Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 106
және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға кӛмектеседі, оқушылардың зияткерлігін,
ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді
педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық
деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама кӛтереді.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын
қолданып ӛткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық
мақсаттары:
-
қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы
жылдам байланыс;
-
оқытылу ақпаратының компьютерлік кӛзге елестетілуі;
-
ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын
автоматтандыру
Математика
сабағында
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдаланудың тиімділігі жағынан қарастырсақ, мұғалімдерге берер мүмкіндіктері:
•
инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады;
•
мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасады;
•
интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды
қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;
•
жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады;
•
мұғалім үздіксіз ізденісте жүреді;
•
мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп ӛткізуге машықтанады.
Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндіктері:
•
түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты
жетілдіреді, дамытады;
•
ӛз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
•
тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша
қайталауға мүмкіндік беріледі;
•
пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
•
ойлау ,есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;
•
түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
•
түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап ӛзінің білім-білік дағдыларын
тексереді, шығармашылық есептер орындайды;
•
аз уақытта кӛп білім алып, уақытты үнемдеу;
•
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
•
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
•
білім алушының ой-ӛрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – білім алушылардың ӛз бетінше білім
алу үрдісін қалыптастыру, оқушыларға білім алу процесінде кӛмектесу. Бұл мақсаттарға
оқыту программалары , дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру
программалары, видео сабақтар, анимациялық бейнелерді құру сияқты программалық
ӛнімдер қызмет етеді. Қазіргі таңда сабақтарда интернеттік желі арқылы жаңа білім
әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.
Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданысқа енгізілген арнайы техникалық
ақпараттық құралдар негізіндегі жаңа технологиялар: интерактивті тақта, интернет
ресурстарымен жұмыс, сандық білім кеңістігін құру, дербес мультимедиалық кітапхана,
қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар, конференциялар, тренингтер, іскерлік
ойындар және т.б.