Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет122/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
116 
6.
Панюкова С.В. Цифровые инструменты и сервисы в работе педагога. Учебно- 
методическое пособие. – М,: Изд-во «Про-Пресс», 2020. – 33 с. 
7.
Яндекс.Учебник (2020) Формирование функциональной грамотности с помощью 
цифровых инструментов: как это делать, 23 июн. 2020 г. Retrievedfrom:
https://teacher.yandex/ru/posts/formirovanie-funktsionalnoy-gramotnosti-s-pomoschyu- 
tsifrovykh-instrumentov-kak-eto-delat
ГРНТИ 14.25.09 
ВИРТУАЛДЫ ЛАБОРАТОРИЯНЫ ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
КЕНЕСОВА МАЛИКА ЕРБОЛАТОВНА 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
 
Белсенді оқыту үдерісінде пайдаланылуы мүмкін мультимедиялық жүйелер соңғы 
кезде жоғары сұранысқа ие. Осындай оқыту жүйесіне виртуальды зертханалар мысал бола 
алады. Олар шынайы ӛмірдегі нысандарды компьютерлік білім беру ортасына моделдеу 
арқылы физика, химия, биология сынды ғылыми-жаратылыстану пәндерінде жаңа білім 
мен дағдыны игеруге кӛмектеседі. Оқушылар виртуалды зертхананың кӛмегімен шынайы 
зертханада орындау қауіпті немесе қолжетімсіз болуы мүмкін тәжірибелерді орындай 
алады. 
Физиканы оқытуда эксперименттік әдіс ӛте маңызды рӛл атқарады. Оны 
пайдаланбай, негізгі білімді толық игеруге қол жеткізу, әсіресе физика саласында пәндік 
құзіреттіліктерді қалыптастыру мүмкін емес [1]. 
Қазіргі кезде оқушының сӛйлеу, талдау, салыстыру, логикалық ойлауын кӛтеру, 
шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі 
ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, ӛзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне 
айрықша мән берілуде. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде 
әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды ӛз жас ерекшеліктеріне, мүдделеріне сай 
оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін қолдану керектігі кӛзделген. Бұл жағдайда жаңа 
оқыту технологиясын енгізуді, оқушыларды ӛз бетінше білім алуға, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз 
ойын толық айтуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛлуді талап етеді. 
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, 
мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым 
бағыт берілуде. Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндермен қатар физика пәнінің 
атқаратын рӛлі де зор болмақ. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал 
оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі 
уақытта орта мектептегі оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны 
оқыту сапасын қалай арттыруға болады деген сұрақ туады. Менің ойымша, бұл 
тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды 
тәсілдерін таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының 
білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны 
қабылдауы, ынтасы, құштарлығына кӛңіл бӛлінуі тиіс. Физика сабағында оқушылардың 
оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, ӛзара қарым-қатынасы және ӛзінің сана-сезімі 
дамып, қарапайым ойлау операциялары және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады [2]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет