Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы



бет28/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.6-сурет. Жүктер тасымалдарын жоспарлау жүйесінің
қызмет ету сүлбасы

Жүктер тасымалын жоспарлаудың қолданыстағы технологиясына сәйкес жүктердің айлық жоспары келесілер негізінде қалыптасады: жүктер тасымалдарын үйымдастыру туралы шарт, жүк жіберушілердің жүк тасымалына өтінімдері, статистикалық деректер мен маркетингтік зерттеулер нэтижелерін ескере отырып, жүк тасымалының болжанып отырған көлемдері, сонымен қатар, жүктер тасымалына ерекше тапсырмалар. ЖТЖ АЖО аталмыш қызметті акпараттық қолдау агенттің АЖО-мен (оның деректер базасынан ЖТЖ АЖО-на жүк жібе-


рушілердің өтінімдері туралы деректер келіп түседі) жэне жөнелту моделімен жүзеге асырылады (ГО-Ю, ПО-29 деректері) (3.7 сурет).
Агенттің АЖО клиенттердің өтініш берудегі барлық тасы-
мал талаптары туралы деректер банкін құрастыру және барлық
3.7-сурет. ЖТЖ АЖО-ғы ақпараттык ағындар


қажетті келісімдерді жедел өткізу үшін пайдаланылады (шарт,


өтінім, тасымал талаптары және т.б.). Ол келесі кызметтерді
атқарады: тасымалға ұзак мерзімді шарттарды рәсімдеу; оларды
деректер базасында сактау; шарттарды агенттік, жол мен орталық
басшыларының келісуі; жүк тасымалына өтінімдерді рәсімдеу
және келісу; ФКҚАКЖ мен агенттікке тасымалдың төленген-
дігін растайтын жеделхаттар рәсімдеу және жіберу, сонымен
қатар, бірқатар басқа да қызметтерді орындау.
Аталмыш өтінімдерді агенттің АЖО ДБ-нан ЖТЖ АЖО ДБ-
на жіберу келесі критерийлер бойынша шынайы уақыт режимінде
(жаңарту немесе жою окиғасы бойынша) орындалады:

  • өтінім келісілген;

  • тасымалдың басталған күні жоспарлы айдың алгашқы және
    соңғы күні арасындағы диапазонда орналасқан;

  • тасымалдың аяқталған күні жоспарлы айдың алғашқы және
    соңғы күні арасындағы диапазонында орналасқан; экспорт жүктерінің тасымалына өтінімдер агенттің АЖО-на
    енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 16 күн бүрын келісілуі
    тиіс;

  • өтініштер тіке және жергілікті қатынастарда агенттің АЖО-
    на енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 12 күн бұрын келісілуі
    тиіс.

ЖТЖ АЖО - да жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру келесі-
лерге мүмкіндік береді:
а) жол деңгейінде, бөлімшелер, бекеттер, тірек бекеттер дең-
гейлерінде жүктерді жалпы темір жолмен және бөлімшемен та-
сымалдау жоспарының жобасын құрастыруга:

  • жүктердің тоннамен және вагондармен берілген номенкла-
    турасы бойынша тәулігіне орташа есеппен, тағайындалған темір
    жолдар мен вагондар түрлері бойынша (жабық, платформалар,
    жартылай вагондар, астық тасығыштар, цементті тасымалдау
    үшін бөлінген цемент тасығыштар, рефрижаторлык және баска
    да жылжымалы құрамдар),

  • цистерналардағы құйылған жүктердің тағайындалған темір
    жолдары бойынша (жеке - Мұнай мен мұнай өнімдері, ақшыл
    мұнай өнімдері, спирт, химикаттар, патока, сұйық май, аммиак
    суы және басқа да қүймалар),

  • тас көмір, орман жүктері, дәндер, темір және марғанец руда-
    лары, қара металл, құрылыс жүктері, химиялық және минералдық
    тыңайтқыштардың тағайындалған темір жолдары бойынша;

б) ФКҚЖ-ға жоспарланып отырған айға темір жол бойынша
жүктер тасымалы жоспарының жобасын ұсыну;
в) бекітілген ФКҚЖ мен орындауға қабылданған бөлімше-
лер, бекеттер, тірек бекеттер деңгейлері бойынша темір жолмен
жүктерді тасымалдау жоспарын үлестіру.
Автоматтандырылған есептеу нәтижесінде жоспар жобасы
немесе бекітілген жоспардың шығыс форматы алынады.
ЖТЖ АЖО-да аталмыш қызметті жүзеге асыру келесі жолмен
топталған есептер алуға мүмкіндік береді:

  • жүк жіберушілердің өтінімдері негізінде;

  • жоспар жобасы және жол жоспары бойынша;

  • жоспар жобасы және бөлімшелер жоспары бойынша;

  • жоспар жобасы және бекеттер жоспары бойынша;

  • жоспар жобасы және тірек бекеттер жоспары бойынша.

ЖТЖ АЖО анықтамалар мен басқа да деректер алу мүмкіндігін
ұсынады, атап айтсақ:

  • вагондардың тиелгендігі туралы анықтама (бөлімшелер бой-
    ынша бөлу арқылы жүктер топтары бойынша вагондардын бос
    еместігі туралы мәліметтер бар);

  • жүктерді экспортқа тиеу туралы анықтама (жүктің нақты
    түрлері немесе жүктердің барлық түрлері бойынша абсолютті
    шамалардағы жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бар);

  • жылжымалы құрам түрлері мен тағайындалу жолдары бой-
    ынша тиеу туралы анықтама (екі түрі болуы ықтимал: жылжы-
    малы құрам немесе тағайындалған жолдар түрін ескере отырып,
    жүк түрі бойынша тиеу туралы);

  • бөлімшелер мен бекеттер бойынша тапсырма (жеке жедел-
    хаттар түрінде кұрастырылады);

  • жүктерді тиеу жоспарының жобасы (екі анықтама түрінде
    құрастырылады: бөлімшелер бойынша және жүктер топтары
    бойынша);

  • бекеттерді жүктер топтары бойынша тиеу туралы анықтама;

  • жылжымалы құрам түрлері бойынша тиеу (екі анықтама
    түрінде құрастырылады: тағайындалған жолдар бойынша және
    жүктер топтары бойынша);

  • жүктерді бекеттер мен клиенттер бойынша тиеу жоспа-
    ры (жүктер түрлері бойынша жүк жіберушілер өтінімдерінің
    деректері бойынша абсолютті және орташа тәуліктік шамалармен

күрастырылады);

  • тағайындалған бөлімшелер мен жолдар бойынша тиеу (жүк
    жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен қатар,
    жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша бөлімшелерге
    бөле отырып, абсолютті және орташа тәуліктік шамалармен кұ-
    растырылады);

  • вагондарды бөлімшелер бойынша тиеу туралы анықтама
    (жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен
    қатар, жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша абсолютті
    және орташа тәуліктік шамалармен кұрасгырылады);

  • вагондарды тағайындалған жолдар бойынша тиеу туралы
    анықтама (екі анықтама түрінде құрастырылады: бөлімшелер
    бойынша және жылжымалы құрам түрлері бойынша);

  • құйылмалы жүктер бойынша анықтама (жүк жіберушілер
    өтінімдерінің деректері, сонымен қатар, жоспар жобасы немесе
    жол жоспары бойынша абсолютті және орташа тәуліктік шама-
    лармен құрастырылады);

  • жылжылы құрам түрлері бойынша тиеу (жүк жіберушілер
    өтінімдерінің деректері негізінде және жол жоспарының жо-
    басы бойынша абсолютті және орташа тәуліктік шамалармен
    құрастырылады);

  • талап етілетін жылжымалы кұрам саны туралы анықтама
    (жол жоспары жобасының және орталық жоспарының деректері
    бойынша абсолютті және орташа тәуліктік шамалармен құрас-
    тырылады);

  • бөлімшелер мен тағайындалған жолдар бойынша Мұнай
    өнімдерін тиеу жоспары (жол жоспары жобасының және орталық
    жоспарының деректері бойынша абсолютті және орташа тәуліктік
    шамалармен құрастырылады).

Жедел жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру жүк жіберуші-
лер өтінімдері бойынша өтінімдер туралы келесі есептерді құ-
растыруға мүмкіндік береді:

  • жолдар бойынша (мәліметтер бар - вагондар салмағы мен
    саны - бір айға тағайындалған жолдар бойынша онкүндікке бөлу
    аркылы);

  • жүктер бойынша (мәліметтер бар - вагондар салмағы
    мен саны - бір айға жүктер түрлері бойынша онкүндікке бөлу
    арқылы);

  • орташа есеппен тәуліктегі жүктер бойынша (онкүндіктер
    бойынша бөлу арқылы бір айға жүктер түрлері бойынша орташа
    тәуліктік деректер бар);

  • вагондар бойынша (мәліметтер бар - вагондар салмағы мен
    саны - вагондар түрлері бойынша бір айға онкүндіктер бойынша
    бөлу арқылы);

  • вагондар бойынша тәулігіне орташа есеппен (вагондар түрелі
    бойынша онкүндіктерге бөлу арқылы орташа тәуліктік деректер
    бар).

Сонымен қатар, ЖТЖ АЖО келесілерді құрастьграды:

  • тағайындалған жолдар бойынша, жүктер түрлері, вагондар түрлері бойынша, қатынас түрлері бойынша, жылжымалы құрамның меншіктілігі бойынша кез-келген ай, айдың онкүндігі
    немесе айдың күні үшін барлық өтінімдер бойынша есептер;

  • тиеу жоспарын орындау туралы жедел анықтама, оның
    ішінде, бекеттер, жүк жіберушілер және жүктер топтары бойын-
    ша вагондар мен тонналармен абсолютті және орташа тәуліктік
    мәндердегі бір айға арналған жоспар; үдемелі қорытындысы бар бір ай ішінде берілген жүк жіберушілердің жоспардан тыс өтінімдері туралы;

  • үдемелі қорытындысы бар жүк жіберушілер өтінімдері (та-
    ғайындалу жолдары мен жылжымалы күрам түрлері, цистер-
    налардагы күймалы жүктердің тағайындалған жолдары, бе-
    кеттер, төлеушілер мен жүктер топтары бойынша), жергілікті
    қатынастағы жүк жіберушілердің өтінімдері туралы анықтама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет