Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет114/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
110 
Қазіргі уақытта Интернетке бағытталған білім беру орталары дәстүрлі оқыту 
саласының салауатты бәсекелесі болып табылады. Мұндай жүйелер әлеуметтену мен 
оқытудың маңызды агентіне айналып отыр. (Яндекс.Оқулық, 2020). 
Демек, цифрлық шешімдерді қолдана отырып, функционалдық сауаттылықты 
қалыптастырудың ӛзектілігі артып келеді. 
Білім беру процесінде цифрлық шешімдерді қолдану 
функционалдық 
сауаттылықты арттыруға ғана емес, сонымен қатар "иллюзиялық дағдылардың" дамуына 
жол бермейді. Зерттеулер нәтижесі кӛрсеткендей, интернетте, атап айтқанда бейне 
форматында қол жетімді ақпараттың кӛп мӛлшері адамдарда қагдай да бір сала бойынша 
жеткілікті білімі немесе тәжірибесі болмауына қарамастан, осы немесе басқа да 
әрекеттерді қалай орындау керектігін біледі деген сенімнің дамуына ықпал етіп отыр, 
(Toscani, 2020) 
Иллюзиялық дағдыларға қарсы күрес барысында мектептегі оқытудың барлық 
пәндік салаларында ойластырылған және оңтайлы цифрлық шешімдерді қолдану 
қажеттілігінің ӛзектілігі артады. 
Мұғалім оқу процесінде қолдана алатын сандық құралдар мен қызметтер әртүрлі 
мақсаттарға арналған болуы мүмкін. Мысалы, оқу-әдістемелік кӛрнекі материалдарды 
дайындау, тексеру тесттерін немесе сауалнамалар жасау, аудио, бейне және анимациялық 
роликтерді жазу, графикалық, музыкалық қосымшаларды, инфографиканы, модельдеу 
бағдарламаларын, қоршаған орта симуляторларын жасау, ғылыми жобалар немесе веб- 
квесттерде бірлескен онлайн-жұмысты ұйымдастыру және т.б. (Панюкова, 2020) 
Негізгі ғылым ретінде математика мектептегі білім берудің барлық кезеңдерінде 
оқытылады. Осы пәндік салада функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту 
аса маңызды және цифрлық шешімдерді қолдану зерттеу тақырыбының мазмұнына 
қайшы келмеуі тиіс. Оларды оқыту және ӛз бетімен оқу мүмкіндіктерін кеңейту 
мақсатында пайдалануға болады. 
Әдіснама 
Математика сабақтарында қолдануға болатын сандық құралдардың бай санаты бар. 
Математикалық пакеттер теңдеулердің шешілу барысын кӛрсетуге, графиктер мен 
диаграммаларды әзірлеуге, объектілер мен кеңістікті модельдеуге және басқаруға 
мүмкіндік береді. Мамандандырылған бағдарламалық жасақтама пакеттерін пайдалану 
қажеттілігі нақты процестер мен құбылыстарды барабар сипаттаудың маңыздылығымен 
анықталады. Осы пакеттерді дайындау кезінде математикалық есептеулер негізінде 
процесті модельдеуге мүмкіндік беретін теориялық және эксперименттік деректерді 
ескере отырып, ғылымның әртүрлі салаларындағы білім біріктіріледі. Мұндай модельдер 
оқушыға зерттеу тақырыбын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. 
Мамандандырылған математикалық пакеттер анықталған математиканың бағыты 
немесе тарауына байланысты функционалдылығында шектеулер болады. Осыған 
байланысты ӛнімдерді қолданудың саласы, мақсаты, жас ерекшеліктері әр түрлі болуы 
мүмкін. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет