2.7 Деректер базасы және банкі түсініктері Деректер базасы - белгілі бір заңдылықтар бойынша ұйым-
дастырылған және компьютер жадында сақталатын деректер-
дің жиынтыгы. Ол кейбір такырыптық аумақтардың өзекті жағ-
дайларын сипаттап, тұтынушылардың ақпараттық қажеттілік-
терін канағаттандару үшін колданылады.
Деректер базасы - деректер схемасына сәйкестендіріп сак-
талынған деректердің жиынтығы, олардың манипуляциясы
деректерді модельдеу қаражаттарының заңдылықтарына сәйкес-
теліп орындалады. Басқаша айтқанда, деректер базасы - логи-
калық жағынан байланысқан деректердің біріккен жинағы (жә-
не осы деректердің сипаттамасы), ол ұйымнын ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
ДБ есептеуіш жүйесінде сақталып, өңделеді. Осылайша, ақ-
параттың компьютерлік емес сақтау қорлары (архивтер, кітап-
ханалар, картотекалар және т.б.) деректер базасы болып табыл-
майды.
Деректер базасындағы мәліметтер оларды тиімді іздеп табу
және есептеуіш жүйеде өңдеу мүмкіндіктерін камтамасыз ету
үшін логикалык жағынан жүйеленген. Жүйелілік құрамдас бө-
ліктердін айқын ерекшеленуін, олардың арасындағы байланы-
сты, сондай-ақ, элементтер мен байланыстың типтендірілуін рет-
ке келтіреді.
Деректер базасы ДБ логикалық құрылымын формальды түрде
(белгілі бір метамодельге сәйкес) сипаттайтын метамәліметтерге
ие. Әдеттегі мәліметтер деректер базасы ортасында деректердің
схемасы мен базасын сақтайды. Схема деректер базасын қолдау
мен кұру үшін пайдаланылатын толықтықтын шектелу құрылы-
мы мен мазмұнынан, сипатынан түрады. Деректер базасынын
құрамында схеманың көмегімен анықталған деректердің әрқа-
шанғы жинағы бар. Деректерді басқару жүйесі деректер базасына
қол жеткізуді қамтамасыз ету және қол жетімділікті басқару үшін
деректерді анықтайды.
Санамалап өтілген белгілердің ішінде біріншісі ғана қатал бо-
лып табылады, ал басқалары әр түрлі трактовкалар мен әр түрлі
бағалау деңгейлеріне жол береді. Деректер базасының талапта-
рына сәйкес келудің кейбір деңгейлерін ғана атауға болады.
Мұндай жағдайда жаппай қабылдаған тәжірибе соңғы рөл ой-
намайды. Осыған сәйкес, мысалы, кейбір деңгейде ДБ белгілеріне
ие болса да файлдық архивтерді, Интернет-порталдарды немесе
электрондық кестелерді деректер базасы деп атамайды. Бұл дең-
гейді, көп жағдайда, жеткіліксіз деп есептеу қабылданып кеткен.
Физикалық сақталу ортасы бойынша ДБ топтастырылуы:
екіншілік жадыдағы (дәстүрлі) ДБ: әдеттегі сақталу орта-
сы болып перифериялық және энергияға тәуелсіз жады - қатты
диск есептеледі. ДББЖ ның оперативті жадында тек кеш және
ағымдағы өңделуге арналған мәліметтер орналасады.
Оперативті жадыдағы ДБ (in-memory databases): барлық
мәліметтер оперативті жадыда орналасады.
үшінші жадыдағы ДБ (tertiary databases): мұнда әрқашанғы
сактау ортасы болып серверден байланысты үзе алатын жаппай
сақтау құрылғысы есептеледі, әрине, магниттік ленталар неме-
се оптикалық дискілердің негізінде. Сервердің екінші жадын-
да үшінші жадыдағы мәліметтер каталогы, файлдық кеш, және
ағымдағы өңдеуге арналған мәліметтер сақталады; Бұл мәлі-
меттерді көшірудің өзі арнайы процедураны талап етеді.
Бөліну деңгейі бойынша ДБ топтастыру:
орталықтандырылған;
бөлінген.
Теория мен тәжірибеде кеңістікті (aHrn.spatiallуақытша не-
месе темпоральды және кеңістікті-уақытша (spatial-temporal) де-
ректер базасы арнайы орын алады.
ДББЖ негізгі қызметі:
сыртқы жадыдағы деректерді басқару (мысалы, дискілердегі);
оперативті жадыда дискілік кэш қолдану арқылы деректерді
басқару;
байланыс үзілгеннен кейінгі өзгерістерді журнализациялау,
резервтік көшірме және деректер базасын қалпына келтіру;
деректер базасының тілін қолдау (деректерді анықтау тілі,
деректерді манипуляциялау тілі).
Әдетте заманауи ДББЖ келесідей компоненттерден құралады:
деректерді алуға, өзгертуге және машинаға тәуелсіз ішкі
атқарушы кодты құруға деген сұраныстын оптимизациялануын
қамтамасыз ететін деректер базасы тілінің процессоры,
ДББЖ мен тұтынушы интерфейсін құратын деректер мани-
пуляциясының бағдарламаларын орындау мерзімін қолдаудың
ішкі жүйесі;
акпараттық жүйелерге қызмет көрсететін қосымша мүм-
кіндіктердің қатарын қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалар.
Енді, ДББЖ ға қатысты топтастырушы белгілердің қатарын
қарастырамыз. Қарым-қатынас тілі бойынша ДББЖ ашық, тұйық
және аралас болып бөлінеді. Ашық жүйелер дегеніміз - бұл де-
ректер базасын пайдалану үшін бағдарламалаудың әмбебап тіл-
дері қолданыс табатын жүйелер. Түйық жүйелер деректер банкі
тұтынушыларымен қарым-қатынас жасаудың жеке тіліне ие.
Архитектурасындағы деңгейлердің саны бойынша бірдең-
гейлі, екідеңгейлі, үшдеңгейлі жүйелер бар. Деңгейдің бұдан
да көп мөлшердегі түрлерін атауға болады. ДББЖ ның архитек-
туралық деңгейі ретінде механизмдері деректердің кейбір дең-
гейдегі абстракциясын (логикалық және физикалық деңгей, сон-
дай-ақ, тұтынушының «көзқарасы» - сыртқы деңгей) қарастыруға
болады.
ДББЖ қызметіне қарай ақпараттық және операциялық бо-
лып бөлінеді. Ақпараттық ДББЖ ақпаратты сақтау мен оған қол
жеткізу мәселелерін үйымдастырады. Одан күрделі өңдеуді орын-
дау үшін арнайы бағдарламалар жазу қажет. Операциялық ДББЖ
күрделі жұмыс атқарады, мысалы, автоматты түрде өңделген,
деректер базасында тікелей сақталмайтын, өңдеу алгоритмде-
рін өзгерте алатын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Қолдану мүмкіндігі аясында әмбебап және арнайы, әдетте
шиеленіске бағытталған ДББЖ деп бөлуге болады.
Деректердің құрылымдары 2.7-суретте көрсетілген.
Деректер базасын басқару жүйесі деректердің әр түрлі
типіне ие. Әр түрлі ДББЖ ғы деректер типінің жинағы әр түрлі.
Бұған қоса, бір қатар ДББЖ өңдеушіге деректердің жаңа типін
қосуға және осы деректермен жасалатын жаңа операцияларды
қосуға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер деректер базасының
кеңейтілген жүйелері (ДБКЖ) деп аталады.
желілік