Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
111
Әдетте мамандандырылған бағдарламалық пакеттер мұғалімнің арнайы
дайындығын қажет ететін ӛте күрделі жүйелер болып табылады. Алайда, мектептерде оқу
процесінде қолдануға арналған қарапайым жүйелер де жеткілікті. Олар есептерді шешу,
функцияларды құру, мысалдарды жаңа қырынан қарау кезінде оқушыларды ойын
сәттерімен, кӛрнекілігімен сабақ процесіне назарын аудартып, баурап алуға кӛмектеседі.
Оларға
Geometry
заманауи геометриялық калькулятор секілді ӛнімдер кіреді.
Құрал геометрия бойынша барлық дерлік мәселелер мен есептерді шешуге кӛмектесетін
негізгі формулалар мен геометриялық теңдеулерді қамтиды. Мысалы, фигуралар мен
денелердің негізгі геометриялық параметрлерін тез және ыңғайлы есептеуге мүмкіндік
береді. Қажетті ізделінді мәндерді анықтау барысында , пайдаланушыға арналған кеңестер
жүйесі мен қамтамасыз етілген, есептеулердің математикалық және геометриялық
мағынасы болуы үшін қандай деректерді енгізу керектігін кӛрсетеді.
Geometry
оқушыларға, студенттерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, инженерлерге, техниктерге және
геометрияға қызығушылық танытатын тұлғалар үшін пайдалы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: