Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


ЛБЖ-ның математикалық қамсыздандырылуы -



бет3/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

ЛБЖ-ның математикалық қамсыздандырылуы - техника-
лық құралдардың жұмысын және ақпараттық базалардың қыз-
метін басқаратын әрі адамның АБЖ техникалық құралдарымен
өзара әрекеттестігімен қамтамасыз ететін тұрақты қолданылатын
бағдарламалар кешені. Математикалық қамсыздандыруды шарт-
ты түрде бағдарламалау, операциялық жүйе, жалпы жүйелік ке-
шен және типтік модульдер пакеттеріне бөлуге болады.
Бағдарламалау жүйесі бағдарламаның адамға ыңғайлы фор-
мальды тілде көрсетілген машина тіліне ауыстырылуын, оның
реттелуін, өңделуін және өңдеуге арналған бағдарламалар па-
кетіне енгізілуін қамтамасыз етеді. Бағдарламалау жүйесіне бағ-
дарламалау тілдерінің сипаттамалары, трансляторлар кешені,
стандартты бағдарламау кітапханасы, байланыстарды өңдеу бағ-
дарламалары, түрлі типтегі (бағдарламалық) ЭЕМ сабақтас-
тығын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны жатады. Co-
нымен қатар, бағдарламалау жүйесі әдетте пайдаланушының
машинамен өзара әрекетін жеңілдететін және пайдаланушының
шешетін міндеттеріне байланысты бағдарламалау жүйесінің
дамуына мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынын қамтиды.
АБЖ-ға арналған типтік бағдарламалау тілдері ретінде КЕРО-да
Алгол-68, Фортран, Кобол, жоғары деңгейлі ПЛ-1 балама тілі,
сонымен қатар, ассемблер типті машинаға бағытталған тілдер
қабылданған болатын.
Операциялық жүйелер барлық ЭЕМ құрылғыларының қа-
жетті режимде жұмыс істеуін және түрлі басқару процедура-
ларын жүзеге асырудың қажетті міндеттер тізбегін орындауды
қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе әдетте АБЖ құрамына
кіретін есептеу құралдарының ажырамас құрамдас бөлігі бо-
лып табылады. Алайда, бірқатар жағдайларда АБЖ-ны жоба-
лау кезінде арнайы жүйелік талаптарды жүзеге асыру үшін опе-
рациялық жүйелерді кеңейтуге тура келеді (мысалы, басқару
үрдісіне тән болатын тіркеушілер мен көрсету жүйелерін қосу,
терминалдар мен орталық есептеу кешендері арасындағы диалог-
ты ұйымдастыру). Бұл тұрғыдан қарағанда, АБЖ операциялық
жүйенің aca маңызды құрамдас бөлігі жүйелер генераторы болып
табылады. Бұл - басқарушы бағдарламалардың белсенді бөлігіне
жатпайтын және есептеу үрдісімен тікелей байланыста болмай-
тын, бірақ кез келген конфигурацияға ие жүйе үшін басқару-
шы бағдарламаны автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін
бағдарлама. Мұндай әдіс әсіресе ЭЕМ құрамы мен шешілетін
міндеттер құрамы айтарлықтай өзгешеліктерге ие болған кезде
ЭЕМ-ді АБЖ кең диапазонында түрлі деңгейлер мен түрлі ны-
сандарда пайдаланған жағдайда тиімді болады.
Жалпы жүйелік кешен есептеуіш жүйелер мен перифериялық
құрылғылардың (тіркеушілердің, деректерді өңдеу нәтижелерін
көрсету құралдарын т.б.) жұмысын басқаратын бағдарламалар
жиыны. Бұл кешен жадылағыш құрылғылардың түрлі деңгейлері
бойынша біріктірілетін бірнеше ЭЕМ-ның ортақ жұмысының
бағдарламаларын, байланыс арналарына қызмет көрсететін бағ-
дарламалар, уақытты бөлу, ақпараттық массивтерге шектеулі
қатынас режимінде тапсырмалардың қашықтан шығарылған
шешімдерін, т.б. қамтиды. Жалпы жүйелік кешендерге, соны-
мен бірге, қажетті массивтерді арнайы іздеу (немесе деректер
үзінділерінен қажетті массивтерді құру), оларды өңдеу және
тұтынушыға белгіленген формада беруді (немесе кезекті жұмыс
бағдарламаларымен қолдану үшін осы массивтерді жадылағыш
құрылғыларға берумен) жүзеге асыратын ақпараттық-іздеу жү-
йелері жатқызылады. Оларға нақты уақыт ауқымында жұмыс
істейтін құралдарға қызмет көрсететін, сонымен қатар, терми-
налдық құрылғылар мен ақпаратты көрсету құралдарына қызмет
көрсететін бағдарламалар жатқызылады.
Типтік қолданбалы модульдер (стандартты ішкі бағдарла-
малар) пакеттері қандай да бір функционалдық тапсырманы ше-
шу кезінде түрлі комбинацияларда қолданылуы мүмкін. Типтік
түр - деректерді сұрыптаудық, ақпаратты статистикалық өңдеу-
дің, жоспарлау мен басқарудың желілік кестелерін өңдеудің,
нақты үрдістерді модельдеудің және т.б. қолданбалы модульдері.
АБЖ-ны математикалық қамсыздандыруға, сондай-ақ, жүйені
ыңғайлы пайдалану мен жетілдірумен қамтамасыз ететін жүйені
функционалды талдау бағдарламалары да жатқызылады.
¥йымдық-экономикалық база дегеніміз экономикалық прин-
циптердің, өндіріс пен басқаруды үйымдастыру әдістерінің, құ-
қықтық құжаттар негізінде басқару міндеттерінің өзара әрекет-
тестігі схемаларының жиынтығы.
¥йымдық-экономикалық базаға кіретіндер:
- үйымдық-экономикалық құрам мен басқарылатын нысан-
ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін құру тәсілдері;

  • көрсетілетін қызмет тиімділігін арттырудың негізгі прин-
    циптері;

  • жалпы жоспарлау, есепке алу және ретгсудегі АБЖ орны;

  • нысанның (цехтың, бөлімнің және т.б.) ұтымды құрылымын
    анықтайтын өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, тех-
    нологиялық маршруттарды жүзеге асыру тәртібі, жұмысшылар
    мен қызметкерлердің жоғары еңбекке қабілеттілігін сақтайтын
    нсғұрлым қолайлы еңбек жағдайлары, сонымен қатар, нысан-
    ды ғылыми негізделген басқару жүйесі, барлық бөлімшелер,
    олардың бағыныңқылығы, қызметкерлерлердің міндеттері мен
    жауапкершілігі туралы дәл ережелер;

  • АБЖ негізгі міндеттерінің өзара әрекеттестігі схемасын
    құруды көздейтін үйымдық-экономикалық модель, ақпараттық
    ағым құрылымы, сонымен қатар, тапсырмаларды жүзеге асыру
    тәртібін әдістемелік қамтамасыз ету және оларды шешу нәти-
    желерін қолдану;

  • үйымдық-қүқықтық қамсыздандыру (АБЖ құру мен қол-
    данудың құқықтық негіздері және нормалары, АБЖ-да айналымға
    түсетін ақпараттың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар, лауа-
    зымды түлғалардың құқықтары мен жауапкершілігі).

Сонымен қатар, үйымдық-экономикалық базаға АБЖ-ның
нысан қызметінің негізгі көрсеткіштеріне, тиімділік бағасына
және АБЖ-ның одан әрі дамуы жолдарына ықпалын анықтайтын
әдістемелік және нұсқаулық материалдар жатады.
АБЖ функционалды бөлігі басқарудың нақты функцияла-
рын (мысалы, қаржы-бухгалтерлік қызмет және т.б.) жүзеге
асыруға арналған өзара байланысты бағдарламалар жиынынан
түрады. Функционалды бөліктің барлық міндеттері аталған АБЖ
үшін жалпы ақпараттық массивтерге және жалпы техникалық
құралдарға негізделеді. Жүйеге жаңа міндеттер енгізу негіздің
күрылымына ықпал етпейді және АБЖ үшін типтік болып табы-
латын ақпараттық формат пен процедуралық схема арқылы жү-
зеге асырылады. АБЖ функционалды бөлігі нысанды басқару-
дың негізгі функцияларына сәйкес ішкі жүйелерге бөлінеді. Ішкі
жүйелер өз кезегінде жүйенің жалпы концепциясына сәйкес
иақты басқару тапсырмаларын шешуге арналған бағдарламалар
жиындарын қамтитын кешендерге бөлінеді. АБЖ функционал-
ды бөлігі тапсырмаларының құрамы басқарылатын нысан типі,
оның күйімен және оның орындайтын тапсырмаларының түрімен
анықталады. Мысалы, КАБЖ-да келесі ішкі жүйелер бөлініп шығады:
а) өндірістің техникалық дайындығы;
б) өнім сапасын басқару;
в) техникалық-экономикалық жоспарлау;
г) оперативтік-өндірістік жоспарлау;
д) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
е) өнімді өткізу;
ж) қаржы-бухгалтерлік қызмет;
з) кадрларды жоспарлау және орналастыру;
и) көлік басқару;
к) көмекші қызметтерді басқару.
АБЖ функционалдық бөлігін ішкі жүйелерге бөлу шартты
түрде жүргізіледі, себебі барлық ішкі жүйелердің процедурала-
ры өзара байланыста болады және бірқатар жағдайларда түрлі
басқару функциялары (мысалы, техникалық-экономикалық жос-
парлау, оперативтік-өндірістік жоспарлау және материалдық-тех-
никалық қамтамасыз ету) арасында дәл шек қою мүмкін емес.
Ішкі жүйелерді бөліп көрсету жүйе құру жұмыстарын үлестіру
ыңғайлылығы мен сәйкес ұйым звеноларына басқару нысан-
дарын бекіту үшін қолданылады. АБЖ құрылымдық функцио-
надық бөлігі барлық басқару элементтерінің өзара байланысын
анықтайтын және автоматтандырылған, ішінара механикалан-
дырылған және қолмен орындалатын процедураларын қамти-
тын басқару процедураларының схемасына байланысты болады.
Функционалды бөлік негізге қарағанда анағұрлым мобильді
болады әрі жүйенің негізгі элементтерімен стандартты байла-
ныстырьшған жағдайда құрамы мен міндеттердің қойылуының
өзгеруіне жол береді.
АБЖ дамытудың перспективті бағыты елдің барлық әкім-
шілік, өнеркәсіптік және басқа нысандарының өзара байланы-
сын көздейтін Жалпы мемлекеттік автоматтандырылған басқару
жүйесін (ЖМАБЖ) құру болып табылады. ЖМАБЖ техникалық
базасы ед чОржалықтары жұмысының ақпаратгық және функ-
ционалды координациясын жүзеге асыратын Есептеу орталық-
тарының бірегей жүйесі болады.
АБЖ құрылымдық талдауының негізгі міндеттерінің бірі
жүйе құрушы элементтер мен ішкі жүйелердің өзара әрекеті мен
олардың сыртқы ортадағы өзара әрекеттестігі процесін көрсе-
тетін көрнекі формалды үлгіні құру болып табылады.
АБЖ құру кезінде олардың құрылымдық үлгілері түрлі по-
зициялар түрғысынан қарастырыла алады: үйым, басқару функ-
циясы, қолданылатын алгоритмдер, қолданылатын техникалық
құралдар және т.б. Осыған сәйкес бір жүйе құрылымының келесі
аспектілері, нәтижесінде келесі үлгілер бөлініп шығады:

  • ұйымдық құрылым және оның үлгісі;

  • функционалдық құрылым және оның үлгісі;

  • алгоритмдік күрылы.м және оның үлгісі;

  • техникалық құрылым және оның үлгісі т.б.

¥йымдық құрылым. Әдетте, ол автоматтандыру нысанын-
да (мысалы, кәсіпорында) қалыптасқан және АБЖ ендіру кезінде
жетілдірілетін басқару құрылымын көрсетеді. Бұл құрылым
негізгі болып табылады және АБЖ-ны одан әрі талдау және син-
тездеу дәл осы құрылымнан басталады.
¥йымдық құрылымның негізгі элементтері басқару аппа-
ратының белімшелері және құжат айналымын талдау мен басқа-
рушылық шешімдер қабылдау процедурасымен айнальтсатын же-
келеген тұлғалар - операторлар болып табылады.
Ұйымдық құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары:

  • артық бөлімшелер немесе операторларды қысқарту;

  • осы жүйе элементтері (бөлімшелер мен операторлар) apa-
    сындағы байланысты барынша азайту;

  • осы байланыстардың өткізу қабілетін арттыру;

  • құжат айналымын ретке келтіру;

  • құжат қозғалысындағы циклдарды жою және т.б.

¥йымдық құрылымды талдау кезінде келесі міндеттер шеші-
леді:

  • ұйым құрамының сипаттамасы мен оның құрылымдық cxe-
    масын құру;

  • жекелеген бөлімшелер мен операторлардың функцияларын

анықтау;
ұйымның жалпыландырылған құрылымдық ақпараттық
үлгісін кұру.
Функционалдық қурылым. Ол ұйымдық құрылым құра-
мындағы жекелеген жүйе элементтері (бөлімшелер мен опера-
торлар) орындайтын функцияларды көрсетеді. Жалпы, бір үйым-
дық құрылымға бірнеше түрлі функционалдық құрылымдар
сәйкес келе алады.
Функционалдық құрылымдарды жетілдірудің негізгі бағыт-
тары:

  • басқару функцияларын орындаудағы параллелизмді жою;

  • жүйе элементтерін сәйкес лауазымдық міндеттерде көрсе-
    тілмеген функциялардан босату;

  • басқару функцияларын оңтайландыру мақсатында қайта
    үлестіру;

  • жауапкершіліктің барынша дәл контурларын күру.

Функционалды құрылымды талдау кезінде келесі негізгі
міндеттер шешіледі:

  • жүйенің құрылымдық бөлімшелерде басқару функциялары
    зерттеледі;

  • автоматтандыруға жатқызылатын функциялар құрамы таң-
    далады;

  • осы функциялардың өзара байланысы анықталады;

  • басқару міндеттерінің жалпыландырылған функционалдық
    құрылымы жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет