Uk Оригінальна інструкція з експлуатації kk


Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата12.03.2017
өлшемі7,1 Mb.
#9103
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен 
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді 
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ  сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, 
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада) 
пайдаланбаңыз 
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ  сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы 
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің 
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан 
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін 
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген 
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды 
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік 
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді оқыңыз. 
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және 
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе 
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары 
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр 
құрал“ атауының желіден қуат алатын электр құралдарына 
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын 
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған 
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған 
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі 
мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған 
жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды 
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, 
шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
 Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар 
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. 
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
 Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы 
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. 
Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай 
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген 
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр 
тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
 Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш 
сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. 
Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу 
қаупі артады.
 Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. 
Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының 
соғу қаупін арттырады.
 Элекр құралды алып жүру, асып қою немесе 
айырын розеткадан шығару үшін кабельді 
пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір 
шеттерден немесе құралдың жылжыма 
бөлектерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған 
немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін 
арттырады.
 Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, 
тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты 
пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған 
ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін 
төмендетеді.
ЕСКЕРТУ
OBJ_BUCH-1725-001.book  Page 157  Monday, March 17, 2014  8:50 AM

158 | Қaзақша 
3 609 929 C88 | (17.3.14)
Bosch Power Tools
 Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану 
қажет болса, автоматты сақтандырғыш 
ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты 
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін 
төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
 Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл 
бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. 
Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь 
немесе дәрі әсері астында электр құралды 
пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда 
секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып 
келуі мүмкін.
 Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш 
көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе 
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан 
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ 
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию 
жарақаттану қаупін төмендетеді.
 Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр 
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда, 
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі 
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп 
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе 
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым 
оқиғалға алып келуі мүмкін.
 Электр құралын қосудан алдын реттейтін 
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. 
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт 
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде 
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз 
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ 
бақылайсыз.
 Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді 
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты 
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, 
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге 
тиюі мүмкін.
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды 
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс 
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты 
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін 
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды 
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі 
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын 
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын 
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет 
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру 
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды 
розеткадан шығарыңыз және/немесе 
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті 
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар 
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды 
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған 
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. 
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті 
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы 
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп 
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе 
зақымдалмаған болуына, электр құралының 
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған 
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын 
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі 
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. 
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш 
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы 
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай 
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен 
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр 
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану 
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және 
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы 
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тегістеу-кесу машинасына арналған 
қауіпсіздік нұсқаулары
 Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік 
бекітілген, қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары 
көлеміне реттелген болуы қажет, сол арқылы 
ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі 
пайдаланушыға ашық көрінеді. Адамдардың 
айланатын ажарлауыш шарық деңгейінен қашықта 
болуын қамтамасыз етіңіз. Қорғаныш қаптамасы 
пайдаланушыны сынықтардан немесе ажарлау 
шарығының тиюінен қорғайды.
 Электр құралыңыз үшін тек тік күшейтілген немесе 
алмас салынға кесу шеңберлерін пайдаланыңыз. 
Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар 
жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз 
етеді.
 Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген 
айналымдар саны кемінде электр құралында 
белгіленген максималды айналымдар санына 
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам 
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
OBJ_BUCH-1725-001.book  Page 158  Monday, March 17, 2014  8:50 AM

 Қaзақша | 159
Bosch Power Tools
3 609 929 C88 | (17.3.14)
 Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар 
үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу 
шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері 
материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер 
әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу 
шеңбері үшін өлшемдері сайкес қысқыш 
фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер 
тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның 
сыну қаупін азайтады.
 Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және 
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес 
болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған 
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан 
шығуы мүмкін.
 Тегістеу шеңберлері мен фланецтер электр 
құралының ажарлау шпинделіне сай болуы керек. 
Электр құралының ажарлау шпинделінде дұрыс 
тұрмауынан жұмыс құралдары соғылып, айналады, 
қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі 
мүмкін.
 Бұзылған тегістеу шеңберін пайдаланбаңыз. Әрбір 
пайдаланудан алдын тегістеу шеңберлерін 
сынықтар және жарықтарға тексеріңіз. Электр 
құралын немесе тегістеу шеңберін түсіріп алсаңыз, 
оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған тегістеу 
шеңберін пайдаланыңыз. Тегістеу шеңберін 
тексеріп салу кезінде өзіңіздің және өзге 
адамдардың айналатын тегістеу шеңберінен қашық 
жерде тұрғанында ғана құралды бір минут ішінде 
максималды айналымдар санында қосыңыз. 
Зақымдалған тегістеу шеңберлері осы тексеру кезінде 
бұзылады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. 
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз 
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. 
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты, 
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін 
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып 
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. 
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда 
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты 
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық 
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген 
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі 
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы 
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс 
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына 
немесе өз желі кабеліне тиюі ықтимал жұмыс 
кезінде құрылғының оқшауланған тұтқасынан 
ұстаңыз. Тоқ өтетін сымына тию металлды құрал 
бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Желі кабелін айналатын алмалы-салмалы аспаптан 
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды 
жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп, 
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп, жаралануыңыз мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша 
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып 
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, 
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы 
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған 
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді 
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі 
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы 
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр 
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар 
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл 
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін 
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа 
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына 
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының 
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған айналып жатқан 
тегістеу шеңберлерінің кенет реакциясының нәтижесі 
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану 
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына 
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу 
орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы 
жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада 
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу 
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде 
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері 
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы 
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері 
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу 
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың 
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. 
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын 
қолдану арқылы болдырмауға болады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері 
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы 
керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға 
немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігінше 
жақсы қарсы тұру үшін бар болса қосымша тұтқаны 
пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының 
көмегімен кері соққыларға және реакциялық 
моменттерге қарсы тұра алады.
 Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында 
болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға 
жылжуы мүмкін.
OBJ_BUCH-1725-001.book  Page 159  Monday, March 17, 2014  8:50 AM

160 | Қaзақша 
3 609 929 C88 | (17.3.14)
Bosch Power Tools
 Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы 
аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы электр құралды 
бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына 
кері бағытта жылжытады.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе 
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының 
дайындамадан ыршуын және сыналануын 
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі 
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде 
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері 
соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын 
және ені 10 мм көп болған ойықтық бұнақты 
алмасты шеңберді пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс 
құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды 
бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
 Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу 
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді 
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру 
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және 
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың 
сынуы мүмкіндігін арттырады.
 Кесу шеңбері сыналанда, жұмыс үзілісінде электр 
құралын өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша 
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді 
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз, 
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін 
анықтаңыз және жойыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр 
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай 
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге 
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы, 
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі 
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы 
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен 
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз 
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп 
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу 
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді 
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін 
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр 
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері 
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен 
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек 
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты 
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш 
көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз. 
Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде 
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты 
пайдаланыңыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып, 
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз 
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын 
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ 
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау 
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию 
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі 
мүмкін.
 Жұмыстан соң кесу дискісін сұығанша тимеңіз. Кесу 
дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік 
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі 
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді оқыңыз. 
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын 
және ескертпелерді сақтамау тоқтың 
соғуына, өрт және/немесе ауыр 
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану 
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал M шаң сыныпындағы шаңсорғышпен, қатты 
тірелген күйде бағыттауыштармен болаттық бетон, тас пен 
жол қаптамасы сияқты көбінше минералдық заттектерді су 
пайдаланбай кесуге және оюға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар 
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Қосқыш/өшіргіш
Аралау бұрышының шкаласы
Айналма дөңгелек
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа ұстағыш
Қосымша тұтқа ұстағыштың бекіту бұрандасы
Шпиндельді бекіту түймесі
Бағыттауыштың қорғауыш қаптамасы
Тереңдік шектеуішінің цангалық қысқышы
10 Аспирациялық келте құбыр
11 Сору иіні
12 Сорғыш шланг*
13 Бұрандалы шеге
14 Қорғайтын қаптаманың қысқыш тұтқышы
15 Ажарлау шпинделі
16 Тірек фланеці
17 Алмас кесу шеңбері*
OBJ_BUCH-1725-001.book  Page 160  Monday, March 17, 2014  8:50 AM

 Қaзақша | 161
Bosch Power Tools
3 609 929 C88 | (17.3.14)
18 Дистанциялық шайба
19 Қысқыш гайка
20 Қысатын сомынның екі тесікті кілті*
21 Сындыру аспабы*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты 
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің 
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Өлшемдер EN 60745 бойынша есептелген (әктас).
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте 
төмендегіге тең: дыбыс күші 97 дБ(A); дыбыс қуаты 
108 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні a
h
 (үш бағыттың векторлық 
қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745 стандартына сай 
анықталған:
a
h
=9,0 м/с
2
, K<2,0 м/с
2
.
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 
ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша 
есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен 
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын 
шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі 
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа 
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен 
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс 
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және 
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру 
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты 
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша 
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр 
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, 
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де 
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті 
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60745, 
2011/65/EU, 2004/108/EC, 2006/42/EC ережелеріндегі 
анықтамалары бойынша.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
19.02.2014
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының 
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңсорғыш
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар 
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы 
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және 
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы 
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе 
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат 
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу 
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге 
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал 
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін 
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2  сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану 
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын 
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек. 
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет