Uk Оригінальна інструкція з експлуатації kk


зақымдалмаған болуына, электр құралының



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата12.03.2017
өлшемі6,02 Mb.
#9102
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

зақымдалмаған болуына, электр құралының 
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған 
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын 
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі 
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. 
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш 
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы 
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай 
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен 
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр 
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану 
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және 
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы 
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тегістеу құрылғылары үшін қауіпсіздік 
нұсқаулары
Тегістеу және егеуқұм кағазымен ысқылау үшін 
жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
 Бұл электр құралын тегістеу машинасы және 
егеуқұм қағазымен ысқылағыш ретінде пайдалану 
қажет. Электр құралымен бірге алған барлық 
қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді, 
суреттер мен деректерді сақтаңыз. Төмендегі 
нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт 
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
 Бұл электр құралы қылшақпен істеу, жылтырату 
және ажырату үшін жарамсыз. Электр құралын 
арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және 
жарақаттар тудыруы м
үмкін.
 Осы электр құралына арналмаған және 
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды 
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту 
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды 
қамтамасыз етеді.
OBJ_BUCH-1048-004.book  Page 112  Monday, December 14, 2015  11:18 AM

 Қaзақша | 113
Bosch Power Tools
1 609 92A 1FD | (14.12.15)
 Тегістеу керек-жарақтардың есептелген 
жылдамдығы кемінде электр құралында 
белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы 
керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп 
тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып кетуі 
мүмкін.
 Керек-жарақтың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы 
электр құралыңыздың қуатына сай болуы керек. 
Қате өлшемде керек жарақтар дұрыс басқарылмайды.
 Тегістеу шеңберлері, тегістеу білікшесі немесе 
басқа керек-жарақтар электр құралыңыздың 
тегістеу шпинделіне немесе қысқышына сай болуы 
керек. Электр құралының патронына дұрыс 
тұрмауынан алмалы-салмалы аспапқа соғылып 
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға 
әкелуі мүмкін.
 Құралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен 
тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек-
жарақтар төлке немесе патронға толығымен 
салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе 
және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған 
дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты 
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы, 
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында 
сынықтар және жарықтар, тегістеу білікшесіне 
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және 
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр 
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп 
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған 
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде 
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын 
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде 
тұрғанында ғана пневматикалық құралды бір минут 
ішінде максималды айналымдар санында 
қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар 
тексеру кезінде анықталады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. 
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз 
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. 
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты, 
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін 
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып 
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. 
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда 
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты 
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық 
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген 
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі 
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы 
аспапты
ң сынған бөлшектері атылып жұмыс 
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына 
немесе өз қосу кабеліне тиюі мүмкін, сондықтан 
ықтимал жұмыс кезінде құрылғының оқшауланған 
тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металды 
құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі 
мүмкін.
 Іске қосуда электр құралын берік ұстаңыз. Толық 
айналымдар санына көтерілген кезде қозғалтқыштың 
реакциялық моменті электр құралының бұралып 
кетуіне алып келуі мүмкін.
 Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін 
қысқышты пайдаланыңыз. Пайдалану кезінде 
ешқашан бір кіші дайындаманы бір қолда ұстап 
электр құралды басқа қолда ұстамаңыз. Кіші 
дайындамаларды қысып қою арқылы екі қолмен электр 
құралын жақсы бақылауға болады. Ағаштық дюбель, 
темір шыбық немесе құбыр сияқты домалақ 
дайындамаларды ажыратуда олар домалап кетіп, 
алмалы-салмалы аспапты қысып сізге айналып соғуы 
мүмкін.
 Қосу кабелін айналатын алмалы-салмалы аспаптан 
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды 
жоғалтсаңыз, қосу кабелі кесіліп немесе ілініп, 
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп, жаралануыңыз мүмкін.
 Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр 
құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар 
бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспапты алмастырғаннан немесе 
аспап параметрлерін өзгерткеннен соң қысқыш 
сомынын, қысқыш патрон немесе басқа бекіту 
элементтерін бекітіңіз. Бос бекіту элементтері 
кездейсоқ жылжып, бақылаудың жоғалтуына алып 
келуі мүмкін; бекітілмеген, айналып тұрған 
кұрамдастар лақтырылып тасталады.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы 
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған 
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді 
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі 
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы 
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр 
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар 
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл 
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін 
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа 
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына 
әкелуі мүмкін.
OBJ_BUCH-1048-004.book  Page 113  Monday, December 14, 2015  11:18 AM

114 | Қaзақша 
1 609 92A 1FD | (14.12.15)
Bosch Power Tools
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының 
ережелері

Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып 
тұрған дөңгелек, құммен тазалау барабаны, қылшақ 
немесе басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу 
немесе ұстау айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне 
және электр құралының бақылаусыз айналуына, 
байланыс жайында қарсы бағытта айналуына алып 
келеді.
Мысалы, егер абразивті дөңгелек дайындама арқылы 
соғылса, соғу жеріне кіретін дөңгелектің шеті материал 
бетіне кіріп, дөңгелектің көтерілуіне немесе атылып 
кетуіне алып кетуі мүмкін. Дөңгелек пайдаланушыға 
тиюі немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек 
әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті 
дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін.
Қайтарым электр құралын қате пайдаланудан 
және/немесе қате пайдалану әдістерінің немесе 
шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың 
алды алады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері 
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы 
керек. Пайдаланушы тиісті шаралар арқылы керу соғу 
күштерін бақылауы керек.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе 
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының 
дайындамадан ыршуын және сыналануын 
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі 
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде 
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері 
соққыны тудырады.
 Тістік ара полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай 
жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр 
құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
 Алмалы-салмалы аспапты материалға әрдайым 
кесетін қыры материалдан шаққан бағытта 
апарыңыз (жоңқа лақтырылатын бағытқа сай 
болады). Электр құралын дұрыс емес бағытта 
апарсаңыз, алмалы-салмалы аспаптың кесетін қыры 
дайындамадан шығып, электр құрал осы жылжыту 
бағытында тартылады.
 Борфрезаларды пайдалануда, әрдайым өнімді 
қатты бекітіңіз. Дөңгелектер ойықта аз қисайса,  кері 
соғуы мүмкін. Егер кескіш диск ұсталса дискі әдетте 
сынады. Егер борфреза ұсталса, ол ойықтан секіріп, 
аспапты ұстай алмай қалуыңыз мүмкін.
Тегістеу әрекеттері бойынша қосымша қауіпсіздік 
нұсқаулары
Арнайы тегістеу әрекеттері үшін қауіпсіздік 
нұсқаулары
 Тек осы электр құралына арналған тегістеу 
саймандары мен тек ұсынылған жұмыстар үшін 
пайдаланыңыз. Мысал: Кесу шеңберінің жанымен 
ешқашан тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды 
жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы 
абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Конус пен тік бұрандалы тегістеу біліктері үшін тек 
дұрыс өлшем және ұзындықтық, дөңесінде ойығы 
жоқ зақымдалмаған тиектерді пайдаланыңыз. 
Сәйкес тиектер сыну қауіпін кішірейтеді.
 Кесуші дөңгелекті “қыспаңыз” немесе оны қатты 
баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. 
Дөңгелекке қатты басу жүктемені және дөңгелекті 
кесікте бұрауға немесе зақымдануға сезімтал болуын 
және қайтарым немесе дөңгелек сынуының 
ықтималдығын арттырады.
 Қолыңызбен айналатын шеңбердің алдындағы 
және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кесу 
шеңберін дайындамада қолыңыздан ары жүргізсеңіз, 
онда кері соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер 
бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін.
 Диск қысылса, соғылса немесе кез келген себептен 
кесуді тоқтатса, электр құралын өшіріп, дөңгелек 
толығымен тоқтағанша электр құралына тимеңіз. 
Дөңгелек істеп тұрғанда кесу дөңгелегін алып 
қоюға әрекет жасамаңыз, әйтпесе қайтарым пайда 
болады. Дөңгелек қысылуының немесе соғылуының 
себебін жою үшін себебін іздеп дұрыстаңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр 
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай 
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге 
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы, 
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі 
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы 
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен 
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз 
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп 
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу 
керек.
 Бар қабырғаларда “кіші кесікті” немесе басқа 
көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. 
Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, 
электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал 
бұл қайтарымға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе 
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен 
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді оқыңыз. 
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді сақтамау тоқтың 
соғуына, өрт және/немесе ауыр 
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану 
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал металды корунд ажарлау құралымен 
ажарлау және тегістеуге және ажарлау таспаларымен 
жұмыс істеуге арналған.
OBJ_BUCH-1048-004.book  Page 114  Monday, December 14, 2015  11:18 AM

 Қaзақша | 115
Bosch Power Tools
1 609 92A 1FD | (14.12.15)
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар 
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Қысқыш
Ажарлау шпинделі
Шпиндель мойны
Қосқыш/өшіргіш
Тұтқа (беті оқшауландырылған)
Айыр тәрізді кілт көлемі 14 мм*
Ені 22 мм тәрізді кілт*
L
0
 тұтқаның жарықтағы көлемі
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты 
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің 
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-23 бойынша 
есептелген.
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте 
төмендегіге тең: дыбыс күші 88 дБ(A); дыбыс қуаты 
99 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні a
h
 (үш бағыттың векторлық 
қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745-2-23 
стандартына сай анықталған: 
Бетін ажарлау (бастапқы ажарлау): a
h
=7,5 м/с
2

K=1,5 м/с
2
.
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 
ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша 
есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен 
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын 
шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі 
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа 
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен 
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс 
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және 
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру 
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты 
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша 
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр 
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, 
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз “Техникалық мәліметтер” де 
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне 
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң 
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті 
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін 
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: 
EN 60745-1, EN 60745-2-23, EN 50581.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 14.12.2015
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының 
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ажарлауыш құралдарын орнату 
(А суретін қараңыз)
– Тегістеу шпинделін 2 және барлық орнатылатын 
құралдарды тазалаңыз.
– Ажарлау шпинделін 2 айыр тәрізді кілтпен 7 (кілт ені 
22 мм) кілт аймағында қысыңыз.
– Қысқашты 1 айыр тәрізді кілтпен 6 (кілт ені 14 мм) сағат 
тіліне қарсы бұрай отырып, босатыңыз.
– Ажарлау құралының қысу тұтқасын тірелгенше 
қысқышқа 1 салыңыз.
– Қысқашты 1 айыр тәрізді кілтпен 6 (кілт ені 14 мм) сағат 
тілімен бұрай отырып, тартып қойыңыз.
Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ 
болмаған ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды 
алмастырыңыз немесе ажарлау тасымен (жабдық) 
теңестіріңіз.
Ажарлау тасымен кез келген арнайы пішіндерді ажарлау 
құралының негізгі пішіндерінен өңдеу мүмкін.
 Қысқашты тегістеу бұйымы орнатылмаған болса, 
ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқаш 
зақымдануы мүмкін.
Тігінен тегістеу машинасы
GGS 18 H
Өнім нөмірі
3 601 B09 2..
Кесімді қуатты пайдалану
Вт
1050
Өнімділік
Вт
500
Номиналды айналым саны
мин
-1
18000
макс. қысқыш диаметрі
мм
10
Шпиндель мойны диаметрі
мм
43
ажарлау құралының макс. 
диаметрі
мм
55
макс. тегістеу керек-
жарақтарының диаметрі
мм
80
EPTA-Procedure 01:2014 
құжатына сай салмағы
кг
3,0
Сақтық сыныпы
/II
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және 
елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
OBJ_BUCH-1048-004.book  Page 115  Monday, December 14, 2015  11:18 AM

116 | Қaзақша 
1 609 92A 1FD | (14.12.15)
Bosch Power Tools
 Тұтқа диаметрі сәйкес болған ажарлау штифттерін 
пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі құрылғы 
аспап патронына сәйкес болмаса (“Техникалық 
мәліметтерді” қараңыз), дұрыс ұсталмай қысқышты 
зақымдайды.
 Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10 мм қысу 
керек. Тұтқаның жарықтағы L
0
 өлшемімен алмалы-
салмалы аспап өндірушісінің деректері бойынша 
алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максималды 
айналымдар санын есептеу мүмкін. Ол электр 
құралының максималды аналымдар санынан төмен 
жатуы мүмкін емес.
Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар 
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы 
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және 
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы 
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе 
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат 
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу 
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге 
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал 
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2  сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану 
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын 
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. 
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты 
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы 
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен 
қосқыш/өшіргішті 4 алға жылжытып сосын басып 
ұстаңыз.
Басылған сөндіргішті 4 бекіту үшін сөндіргішті 4 одан әрі 
алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 4 жіберіңіз 
немесе бекітілсе, сөндіргішті 4 қысқа уақыт бойы басыңыз 
және жіберіңіз.
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта 
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш 
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау 
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, 
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау 
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау 
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек 
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, оңтайлы 
жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Қатты басу электр құралының 
қуатын төмендетіп, ажарлауыштың тез тозуына алып 
келеді.
 Ажарлау аспаптарын қағудан қорғап сақтаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының 
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен 
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша 
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті 
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын 
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ 
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы 
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы 
мүмкін.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, 
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды 
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының 
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету 
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану 
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, 
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап 
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы 
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және 
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға 
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру 
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен 
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету 
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” 
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету 
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану 
қауіпті, денсаулы
ғыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді 
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық 
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
OBJ_BUCH-1048-004.book  Page 116  Monday, December 14, 2015  11:18 AM

 Română | 117
Bosch Power Tools
1 609 92A 1FD | (14.12.15)
Қазақстан
ЖШС “Роберт Бош”
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет