Ақпарат материалдық тасымалдаушысыз, энергия жұмсаусыз бар бола алмайды. Кодталған хабарлама арнамен жүріп отыратын ақпаратты тасымалдаушы-сигналдар түріне енеді. Қабылдағышқа шыққан кезде сигналдар кодты шешетін кұрылғылардың көмегімен бірден жалпыға түсінікті түрге ауысады.
Ақпарат беруге арналған хабарлағыштан ақпарат алуға арнал-
ған қабылдағышқа ақпарат тасымалдайтын құралдар, заттар не-
месе объектілердің жиынтығын ақпарат арнасы деп атайды.
Арнаға мысал ретінде поштаны келтіруге болады. Мәтін тү-
рінде кодталған ақпарат конвертке салынып, пошталық жәшікке
түседі, кейін ол жерден алынып пошталық бөлімшеге апарылады,
онда хаттар сортталады (қолдан немесе машинамен). Бұдан кейін
ақпарат пойыз (ұшақ, теплоход және т.б.) көмегімен белгіленген
пунктке жеткізіледі, ол жерде іріктеліп мекен-жайға жеткізіледі.
Сонымен, пошталық арнаның құрамына: конверт (зат), транспорт
және іріктеу машиналары (құрылғылары), пошта қызметкерлері
(объектілері) кіреді. Осы арнаға енгізілген ақпарат өзгеріссіз
қалады.
Ақпарат жеткізуге телефонды мысалға келтіруге болады.
Телефон арқылы берілгенде хабарлама көзі - сөйлеуші. Сөз
дыбыстарын электрлік импульстарға кодтайтын құрылғы -
микрофон. Ал ақпарат беретін арна - телефондық өткізгіш.
Телефон тұтқасының біз құлағымызға қойып тыңдайтын бөлігі
кодты кері ауыстыратын құрылғы қызметін атқарады. Онда
электрлік сигналдар қайтадан дыбысқа айналады. Бүдан соң
ақпарат «қабылдағыш құрылғыға» келіп түседі, яғни тыңдаушы
адамның құлағы. Арнаның құрамына телефон аппараты (қү-
рылғысы), өткізгіштер (күралдар) және ATC аппаратурасы (құ-
рылғылар) кіреді. Бұл ақпараттық арнаның ерекшелігі оған
дыбыс толқындары түрінде келіп түсіп жатқан ақпарат электрлік
тербелістерге айналады да, содан кейін беріледі. Мұндай арна
ақпараттың күбылатын арнасы деп аталады.
Компьютерді де мысалға келтіруге болады. Оның жеке жү-
йелері бірі екіншісіне акпаратты сигналдардың көмегі арқылы
береді. Компьютер - ақпаратты өңдеуге арналған күрылғы (мыса-
лы, станок - металлды өңдеуге арналған құрылғы), ол акпарат-
ты «жоқтан» жасамайды, өзіне енгізілгенді ғана бейнелейді.
Компьютер ақпаратты қайта қалыптастыратын ақпарат арнасы
болып табылады: ақпарат сыртқы құрылғылардан (клавиатура,
диск, микрофон) келіп түседі де ішкі кодқа айналып өңделеді,
сыртқа шығарушы құрылғылардың (монитор, басып шығару
кұрылғысы, динамикасы және т.б.) қабылдауына жарайтын түрге
ауысып солар арқылы беріледі.
Байланыс арнасының негізгі жүйесінің табиғаты мүлдем бас-
қаша. Мұнда барлық хабарламалар жүйкелік импульспен беріледі.
Бірақ техникалық байланыс жүйелерінде ақпаратты беру бағыты
өзгеруі мүмкін.
Ақпарат арналары өздерінің өткізгіштік қабілетімен ерек-
шеленеді. Өткізгіштік қабілет-арна арқылы бір уақытта берілетін
ақпарат көлемі. Өткізгіштік қабілет бит/с өлшемімен өлшенеді.
Телеграфты ойлап шығарушының құрметіне бұл бірлікке Бод
атауы берілген: 1 Бод = 1 бит/с.
Ақпараттық арнаның өткізгіштік қабілеті екі параметрмен
анықталады: разрядтылық пен жиілік параметрлері. Ол осы
параметрлердің орындалуына пропорционалды.
Разрядтылық деп арнаға бір уақытта енгізілетін ақпараттың
максималды мөлшерін айтады. Жиілік бір уақыттың ішінде
арнаға қанша рет ақпараттың енгізіле алатынын көрсетеді.
Пошталық арнаның разрядтылығы үлкен. Мысалы, пошта
арқылы лазерлік дискіні жіберіп, арнаға бір уақытта 600 Мб
ақпарат енгізуге болады. Бұл уақыттағы пошталық арнаның
жиілігі өте төмен - жәшіктерден поштаны алу тәулігіне бес
реттен аспайды.
Ақпараттың телефондық арнасы бір биттік: бір уақытта
телефон желісі арқылы бірлікті (ток, импульс) немесе нольді
жіберуге болады. Бұл арнаның жиілігі секундына ондаған және
жүздеген мың циклдарға жетуі мүмкін. Телефон желісінің Бұл
қасиеті оны компьютер аралық байланысқа қолдануға мүмкіндік
береді.
Ақпарат хабарлама түрінде беріледі. Дискреттік ақпарат әріп
деп аталатын кейбір белгілердің ақырғы топтамасының көмегімен
жазылады. Eгер алфавиттің әрбір символына анықталған бүтін
сан қоятын болсақ (мысалы, реттік нөмір) онда екілік кодының
көмегімен мәтіндік ақпаратты да кодтауға болады. Бір символдың
екі кодын сақтау үшін 1 байт = 8 бит сай.
Әрбір бит 0 немесе 1 мәнге ие, олардың байттағы үйлесім
табу саны 28 = 256 тең. Яғни, 1 байттың көмегімен түрлі кодтық
комбинациялар алуға және оларды 256 әртүрлі символдардың
көмегімен көрсетуге болады.
Символдардың бұл мөлшері орыс және латын алфавитінің
кіші және үлкен әріптерін, сандар, белгілер, графикалық символ-
дарды қоса алғанда да мәтіндік ақпаратты көрсету үшін толықтай
жеткілікті.
Кодтау әрекетінде әрбір символға сәйкестендіріп 0 ден 255
ке дейінгі бірегей он сандық код немесе өзіне сәйкес екі тарапты
00000000 ден 11111111 ге дейінгі код қойылады.
Осылайша, адам символдарды олардың сызбасына қарап, ал
компьютер коды бойынша ажыратады.
Символ тарапынан нақты кодты игеру бұл кодтық кестеде
белгіленетін келісімнің белгісі.
Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау бірнеше
түрлі стандарттарды қолданады. Бірақ АҚШ-тыцАЫБІ (American
National Standarts Institute) ¥лттық институтында жасалған ASCII
(American Standart Code for Information Interchange) стандарты
барлығы үшін негізгі болып табылады.