Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет123/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
117 
Жай сауаттылық – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым 
арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы 
ортамен қарым - қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы 
мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің кӛрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада ӛмір сүруі үшін қажетті деп саналатын 
және оның әлеуметтік қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік 
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының 
мәдени және әлеуметтік дамуының ӛлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан 
қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде 
қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – 
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез 
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш 
сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. 
Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Қазіргі тез ӛзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ ӛмір бойы білім 
алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады. 
Физика пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда зертханалық 
жұмыстар мен эксперименттер жасау ӛте маңызды роль атқарады. Жаңа тақырыпты 
түсіндіруде демонстрациялық эксперимент кӛрсету тақырыптың ӛмірмен байланысын, 
әлемнің физикалық бейнесін кӛрсетуде маңызды болып саналады. 
Мектеп жағдайында таным үдерісінің алғашқы баспалдақтары кӛрнекті оқыту 
арқылы жүзеге асады. Мұғалім оқу үдерісінде оқушылардың таным әрекетін 
ұйымдастырады, ақпарат кӛзі рӛлін атқарады, оқушы әрекетінің кӛзге кӛрінетін 
нәтижелерін бақылап, бағалайды, оқушыларды тәрбиелей отырып оқытады. Дұрыс 
ұйымдастырылған білімдік таным барысында мұғалім оқушыларға сабақта ӛтіліп отырған 
физикалық құбылысты немесе нысанды сезім арқылы қабылдау мүмкіндігін бере білуге 
міндетті. Физика оқулығындағы иллюстрациялар ӛтіліп отырған құбылыстың 
динамикасын кӛрсете алмайды, кӛп жағдайда құбылыстар мен үдерістердің ӛздерін 
сыныпта кӛрсету немесе жасауға мүмкіндігі болмайды. 
Мысалы, кейбір құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп зертханасының кӛлемінде 
түсіндіру мүмкін емес. Оның үстіне құрал-жабдықтар да жетіспейді, ал күрделі 
эксперимент жасауға қажетті қондырғылар ӛте қымбат тұрады. 
Сондай-ақ қазіргі уақытта мектептердегі құрал-жабдықтардың тізімінен 
денсаулыққа зиянды әсер ететін, құрамында сынап бар аспаптар алынып тасталды, сол 
секілді электрондық сәуле шоғырының қасиетін кӛрсетуге арналған катодтық түтікшелер 
мен қуатты рентген түтігін және т.б. қолдануға да тыйым салынды. 
Сонымен бірге, мектеп физикасында оқушы қабылдауына қиын (немесе түсініксіз) 
құбылыстар да кӛптеп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет