Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 234
мақсатқа
сәйкес
нәтижесіне
қол
жеткізудегі
нақты
қадамдарды
және
олардыңүйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда
нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту
процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз[3].
Дәріс оқуда жаңа ақпараттық техногогияларды қолдану дегеніміз оқу процесінде
оқу материалдарын белгілі бір техникалыққұралдардың (компьютер, интерактифті тақта)
сүйемелдеуімен ӛткізу. Студентерге ӛз бетімен және оқытушымен бірге шығармашылық
жұмыс жасауға дағдыландырады, сонымен бірге оқытудың мазмұнын, әдістері мен
ұйымдық түрлерін сапалы ӛзгертуге мүмкіндік береді[4].
Мысалға, Математика сабағында «Функция туындысы» тақырыбын оқытқанда
компьютер кӛмегімен слайд арқылы дәріс оқу барысында студенттерге дәрістің мақсаты:
Студенттерге (SMART негізінде) бір айнымалы функцияның туындысы туралы
мәліметтерді беріп және ӛз бетінше есеп шығаруға дағдыландырып, туындының басқа
(физика, биология, техника, механика, экономика және т.б.) салаларда қолданылуын
үйрету (2 апта, 2 дәріс, 4 тәжірибелік сабақ, 3 СОӚЖ).
Сабақтың міндеті: студенттерде функцияның туындысы, біржақты туындылар,
функцияны дифференциалдау туралы түсінік қалыптастыру, күрделі функциялардың
туындыларын табу жолдарын үйрету.
Әдісі: іс-әрекет арқылы оқыту.
Тәсілі: ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Пәнаралық байланыс: туындының физикада, химияда, экономикада, тағы басқа
салаларда қолданылуын кӛрсету.
Қолданылған кӛрнекі құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар,
компьютер, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Дәріс мазмҧны: •
Функция туындысының анықтамасы.
•
Туындының геометриялық және механикалық мағынасы.
•
Дифференциалдаудың негізгі ережелері.
•
Негізгі элементар функциялардың туындысы.
•
Логарифмдік туынды.
•
Айқын емес және параметрлік түрде берілген функция туындылары.
•
Туындының басқа салаларда қолданылуы.
Сапалы маман қазіргі ақпарат ағымының кӛшінде үнемі ӛзі ізденіп, кәсіби және
рухани ӛсу үстінде бола білуі қажет. Ол негізге болашақ маман жоғары оқу
орныныңқабырғасында жүргенде ие болуы керек. Сонымен, бүгінгі күнде жоғары оқу
орнының алдында тұрған басты міндет - ӛзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы,
белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Жастардың ойлау
әрекетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардыңӛз бетімен білім
алуға деген ынтасын арттыру, оны ӛз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты
қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі
мәселелер болып отыр.
Математиканың жалпы білім берудегі құндылығы, оныңғылыми-теориялық
ізденістерімен бірге практикалыққолданыстарының да ауқымының кеңдігінен-ақ белгілі.
Математика тек білімніңӛркендеу құралы емес, ол бүкіл адамзаттыңӛркендеу құралы
екенінде ешбір күмән жоқ. Себебі, математика барлық мамандық иесінің логикалық ойлау
қабілетін дамытады.