темір
жолдардағы АЖ-де негізінен Oracle, IBM DB2 және Microsoft SQL
Server қолданылады. Сонымен қатар, әрбір фирмалардың бірнеше
ДББЖ қолдануы бағдарламалық жасақтамаларды өндірушілерді
арнайы бағдарламаларды - бір ДББЖ-нен басқа жүйеге деректер
беруге арналған шлюздерді жазуға мәжбүрлейді.
Заманауи ДББЖ ақпаратты алу және тиімді сақтау құралда-
рымен ғана шектелмейді, сонымен қатар шешім қабылдауды
қолдау жүйесі деген атпен белгілі, оперативті сараптамалық өң-
деу құралдарына (OLAP) да ие. Олар пайдаланушыларға де-
ректердің жылдам және көп жақты талдауы үшін қуатты меха-
низмдерді ұсынуға бейімделген.
«ҚТЖ» ААҚ заманауи құрылымында акпарат жолдардың AEO
сақтау орнында және БЕО деректердің орталық сақтау орнын-
да жинақталады. ДББЖ алдына қойылатын міндет деректерді
сақтау, өзгерту және толықтыру ғана емес, сонымен қатар көп
деңгейлі топтастыру, біріктіруді орындау. Бұл жалпы алғанда тал-
дау жүргізу үшін қажет.
Мысал ретінде ТКБАЖ қолданылатын ДББЖ бірін - IBM DB2
Universal DataBase қарастырамыз.
DB2 тобының барлык мүшелерінің базалык архитектурасы
mainffame-re бейімделген бастапқы нұсқасымен бірдей. DB2
ашық жүйе болып табылады. IBM компаниясымен ұсынылатын,
клиенттік платформаларға қосымша, барлық ОВ2-серверлері
деректер базасының таратылған архитектурасын (DRDA) қол-
дайтын, кез-келген бағдарламалық өнімнен қолжетімділікті ашу-
га мүмкіндік береді. DRDA - бұл қосымшаларға реляциялық
деректер базасында сақталатын ақпараттың үлкен көлемдеріне
жылдам әрі айқын қолжетімділікті орнатуға мүмкіндік беретін
стандарт.
Қолданбалы бағдарламалар түрлері:

  • кең салалы жалпы мақсаттағы бағдарламалар;

  • жалпы мақсаттағы тар салалы пакеттер;

  • АЖ қызмет етуін қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар.

Жалпы мақсаттағы БЖ-ларға мысалы Microsoft Office пакетін
жатқызуға болады. Ол келесі багдарламалардан тұрады:
Outlook - жеке деректер диспетчері және басқа да байланыс
бағдарламасы. Outlook косымшасында электронды поштаны,
күнтізбелерді, байланыстар мен басқа да жеке мәліметтер мен
топ деректерін басқарудың жалғыз орталығы қамтамасыз етіледі;
Word - қосымша мәтін редакторы болып табылады;
Excel - электронды кестелермен жұмыс жасауға арналған
қосымша;
PowerPoint - презентацияларды дайындау және көрсетуге
арналған қосымша;
Access - жергілікті деректер базаларын басқару қосымшасы;
FrontPage - web-түйіндерді жасау және оларды басқаруға
арналған қосымша;
Publisher - макалаларды дайындау және басып шығаруға
арналған қосымша;
Project - жобаларды басқаруға арналған қосымша. Жоғары
нәтижелерге қол жеткізу үшін жобалар, ресурстар мен бизнес-
бағдарламалар арасындағы сәйкестікті қолдауды ұйымдасты-
руға мүмкіндік беретін коорпоративті жобаларды басқару бойын-
ша тиімді шешімді қамтамасыз етеді.
Барлық тізімі берілген бағдарламалар бірегей интерфейске ие
және оларды игеру оңай. Бұл қосымша бағдарламадағы дерек-
тер басқаларына өтеді, жергілікті желілер мен электрондық по-
шта арқылы жіберіледі, lntemet және Intranet желілерінде қайта
жіберіледі.
Жалпы мақсаттағы анағұрлым мамандандырылған БЖ түрлі
әлдеқашан компьютердік калькулятор «шеңберінен шықкан»
және студенттен бастап гылыми қызметкерге дейінгі түрлі пай-
даланушылардың компьютерлерінде лайықты орынға ие болған
математикалық пакеттер болып табылады.
Мысалы, MathWorks Inc фирмасының MATLAB жүйесі мате-
матикалық пакеттер шенберінен шығып, инженерлік косымша
бағдарламалар ортасы деп аталады.
Жүйедегі маңызды рөлді техникалық есептердің ішкі жүйе-
ci атқарады, оның бірегей ерекшелігі ондағы барлық есептеу
операциялардың векторлар үстінде немесе векторлар жиыны
үстінде орындалатыны болып табылады. Осылайша, MATLAB
жүйесі векторлық есептеулердің эмуляторы болып табылады
және бұл оны MathCAD, Maple, Mathematic сиякты басқа ма-
тематикалық пакеггерінен айтарлықтай ерекшелендіреді. Де-
ректерді векторлық өңдеу есептеудің жоғары жылдамдығымен
камтамасыз етеді, циклдарды пайдаланудан арылтады және
есептердің aca жоғары дэлдігімен қамтамасыз етеді.
Басқа маңызды артықшылық - MATLAB жүйесін кұрудың
модульдік принципі. Қазіргі уақытта MATLAB жүйесіне жоғары
деңгейлі түрлі тілдерде жазылған 50 пакеттен aca қолданбалы
бағдарламаны, сонымен қатар, фирманың (Math Works Partner
Products) 170-тен aca серіктестері жасақтаған 250 қосымша
бағдарламаны камтиды, бұл болса, жүйенің мүмкіндіктерін
айтарлықтай кеңейтеді.
MATLAB жүйесінің күрамына бірқатар қосымшалар жасақ-
таудың құралдары (Application Development Tools), соның ішінде
тәуелсіз орындалатын қосымшалар (Standalone Applications)
енгізілген.
Деректерге кіру құралдары (Data Access Tools) деректер ба-
засымен жұмыс істеуге, ақпаратты нақты уақыт режимінде жи-
науға арналған БЖ (Data Sources блогы) қамтиды.
MATLAB/SIMULlNK жүйесіндегі модельдеу мүмкіндіктері
жүйенің уақыттағы динамикалық мінез-құлқын талдаумен шек-
телмей, оқиғаларды модельдеуге (Stateflow блогы) жол береді,
Бұл техникалық жүйені пайдалану кезінде туындайтын түрлі си-
гуацияларды имитациялауға мүмкіндік береді.
Код жасау құралдарының бар екенін (Code Generation Tools)
атап өткен жөн. Бұл Cu және Ada тілдеріндегі орындалатын код-
тарды жасап қана қоймай, түрлі микропроцессорларда олардың
аппараттық жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет