Тазалау режимдері
Авто тазалау режиміне қоса бұл роботта әрқайсысын тиісті түймені
басу арқылы белсендіруге болатын төрт жеке тазалау режимі бар.
Z үлгісі режимі
- Z үлгісі режимінде робот үлкен аумақтарды тазалау үшін бөлмеде
Z пішінді тұйықтарды жасау арқылы тазалайды.
33
ҚАЗАҚША
Кездейсоқ режим
- Бұл режимде робот бөлмені түзу және айқас қозғалыстардың
аралас үлгісімен тазалайды.
Қабырғаны қайталау режимі
- Бұл режимде робот қабырға бойындағы аумақта ерекше таза ету
үшін бөлменің қабырғаларының бойымен жүреді.
Серіппелі режим
- Бұл режимде робот лас аумақты мұқият тазалау үшін турбо
жылдамдығындағы желдеткіштермен серіппелі қозғалысты
орындайды.
Қолмен жүргізу
1
Роботты бөлмеде жүргізу үшін қашықтан басқару құралындағы
қосу/өшіру түймесінің үстіндегі және астындағы, әрі сол және оң
жақтарындағы көрсеткі түймелерді пайдаланыңыз.
Ескертпе: Робот биіктік айырмашылығына немесе баспалдақтарға
жақын кезде төмен көрсеткіні баспаңыз.
34
ҚАЗАҚША
Тазалау уақыты түймелерін пайдалану
- Роботты зарядталмалы батареясының заряды азайғанша, авто
тазалау режимінде тазалаттыру үшін ең көп тазалау уақыты
түймесін басыңыз. Тазалауды аяқтағанда, қондырма стансадан
іске қосылған болса, робот қондырма стансаға автоматты түрде
оралады. Егер робот бөлмедегі басқа жерден іске қосылған болса,
қондырма стансаға қайта жіберу үшін қондырма стансаға қою
түймесін басыңыз.
- Басқа тазалау уақыты түймелері сізге роботқа сәйкесінше
60, 45 және 30 минут бойы жұмыс істетуге мүмкіндік береді.
Тазалау уақыты аяқталғанда, қондырма стансадан іске қосылған
болса, робот қондырма стансаға автоматты түрде оралады.
Егер робот бөлмедегі басқа жерден іске қосылған болса,
қондырма стансаға қайта жіберу үшін қондырма стансаға қою
түймесін басыңыз.
Тазалау бағдарламаларын пайдалану
Сағат уақыты мен күнді орнату
Тазалау бағдарламаларын пайдаланғыңыз келсе, алдымен қондырма
станса дисплейінде сағат уақыты мен апта күнін орнату керек.
Төмендегі қадамдарға жататын суреттер үшін артындағы ашылмалы
бетерді қараңыз.
1
Орнату түймесін басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және
сағат уақытының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2
Таңдау түймесін бір рет басыңыз. Сағат индикаторы жыпылықтай
бастайды.
3
Сағатты орнату үшін қашықтан басқару құралында + және -
түймелерін басыңыз. Орнатылған сағат дисплейде көрсетіледі.
4
Орнатылған сағатты растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
Минуттар көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
5
Минуттарды орнату үшін қашықтан басқару құралында + және -
түймелерін басыңыз. Орнатылған минуттар дисплейде көрсетіледі.
6
Орнатылған минуттарды растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
Жексенбі үшін «Su» индикаторы жыпылықтай бастайды.
7
Аптаның ағымдағы күнін орнату үшін қашықтан басқару
құралындағы + және - түймелерін пайдаланыңыз.
8
Апта күнін растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
9
Сағат уақыты және апта күні параметрін растау үшін орнату түймесін
басыңыз. Орнатылған режим индикаторы да, сағат уақыты индикаторы
да жыпылықтауын тоқтатады және тұрақты түрде жанады.
35
ҚАЗАҚША
Тазалау уақыттарын бағдарламалау
Қондырма станса дисплейінде уақытты және апта күнін орнатқан
болсаңыз, робот үшін тазалау уақыттарын бағдарламалауға болады.
Төмендегі қадамдарға жататын суреттер үшін артындағы ашылмалы
беттерді қараңыз.
Қолжетімді бағдарламалау опциялары:
Бағдарлама
Дисплейдегі индикатор
Күн сайын тазалау
Күні бойы индикаторлары қосулы
Жұмыс күндерінде тазалау
Дүйсенбі-жұма индикаторлары қосулы
Қатарынан 2 күн тазалау
2 күн индикаторлары қосулы, мысалы, Fri және Sa
Аптасына 1 күн тазалау
Таңдалған күннің индикаторы қосулы
1
Орнату түймесін басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және
тазалау бағдарламасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2
Таңдау түймесін бір рет басыңыз. Сағат индикаторы жыпылықтай
бастайды.
3
Сағатты орнату үшін қашықтан басқару құралындағы + және -
түймелерін басыңыз. Орнатылған сағат дисплейде көрсетіледі.
4
Орнатылған сағатты растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
Минуттар көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
5
Минуттарды орнату үшін қашықтан басқару құралындағы + және -
түймелерін басыңыз. Орнатылған минуттар дисплейде көрсетіледі.
6
Орнатылған минуттарды растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
Жексенбі үшін «Su» индикаторы жыпылықтай бастайды.
7
Тазалау бағдарламалары арасында ауысу үшін қашықтан
басқару құралындағы + және - түймелерін басыңыз (қолжетімді
бағдарламалау опцияларын жоғарыдағы кестеден қараңыз).
8
Таңдалған бағдарламаны растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
9
Бағдарламалауды растау үшін орнату түймесін басыңыз.
Орнату режимінің индикаторы да, тазалау бағдарламасының
индикаторы жыпылықтауын тоқтатады және тұрақты жанады.
10
Тазалау бағдарламасын орнатқанда, дисплей тазалау
бағдарламасының индикаторын және таңдалған күнді немесе
күндерді көрсетеді. Роботты күту режимінде қалдырсаңыз және
оның зарядталмалы батареясы толығымен зарядталған болса, ол
бағдарламаланған күні немесе күндері бағдарламаланған уақытта
тазалауды бастайды.
Желдеткіш жылдамдығы түймелері
Желдеткіш жылдамдығын турбоға дейін арттыру немесе желдеткішті
өшіру үшін желдеткіш жылдамдығы түймелерін пайдалануға болады.
Әдепкі параметр — қалыпты желдеткіш жылдамдығы.
36
ҚАЗАҚША
1 Турбо желдеткіш жылдамдығы роботтың сору қуатын арттырады.
2 Желдеткішті осы түймемен өшіруге болады.
3 Қалыпты желдеткіш жылдамдығы үшін осы түймені басыңыз.
Қол шапалақтауға жауап
- Дисплейдегі барлық белгішелер жыпылықтап жатса, робот дұрыс
жұмыс істемей тұр. Белгішелердің жыпылықтауын тоқтату және
ненің дұрыс емес екенін көрсету үшін, бір рет қол шапалақтаңыз.
Бұл дисплейде қате кодын көрсетеді. Осы қате кодтарының
түсіндірмелерін «Қате кодтары» тарауынан қараңыз.
Құрғақ сүрткіш саптамасын пайдалану
Құрғақ сүрткіш саптамасы — сізге құрғақ сүрткіштермен қатты
едендерді тазалауға мүмкіндік беретін функция.
Құрғақ сүрткіш саптамасын пайдалануға дайындау
1
Роботты аударыңыз және еденге немесе үстелге қойыңыз.
2
Құрғақ сүрткішті үстелге қойып, құрғақ сүрткіш саптамасын
сүрткішке бекіту шығыңқы жерлерін өзіңізге қаратып қойыңыз.
3
Құрғақ сүрткіштің екі соңын құрғақ сүрткіш саптамасында бүгіп,
құрғақ сүрткішті бекіту блоктарын ойықтарға итеру арқылы
саптамаға бекітіңіз.
4
Құрғақ сүрткіш саптамасының бекіту шығыңқы жерін роботтың
бір жағындағы дөңгелек артындағы саңылауға кіргізіңіз, сөйтіп
шырт етіп орнына түскенін естігенше басыңыз. Содан кейін осы
әрекеттерді екінші жағына да қайталаңыз.
5
Роботты аударыңыз, сөйтіп дөңгелектері мен құрғақ сүрткіш
саптамасы еденге тиіп тұратындай қойыңыз.
Құрғақ сүрткіш саптамасы бар роботты пайдалану
Құрғақ сүрткіш саптамасы жалғанған болса, роботты кез келген
режимде және барлық қатты едендерде пайдалануға болады. Құрғақ
сүрткіш саптамасын кілемде немесе кілемдерде пайдаланбаңыз.
37
ҚАЗАҚША__Құрғақ_сүрткіш_саптамасын_алу'>ҚАЗАҚША
Құрғақ сүрткіш саптамасын алу
Еденді сүртуді аяқтағанда, құрғақ сүрткіш саптамасын алыңыз.
1
Роботты аударыңыз және еденге немесе үстелге қойыңыз.
2
Босату үшін құрғақ сүрткіш саптамасының бір соңын роботтың
екінші жағындағы дөңгелекке қарай итеріңіз. Содан кейін
саптаманы роботтан тартып алыңыз.
Меңзерді (FC8820) пайдалану
Меңзерді зарядтау
Меңзерде жинақтағы USB кабелімен зарядтауға болатын зарядталмалы
батарея бар.
1
micro-USB ашасын меңзердің төменгі жағындағы ұяшыққа
кіргізіңіз.
2
USB ашасын USB зарядтағышқа немесе ноутбуктегі USB портына
кіргізіңіз.
3
Меңзердегі зарядтау шамы тұрақты жанады. Зарядтау 30 минут
алады. Зарядтау шамы өшсе, зарядталмалы батарея толығымен
зарядталған.
Роботты меңзермен жүргізу
- Меңзер түймесін басып тұрсаңыз, меңзер инфрақызыл жарық
сәулесін шығарады. Осы сәуле арқылы роботты белгілі бір бағытта
сүйреуге болады. Түймені басып, робот жылжуы керек бағытта
меңзеп тұрғанда, робот сол бағытта жылжуын жалғастырады.
Меңзер түймесін жібергенде робот авто тазалау режимінде
тазалауды бастайды.
- Меңзер арқылы ерекше мұқият тазалау үшін роботты бөлмедегі
белгілі бір аумаққа жіберуге болады.
38
ҚАЗАҚША
Виртуалдық қабырға құрылғысын (FC8820) пайдалану
Батареяларды виртуалдық қабырға құрылғысына салу
Виртуалдық қабырға құрылғысы төрт AA батареясынан жұмыс істейді.
1
Артқы қақпақтың төменгі жағындағы екі босату ілмегін басыңыз
(1), сөйтіп артқы қақпақты жоғары қарай сырғытып, виртуалдық
қабырға құрылғысынан шығарыңыз (2).
2
Орамынан төрт жаңа AA батареясын алып, виртуалдық қабырға
құрылғысының батареялар бөліміне салыңыз.
Ескертпе: Батареялардың + және - полюстері оң жақ бағытқа меңзеп
тұрғанын тексеріңіз.
3
Артқы қақпақты виртуалдық қабырға құрылғысына қайтадан
сырғытып кіргізіңіз.
Роботты тоқтату үшін виртуалдық қабырға құрылғысын
орналастыру
Роботтың аулақ ұстағыңыз келетін бөлмеге немесе аумаққа кіруін
болдырмау үшін виртуалдық қабырға құрылғысын пайдалануға болады.
1
Құрылғыны робот тыс шықпауы керек жерге қойыңыз, мысалы,
робот үшін шектеулерден асатын бөлменің ашық есігінің
жанында немесе баспалдақтардың жоғарғы жағында.
2
Виртуалдық қабырға құрылғысын құрылғының жоғарғы жағындағы
қосу/өшіру жүгірткісімен қосыңыз.
3
Қалыпты тазалау бағдарламасы үшін роботты қосыңыз.
4
Робот виртуалдық қабырға құрылғысына тым жақын келсе,
виртуалдық қабырға құрылғысындағы шам жыпылықтай бастайды
және виртуалдық қабырға құрылғысы инфрақызыл шам сәулесін
шығарады. Бұл инфрақызыл жарық сәулесі роботтың бағытын
өзгертеді және виртуалдық қабырға құрылғысынан бастап қозғалады.
39
ҚАЗАҚША
Тазалау және күту
Шаң контейнерін босату және тазалау
Робот дисплейіндегі шаң контейнерінің толы болуы беглішесі жанғанда
шаң контейнерін босатып, тазалаңыз.
1
Жоғарғы қақпақты ашыңыз.
Ескертпе: Қуат қосқышы «өшірулі» күйінде екенін тексеріңіз.
2
Шаң контейнері қақпағының тұтқасын жоғары тартып,
шаң контейнерін шаң контейнері бөлімінен көтеріп алыңыз.
Ескертпе: Шаң контейнерін алғанда немесе қайта салғанда,
қозғалтқыш желдеткішінің қалақтарын зақымдап алмаңыз.
3
Шаң контейнерінің қақпағын ақырын көтеріңіз және сүзгіні
шығарыңыз.
4
Босату үшін шаң контейнерін себет үстінде шайқаңыз.
Сүзгіні және шаң контейнерінің ішін шүберекпен немесе
қылшақтары жұмсақ тіс щеткасымен тазалаңыз. Сондай-ақ,
шаң контейнерінің түбіндегі сору саңылауын тазалаңыз.
Сақ болыңыз: Шаң контейнерін және суды сумен немесе ыдыс жуу
машинасында тазаламаңыз.
5
Сүзгіні қайтадан шаң контейнеріне салыңыз. Содан кейін шаң
контейнерін қақпақпен жабыңыз.
40
ҚАЗАҚША
6
Шаң контейнерін шаң контейнері бөліміне қойыңыз және
роботтың жоғарғы қақпағын қайта жабыңыз.
Сақ болыңыз: Әрқашан шаң контейнерінің ішінде сүзгі бар екенін
тексеріңіз. Егер роботты шаң контейнерінің ішніде сүзгі болмай
пайдалансаңыз, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
Тазалау датчиктері, дөңгелектер және бүйірлік щеткалар
Жақсы тазалау өнімділігін сақтау үшін кейде құлау датчиктерін,
дөңгелектерді және бүйірлік щеткаларды тазалап тұру керек.
1
Қуат қосқышы «өшірулі» күйінде екенін тексеріңіз.
2
Роботты еден бетіне аударыңыз.
3
Құлау датчиктерінен шаңды немесе мамықты кетіру үшін
қылшақтары жұмсақ щетканы (мысалы, тіс щеткасын)
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, сору саңылауын кір немесе мамық
бітеп тұрмағанын тексеріңіз.
Ескертпе: Құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалап тұру маңызды.
Құлау датчиктері лас болса, робот биіктік айырмашылықтарын
анықтамауы мүмкін.
4
Алдыңғы дөңгелектен және бүйірлік дөңгелектерден кірді
немесе мамықты кетіру үшін қылшақтары жұмсақ щетканы
(мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
5
Бүйірлік щеткаларды тазалау үшін қылшақтарынан ұстаңыз және
біліктерден тартып алыңыз.
6
Мамықты, шашты және жіптерді біліктен және бүйірлік щеткадан
жұмсақ щеткамен (мысалы, тіс щеткасымен) немесе шүберекпен
кетіріңіз.
7
Бүйірлік щеткалрада және роботтың түбінде еденді зақымдауы
мүмкін үшкір заттар бар-жоғын тексеріңіз.
41
ҚАЗАҚША
Ауыстыру
Қосалқы бөлшектерге және қосалқы құралдарға www.shop.philips.com/
service бетінде немесе Philips дилерінен тапсырыс беруге болады.
Сондай-ақ, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласуға болады.
Сүзгіні ауыстыру
Өте лас немесе зақымдалған болса, сүзгіні ауыстырыңыз. CP0109
тапсырыс нөмірі бойынша жаңа сүзгіге тапсырыс беруге болады.
Ескі сүзгіні шаң контейнерінен алу және жаңа сүзгіні шаң контейнеріне
салу туралы нұсқауларды «Тазалау және күту» тарауындағы
«Шаң контейнерін босату және тазалау» бөлімінен қараңыз.
Бүйірлік щеткаларды ауыстыру
Тиісті тазалау нәтижелерін қамтамасыз ету үшін бүйірлік щеткаларды
біраз уақыттан кейін ауыстырыңыз.
Ескертпе: Тозу немесе зақым белгілерін байқағанда бүйірлік щеткаларды
міндетті түрде ауыстырыңыз. Сондай-ақ, бүйірлік щеткалардың екеуін
де бір уақытта ауыстыру ұсынылады. Қосалқы бүйірлік щеткаларға
CP0107 тапсырыс нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
1
Қуат қосқышы «өшірулі» күйінде екенін тексеріңіз.
2
Бүйірлік щеткаларды ауыстыру үшін ескі бүйірлік щеткаларды
қылшақтарынан ұстап, біліктерінен тартып алыңыз.
3
Жаңа бүйірлік щеткаларды біліктерге итеріңіз.
Зарядталмалы батареяны ауыстыру
Зарядталмаса немесе заряды жылдам таусылса, зарядталмалы
батареяны ауыстырыңыз. Жаңа зарядталмалы батареяға FC8820 үшін
CP0113 тапсырыс нөмірі және FC8810 үшін CP0112 тапсырыс нөмірі
бойынша тапсырыс беруге болады.
1
Алу және қоқысқа лақтыру алдында толығымен зарядсыздануы
үшін роботты батарея таусылғанша жұмыс істетіңіз.
2
Батарея қуысының қақпағын итеріп, роботтан сырғытып
шығарыңыз, сөйтіп ескі зарядталмалы батареяны алыңыз.
42
ҚАЗАҚША
3
Батарея қуысына жаңа зарядталмалы батареяны салып,
батарея қуысының қақпағын роботқа сырғытып кіргізіңіз.
Қашықтан басқару құралының батареясын ауыстыру
Қашықтан басқару құралы CR2025 тиын пішінді батареясынан жұмыс
істейді. Робот қашықтан басқару құралындағы түймелерді басуға жауап
бермесе, батареяны ауыстырыңыз.
1
Қашықтан басқару құралын аударып ұстаңыз. Батарея ұстағышындағы
босату түймесін басыңыз және сол уақытта батарея ұстағышын
қашықтан басқару құралынан сырғытып шығарыңыз.
2
Таусылған батареяны батарея ұстағышынан алып, батарея
ұстағышына жаңа батареяны салыңыз. Содан кейін батарея
ұстағышын қашықтан басқару құралына сырғытыңыз.
Жаңа құрғақ сүрткіштерге тапсырыс беру
Жаңа құрғақ сүрткіштерге CP0123 тапсырыс нөмірі бойынша тапсырыс
беруге болады.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда осы құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған.
Төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі
қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
43
ҚАЗАҚША
Мәселе
Себеп
Шешім
Қосу/өшіру
қосқышын
басқанда робот
тазалауды
бастамайды.
Зарядталмалы батарея
таусылған.
Зарядталмалы батареяны зарядтаңыз
(«Пайдалануға дайындау» тарауын қараңыз).
Шағын аша роботтағы
ұяшыққа әлі қосылған.
Робот желілік қуаттан жұмыс істемейді. Ол тек
өзінің зарядталмалы батареясынан жұмыс істейді.
Сондықтан, пайдалану алдында әрқашан адаптерді
роботтан және желіден ажыратыңыз.
Дисплейде E1
көрсетіледі.
Дөңгелектердің біреуі
немесе екеуі де тұрып
қалған.
Қосу/өшіру қосқышын «өшірулі» күйіне орнатыңыз.
Дөңгелек аспасының айналасында ұсталып қалған
мамықты, шашты, жіптерді немесе сымдарды
кетіріңіз.
Бүйірлік щеткалардың
біреуі немесе екеуі де
тұрып қалған.
Бүйірлік щеткалрады тазалаңыз («Тазалау және
күту» тарауын қараңыз).
Дисплейде E2
көрсетіледі.
Жоғарғы қақпақ жоқ
немесе дұрыс жабылмаған.
Жоғарғы қақпақ жоқ немесе дұрыс жабылмаған
болса, робот жұмыс істемейді. Роботқа жоғарғы
қақпақты дұрыс қойыңыз.
Дисплейде E3
көрсетіледі.
Буфер тұрып қалды.
Роботты тоқтату үшін қосу/өшіру қосқышын
басыңыз. Буферін босату үшін роботты көтеріңіз.
Дисплейде E4
көрсетіледі.
Робот тазалау кезінде
көтерілді.
Роботты тоқтату үшін қосу/өшіру түймесін
басыңыз. Содан кейін робот қалыпты тазалауды
жалғастыруы үшін қосу/өшіру түймесін қайтадан
басыңыз.
Дисплейде E5
көрсетіледі.
Робот күңгірт немесе
қара еденді тазалауда, бұл
құлау датчиктерін іске
қосады. Бұл роботтың
әдеттен тыс үлгімен
қозғалуына әкеледі.
Қосу/өшіру түймесін басыңыз, содан кейін
роботты еденнің ашығырақ түсті бөлігіне
жылжытыңыз. Егер ашығырақ түсті едендерде
мәселе жалғасса, www.philips.com/support бетіне
өтіңіз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Робот күн жарығын қатты
шағылыстыратын еденді
тазалауда. Бұл құлау
датчиктерін іске қосады
және роботтың әдеттен
тыс үлгімен қозғалуына
әкеледі.
Күн жарығының бөлмеге кіруін болдырмау үшін
перделерді жабыңыз.
44
ҚАЗАҚША
Мәселе
Себеп
Шешім
Дисплейде E6
көрсетіледі.
Зарядталмалы батарея
дұрыс салынбаған.
Зарядталмалы батареяны салу әдісі туралы
нұсқауларды «Бірінші рет пайдалану алдында»
тарауынан қараңыз.
Робот қондырма
стансада тұрғанда, қуат
қосқышы «өшірулі» күйіне
орнатылған.
Қуат қосқышын «қосулы» күйіне орнатыңыз.
Робот дұрыстап
тазаламайды.
Бір немесе екі бүйірлік
щеткалардың қылшықтары
майысқан.
Щетканы немесе щеткаларды біраз уақытқа жылы
суға салып қойыңыз. Егер бұл қылшақтардың дұрыс
пішінін қалпына келтірмесе, бүйірлік щеткаларды
ауыстырыңыз. Бүйірлік щеткаларды ауыстыру
әдісі туралы нұсқауларды «Ауыстыру» тарауынан
қараңыз.
Шаң ыдысындағы сүзгі лас. Шаң контейнеріндегі сүзгіні шүберекпен немесе
қылшақтары жұмсақ тіс щеткасымен тазалаңыз.
Егер щеткамен тазалау сүзгіні тазалауға
көмектеспесе, сүзгіні жаңасына ауыстырыңыз
(«Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Шаң контейнерінің
түбіндегі сору саңылауы
бітелген.
Сору саңылауын тазалаңыз («Тазалау және күту»
тарауын қараңыз).
Алдыңғы дөңгелекте
шаш немесе басқа кір
кептелген.
Алдыңғы дөңгелекті тазалаңыз («Тазалау және
күту» тарауын қараңыз).
Батареяны
зарядтау мүмкін
емес немесе
ол өте тез
таусылады.
Қайта зарядталатын
батареяның жұмыс атқару
мерзімі бітті.
Зарядталмалы батареяны ауыстырыңыз
(«Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Қашықтан
басқару құралы
батареясының
заряды тым тез
таусылады.
Дұрыс батарея түрін
салмаған шығарсыз.
Қашықтан басқару құралы үшін сізге CR2025 тиын
пішінді батареясы қажет. Егер мәселе жалғасса,
www.philips.com/support бетіне өтіңіз немесе
сіздің елдегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
45
ҚАЗАҚША
Қате кодтары
Қате коды
Ықтимал себеп
Шешім
E1
Дөңгелектер
тұрып қалған
Роботты кедергіден алыңыз, сөйтіп тазалауды жалғастыру
үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
E2
Жоғарғы қақпақ
немесе шаң
контейнері дұрыс
қойылмаған
Шаң контейнерін және жоғарғы қақпақты роботта дұрыс
қойыңыз. Қате коды дисплейден автоматты түрде кетеді.
E3
Буфер тұрып
қалған
Роботты кедергіден алыңыз. Қате коды дисплейден
автоматты түрде кетеді.
E4
Робот еденнен
көтерілді
Қате коды кетуі үшін роботты еденге қайтадан қойыңыз.
E5
Еденнің түсі тым
күңгірт
Роботты еденнің ашықтау аумағына қойыңыз. Құлау
датчиктерін тазалаңыз.
E6
Батарея дұрыс
салынбаған
«Бірінші рет пайдалану алдында» тарауындағы
«Зарядталмалы батареяны роботқа салу» бөліміндегі
нұсқауларды оқыңыз.
Зарядтау қатесі
Робот қондырма стансада тұрғанда, қуат қосқышы
«қосулы» күйінде екенін тексеріңіз.
46
Достарыңызбен бөлісу: |