Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 107
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасы
тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны ӛзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Интерактивті тақтаны мынадай жағдайларда қолдануға болады: •
теориялық материалды ӛздігінен меңгеруге,
•
сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға,
•
интерактивті тақтада кескінді түрлі - түсті айқын, ұқыпты оңай кӛрсету,
•
әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру,
•
сабақта және сабақтан тыс уақытта ӛз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық
тапсырмалар орындауға,
•
әрбір жеке тұлғаның білімін,білік іскерлігін әрбір тақырыптар, әрбір тараулар
бойынша тексеруге,бағалауға,
•
емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдалынады.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда ӛзін – ӛзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы
болып табылады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа
арналған бейне кӛрініс, анықтама сӛздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың
кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана
аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды,
дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім,
білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы,
практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың ӛздері де алынған ақпаратты
кӛшіріп алып, онымен ӛз ыңғайына қарай жұмыс істей алады .
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану кӛрнекіліктің және жұмыстың тез
орындалуы, жазбаша жұмыстың болмауының арқасында, материалды игеруге уақыт
үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру
оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-
адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске
асыруға кӛмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер
етеді. Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді
педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық
деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама кӛтереді.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын
қолданып ӛткізуде мен ӛз сабақтарымда графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді кӛрсету
үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып,
материалды түсіндіремін. Мұндай презентацияларға әсіресе, геометрия сабақтарында
стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген геометриялық
фигураны интерактивті тақта кӛмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге,
оны толық кӛлемді түрде кӛрсетуге, жазықтықта сызба салуға, салу есебінің шешуін
кӛрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде
кӛрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын
кӛрсетуге болады. Тӛменгі сыныптарда анимация кӛмегімен есепте берілген ситуацияны
кӛрнекі түрде модельдеп кӛрсетуге болады, т.с.с.
Оқушы алгебра, геометрия пәндері бойынша жаттықтырушы және оқыту
бағдарламаларымен ӛз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы)