Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы



бет25/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.1-сурет. Қазакстанның темір жолдарының сұлбасы
Қазакстан көлігін 2015 жылға дейін дамыту стратегиясы
шегінде жаңа 1 600 км салынып және қолданыстағы темір жол-
дардың 2 700 км электрлендіріледі.
Алғаш рет темір жол бүгінгі күнгі Қазакстан жерімен 1893-
1894 жылы өтті. Бұл тар соқпақты (1000 мм) Покровская Слобо-
да - Орал темір жол желісі еді, жалпы ұзындығы 369 км, олардың
113 км Қазақстанда төселді. Сонымен қоса, Трансібір теміржол
магистралінің 190 км Петропавлоск қаласы маңында Қазақстан
арқылы өтгі.
Бірақ осыған қарамастан, Қазақстандағы теміржол көлігінің
негізі қаланған жылды 1904 жыл деп есептеу қабылданған,
осы жылы ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралінің
құрылысы басталған. Теміржол желісін бойлай қалалар мен
өнеркәсіп орталыктары өсті: Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда,
Арал және т.б.
1914-1924 жылдары Арыс-Пишпек Жетісу жолы салынған
- болашақ Түрксібтің бөлігі, 1915 жылы - Челябинск-Трроицк-
Қостанай магистралі салынды. Қазақстан жеріне 1915-1917 жыл-
дары ұзындығы 122 км Алтай темір жолы (Новосибирск-Семей)
төселді. Сонымен қоса, Қазақстанның солтүстік-шығысында
1918 ж. дейін 117 километрлік ені қалыпты Воскресенская жолы
Екібастұз Воскресенская пристань (Ермак, қазіргі Ақсу) қызмет
етті, ал орталық Қазақстанда 40 километрлік тар соқпақты
Қарағанды - Спасск зауыты жолы мен 120 километрлік Байқоңыр
көмір кені - Қарсақбай жолдары кызмет етті.
1918 жылға қарай Қазақстан жеріндегі темір жолдардың жал-
пы ұзындығы 2 575 км-ге жетті.
Кеңестік кезеңдегі алғашқы теміржол құрылысы 1920-1922
жылдары салынған Петропавловск-Көкшетау учаскесі болды. Ол
кейін 1926-1931 жылдары Курорт-Бурабай және Ақмола бекет-
тері арқылы Қарағандыға дейін жалғастырылған еді, оның жал-
пы үзындығы 700 км-ден асты. 1924 жылы Құлында-Павлодар
теміржол желісі салынды. Эмбаның мұнай кәсібін дамыту үшін
1926 жылы тар соқпақты Еурьев-Доссор жолы салынды.
1927-1930 жылдары жалғасқан дэуір оқиғасы жалпы ұзын-
дығы 1444 км құрайтын Түркістан-Сібір магистралінің құры-
лысы болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырды және
республиканың экономикалық дамуына және көптеген шөл
жерлердің игерілуіне әсер етті.
1930 жылдары келесі учаскелер салынды: Қарағанды-Балкаш
(490 км) (Орталық Қазақстан), Шымкент-Ленгер (Қазақстанның
оңтүстігі), Локоть-Защита (235 км) (қазақстандық Алтай), кейін
Лениногорск пен Зыряновскіге дейін жалғастырылған.
1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байла-
ныстырған Саратовқа шығатын Орал-Илецк учаскесі салынды.
¥лы Отан соғысы жылдары стратегиялық маңызды теміржол
магистральдарының құрылысы жалғасты, мысалы: Эмба мұнай
кәсіптерін Оралмен байланыстырған және Ресейдің бірқатар
аймақтары арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев - Кан-
дагач-Орск (1936-1944) магистралі; негізінен Қарағанды көмі-
рінің Оңтүстік Оралға тиімді жеткізілуін қамтамасыз еткен
Ақмола-Қарталы (1939-1943) желісі; Көксу-Текелі-Талдықорған
және Атасу-Қаражал учаскелері. Қазақстандық болат магистраль-
дарының ұзындығы 10 мың км жетті. ¥лы Отан соғысы кезеңі
Қазақстанның темір жолдарында жылжымалы құрамды және жол
шаруашылығын жөндеу бойынша өндірістік базаның жасалуы-
мен де ерекшеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет